Уроки математики / Конспект урока / Көлденең, қиғаш, тік сызықтар.

Көлденең, қиғаш, тік сызықтар.

Бекітемін:................................. Күні:......................

.................................................... Тобы: № 14«БІРЛІК»

Дефектолог: А. Сейдахметова

Сабақтың тақырыбы: Көлденең, қиғаш, тік сызықтар.

Сабақтың мақсаты:

1.Қол мен саусақтардың қимылы мен қозғалысын қалыптастыру..

2.Тақырып бойынша сөздік қорын молайту (тақта,бор,қалам,дәптер, т.б)

3.Үлгі бойынша тақтаға бормен, дәптерге қаламмен әр түрлі бағытта (көлденең, қиғаш,

тік) сызықтар жүргізе білу.

4.Баланың ойлау, есте сақтау қабілеттілігін дамыту, ұсақ қол қимыл қозғалысын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.

Көрнекі-құралдар: суреттер, қима сызықтар, тақтаға ілетін құралдар,бор.

I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық дайындық: Күн, ауа, жер, су, аспан

Маған, саған, біздерге

Бақыт,махаббат, жақсылық тілейміз.

III. Жаңа сабақ.

Бүгін екі нүктенің арасын түзу сызықпен сызып үйренеміз. Практикалық жұмыста қолдарына қалам алып, алдарындағы қағаздың бетіне ұшын тірейді. Қаламды көтереді. Не пайда болды? (Нүкте). Енді сол нүктеге жанастырып бірнеше нүктелер салыңдар. Не пайда болды? (Kөп нүкте,сызық). Сызықтың түрлері: түзу, қисық, сынық.

Жіпті алып партаның бетіне тастайды. Қандай сызық пайда болды? (Қисық сызық). Жіпті екі ұшынан ұстап көреді. Не пайда болды? (Түзу сызық). Сызғышпен таныстырып, қағаз бетіне бір нүкте белгілеп, сол нүкте арқылы түзу сызық жүргізіледі. Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Бір нүктеден сансыз көп түзу жүргізуге болады деген тұжырым жасалады. Суреттегі түзулер, сымдар жайлы әңгімеленеді.

Қарындаш тапсырмасында берілген нүктелермен түзулер жүргізу тапсырылады. Сабақта нүкте, сызық, сызық түрлері, түзу, бір нүктеден түзу жүргізу туралы мағлұмат беріледі.

Сурет көрсету.

IY.Сергіту сәті: Тік ұста бойыңды

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз жираф мойнына.

II апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Деніміз сау болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Тапсырма: Сызықтар әр түрлі болады. Суретке қарап тақтаға бормен немесе дәптерге қаламмен әр түрлі бағытта пішіндердің арасын көлденең, қиғаш, тік сызықтар арқылы сызып үйрену.

IY.Сергіту сәті: Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп -теріп алайық

Қалтамызға салайық.

III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық  дайындық.

«Күлімде  ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

 Берекелі  бүгіндей

 Бейбіт  болсын  болашақ!»

Өткен тапсырма бойынша пішіндерді түрлі-түсті қарындаштармен сызықтарды бастырып үйренеміз.

«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы.

Екі қырықаяқ (екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі.)

Жолмен жүгірді.

Жүгірді, жүгірді.

Бір-бірімен кезікті (екі алақанды қосады.)

Құшақтасқандары соншалық (сұқ саусақтарды айқастырад.)

Құшақтасқандары соншалық (ортаңғы саусақтарды айқастырады.

алақандарды айқастырады.)

Екеуін күштеп ажыраттық. (қолдарды жібереді.)

IY.Сергіту сәті: Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп,

Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш

Иілеміз солға қарай бір, екі, үш

IY апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық  дайындық.

«Күлімде  ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

 Берекелі  бүгіндей

 Бейбіт  болсын  болашақ!»

Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап, дәл сөйтіп сызып үйрену.


V. Бекіту.

Тапсырма: суреттердің арасына көлденең, қиғаш, тік сызықтарды сызып үйрену.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.

Автор
Дата добавления 12.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров625
Номер материала 2609
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.