Уроки математики / Другое / "Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)" (5-сынып)

"Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)" (5-сынып)

Бекітемін:

ОІЖО Кулушева А.З_______

Қысқа мерзімді жоспар

5.1В бөлім: Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп: Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ

Күні: 9.10.17

Мұғалімнің аты-жөні: Таскали А.Ж

Сынып: 5 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.7 ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ), ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамаларын білу;

5.1.2.12 екі және одан артық сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу;

5.1.1.8 өзара жай сандардың анықтамасын білу;

5.5.1.2 мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану;

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білетін болады: Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) және ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) ұғымдарын біледі, ажырата алады;

Оқушылардың көпшілігі: ЕҮОБ-ті жай көбейткіштерге жіктеу және сандардың бөлгіштерін іріктеу арқылы табады;

Кейбір оқушылар: ЕҮОБ тақырыбына байланысты мәтінді есептерді талдайды, шығарады.

Бағалау критерийлері

  • Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) және ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) ұғымдарын біледі, ажыратады;

  • ЕКОЕ -ті жай көбейткіштерге жіктеу және сандардың бөлгіштерін іріктеу арқылы таба алады;

  • ЕКОЕ тақырыбына байланысты мәтінді есептерді талдайды, шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің, жай және құрама санның, өзара жай сандардың, сандардың ЕКОЕ мен ЕҮОБ-нің анықтамаларын тұжырымдайды;

- бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;

- бөлінгіштік белгілерін қолданып, құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу алгоритмін талдайды;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- санның бөлгіші;

- санның еселігі;

- жай сандар;

- өзара жай сандар;

- бірнеше санның ортақ бөлгіші;

- бірнеше санның ортақ еселігі;

- ең кіші ортақ еселік; (ЕКОЕ)

- ең үлкен ортақ бөлгіш; (ЕҮОБ)

- жай көбейткіштерге жіктеу;

- бөлінгіштік белгілері.

Диалог пен жазуүшінпайдалысөздер мен тіркестер:

- натурал ... санының еселіктері ... сандары болады;

- ... болғандықтан, натурал ... саны жай сан болады

- кез келген натурал санның шексіз көп еселіктері болады;

-кез келген құрама санды бір санынан басқа екі көбейткішке жіктеуге болады;

- егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

- егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді;

- кез келген натурал санның шексіз көп еселігі болады;

- егер сан ...цифрына аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

- кез келген құрама санды ... жіктеуге болады;

- өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі ... тең;

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына сай, «Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі» құндылығы. Ынтымақтаса жұмыс істеуге, бірін-бір құрметтеуге, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, арифметика

Бастапқы білім

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар. Натурал сан дәрежесінің анықтамасы. Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу. Ең үлкен ортақ бөлгіш; (ЕҮОБ).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І.Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу;

Түгел екенін тексеру;

Үй тапсырмасын тексеру.

Зейіндерін сабаққа аудару.

Жаңа сабақ

Топтық жұмыс.

«ПАЗЛ» стратегиясы бойынша топқа бөлу.

1 тапсырма: 8 және 12 сандарының ЕҮОБ мен ЕКОЕ табыңыз.

ЕҮОБ( 8; 12) = 4

12 санының еселіктері Е(12) = 12, 24, 36, 48, 60 , …осы санадрдың ішінен 8 –ге еселі болатын санды анықтаймыз. Ең кші еселіктерден бастап тексереміз.

12 саны 8-ге бөлінбейді ; 24 саны 8-ге бөлінеді, онда

ЕКОЕ(8;12) = 24

2 тапсырма. 252 және 264 сандарының ЕҮОБ мен ЕКОЕ табыңыз.

шешуі:

252 2 264 2 2-ге бөлінгіштік қасиеті .

126 2 132 2 3-ке бөлінгіштік қасиеті.

63 3 66 2

21 3 33 3

7 7 11 11

1 1

252 = 2²·3²·7 264= 2³·3·11

ЕҮОБ(252; 264) = 2²·3 = 12

ЕКОЕ(252;264) = 2³·3²·7·11= 5544

Сабақтың ортасы

20 мин

5 мин

Есеп 1. Ұзындығы 48см., ені 40 см болатын картон қағазды теңдей етіп шаршы болатындай бөліктерге бөлу қажет.

Бөлінген шаршының өлшемі ең үлкен болатындай шаршының қабырғасының ұзындығын және бөліктер санын анықтаңыз?

Шешуі:

1) S= a ∙ b – тіктөртбұрыш ауданы.

S= 48 ∙ 40 = 1960 см². – картон қағаз ауданы.

2) aшаршының қабырғасы

48 : a – картон қағазды ұзындығы бойынша бөлгендегі бөліктер саны;

40 : а – картон қағазды ені бойынша бөлгендегі бөліктер

саны;

3) ЕҮОБ (40 ; 48) = 8(см) – шаршы қабырғасы.

4) S = a² –бір шаршының ауданы.

S = 8² = 64 (см².) – бір шаршының ауданы.

5) 1960 : 64 = 30 (шаршылар саны).

Жауабы: әр қайсысының қабырғасы 8 см болатын 30 шаршы.

Есеп 2. Бөлмедегі арнайы қабырғаға шаршы тәрізді плиткалар жапсыру қажет.

Егер қабырға өлшемі 195 ͯ 156 см болса, онда өлшемі ең үлкен болатындай шаршының өлшемін және қажет болатын плиткалар санын анықтаңыз?

Шешуі:

1) S = 196 ͯ 156 = 30420 (см²) – S қабырға бетінің ауданы.

2) ЕҮОБ (195 және156) = 39 (см) – шаршы қабырғасы ұзындығы.

3) S = a² = 39² = 1521 (см²) – бір шаршының ауданы.

4) 30420 :1521 = 20 (дана).

Жауабы: 20 дана, өлшемі 39 ͯ 39 (см).

ҚБ: «Ауызша»

Есеп 3. Өлшемі 54 ͯ 48 м болатын бақшаны периметр бойынша қоршау жүргізу қажет болды. Ол үшін ара қашықтығы бірдей болатын бетон бағаналар орнату керек.

Ара қашықтығы ең үлкен болатындай етіп орналастыру үшін қанша бетон бағаналар әкелу керек?

шешуі:

1) P = 2( a + b) – периметр.

P = 2(54 + 48) = 204 м.

2) ЕҮОБ (54 және 48) = 6 (м) – бағаналар ара қашықтығы.

3) 204 : 6 = 34 (бағаналар саны).

жауабы: 34 бағана, ара қашықтық 6 м.

ҚБ: «Ауызша»

Есеп 4. Мариядүкеннен жұмыртқалар алды. Жолда келе жатып жұмыртқалар саны 2,3,5,10 және 15 санына еселі екенін есептеп шықты.

Мария қанша жұмыртқа сатып алды ?

Шешуі:

ЕКОЕ(2;3;5;10;15) = 30 (жұмыртқа)

Жауабы: Мария30 жұмыртқа сатып алды.

Есеп 5. Табаны өлшемдері 16 ͯ 20 см болатын қораптарды шаршы тәріздес жәшікке салу қажет.

Қораптарды тығыздап салу үшін шаршы тәріздес жәшіктің ең кем дегенде қабырғасы қандай болу керек?

Шешуі:

1) ЕКОЕ (16 және 20) = 80 (қорап саны).

2) S = a ∙ b – бір қорап ауданы.

S = 16 ∙ 20 = 320 (см²) – қораптың .

3) 320 ∙ 80 = 25600 ( см²) – қораптарды орнастырғандағы табан ауданы .

4) S = а² = а ∙ а

25600 = 160 ∙ 160 – жәшік өлшемі.

Жауабы: 160 см- жәшіктің қарбырғасы.

ҚБ: «Бас бармақ»

Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау.

Жеке рефлексия (4 мин)

Оқу мақсаты

Білемін

Қолдана алдым

Оқушылар рефлексия парақшаларын жеке –жеке толтырып, мұғалімге тапсырады.

Үйге тапсырма (1 мин).

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.

1.Тіркемесі бар машинамен бірнеше рет қатынап, бірінші күні 35 т, екінші күні 21 т, үшінші күні 14 т кірпіштер әкелінді.Тіркемесі бар машинаға әрбір ретте тиелген кірпіштердің массалары бірдей.Машина бір рет қатынағанда неше тонна кірпіш әкеледі? 
ЕҮОБ (35,21,14)=7
2.Әлия мен Дина бір жерден шығып, қадамдарын бірдей бастап,қатар жүрді.Әлияның қадамы 45 см, Динаның қадамы 60см.Қандай ең қысқы қашықтықта олар бүтін санды қадамдар жасайды?  
ЕҮОБ (45,60)=180
3.24 қызыл шар, 42көк шар және 30 сары шардан бірнеше тізбе дайындалды.Тізбелердегі қызыл шарлар саны бірдей, көк шарлар саны бірдей, сары шарлар бірдей. Ең көп дегенде неше тізбе дайындалды?
ЕҮОБ (24,42,30)=6
4. Шығармашылық есеп «Кім алғыр»
Берілген екі санның бөліндісі  35 және 77 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішіне тең. Осы берілген екі санның қосындысы 160 және 96 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішіне тең. Берілген сандарды табыңдар.
(28 саны және 4 саны)

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы

Саралау - Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылды. Жұптық жұмыс орындау барысында оқушылар өзі білетін тапсырманы келесі оқушымен талқылау барысында әр оқушының өз деңгейіне байланысты тапсырманы орындауы жүзеге асады және үй тапсырмасын орындауда сыныпта оқитын кейбір оқушыларға шығармашылық (қосымша тапсырма) берілу арқылы жүзеге асады. Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Деңгейлік тапсырмалар да қарастырылған. Белсенді оқу тәсілдері: «Миға шабуыл», «БББ кестесі» әдістерін пайдаландым.

Бағалау - Қалыптастырушы бағалау түрлері: «Ауызша», «Шапалақ», «Бас бармақ», «Жұдырық алақан» әдістері. Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбір оқушының қатысымы жіті қадағаланады.

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды. Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беруге баса назар аударылады. АКТ уақытылы қосылуын қадағалаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Автор
Дата добавления 28.02.2018
Раздел Математика
Подраздел Другое
Просмотров149
Номер материала 5421
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.