Уроки математики / Конспект урока / Конспект урока по математике на тему"Қосындыны санға бөлу"

Конспект урока по математике на тему"Қосындыны санға бөлу"

Сабақ жоспары

Сабақтыңтақырыбы:

Қосындыны санға бөлу

Жалпы мақсаты:

Оқушыларды қосындыны санға бөлу тәсілімен таныстыру. Кестелік көбейту мен бөлуді тиянақтау.

Күтілетін нәтиже

Кестелік көбейту және бөлу анықтамасын біледі.Қасиеттерін тапсырманы орындаған кезде қолданады. Білім сапасы 63% көрсеткішке тең болады.

Жұмыс нәтижесі:

Оқушылар өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырды. Сабақ тақырыбын өз бетімен аша алды, салыстыра біледі, талдай алады, ой қорытуды үйренді.Өз деңгейін бағалайды, өз ойын сынып алдында қорғайды.

Түйінді идеялар:

БжС технологиясыбілім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Оқыту әдісі:

Репродуктивті, ішінара ізденушілік

Мұғалімнің іс-әрекетінің тәсілі

Бағыт- бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда көмек береді, олардың танымдылық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды.

Сабақтың

көрнекілігі

Деңгейлік тапсырма парақтары, оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ)

Сабақ кезеңдері

Мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық көңіл-күйді реттеу.

ТРЕНИНГ

Жағымды эмоция орнату, мақсатқа жетелеу

Бүгінгі тамаша күнде терезеге назар салсақ, не байқайсыздар.

Иә,өмір теңіз жүзем онда демеңіз, ізгілікпен жазалмаса кемеңіз демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың. Сол жолдан адаспаудың бірі білімді болу дер едім.Олай болса әр сабақтан сапалы білім алуға тырысайық. Бүгінгі сабақта сіздер 63% көрсеткішке жетеді деп сенемін

Оқушылар ойларымен бөліседі.

Рухтан-дыру

Сапа көрсеткішіне жетуге ыңғайлы орта құру.

Сынып көшбасшысы:

«Біз жоғары білім сапасын көрсетуге дайынбыз ба?»

Алға,алға,алға!

Оқушылар сабақ дайын екендерін сезінеді.

-Дайынбыз!

Карта «Алгоритм»

Білу

Оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ)

ЕКДМ тік төртбұрышы неше шаршыдан Қосындыны санға бөлудің бірінші тәсілі.

- Барлығы неше қызыл шаршы бар? (6)

- Барлығы неше көк шаршы бар? (4)

- Барлығы неше шаршы бар? (6+4)

- Барлық шаршылар санын тең екі бөлікке бөлейік.Сонда бір бөлікте неше шаршыдан болады? Өрнектің мәнін табайық.

(6 + 4) : 2 = 10 : 2 = 5

Қосындыны санға бөлудің екінші тәсілі. Барлығы неше қызыл шаршы бар? (6) Олардың санын екіге бөлейік. Сонда әр бөлікте неше қызыл шаршыдан болады?(6 : 2) Барлығы неше көк шаршы бар?(4) Оларды екіге бөлейік. Сонда әр бөлікте неше көк шаршы болады? (4 : 2)Енді әр бөлікте барлығы неше шаршы бар?

6 : 2 + 4 : 2 = 3 + 2 = 5

Сонымен екі тәсілмен есептеп, тік төртбұрышты 2 тең бөлікке бөлдік.

Оқушылар тірек сызбалар арқылы

қайталап өтеді

Қолдану

БАЙҚАУкезеңі

Деңгейлік тапсырмалар арқылы білім сапасын тексеру

ТКШ : (8 + 6) : 2 = 7

  1. АКШ: 2 тәсілмен шығару

(28 + 24) : 4 = 52 : 4 = 13

(28 + 24) : 4 = 7 + 6 = 13

ЖКШ: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару

Мектепте әуелі 24 парта, соңынан тағы 32 парта әкелініп, төрт сыныпқа бөлініп берілді. Әр сыныпқа неше партадан берілді?

1-тәсіл: (24 + 32) : 4 = 56 : 4 = 14

2-тәсіл: 24 : 4 + 32 : 4 = 6 + 8 = 14

Жауабы: Әр сыныпқа 14 партадан берілді.

Оқушылар дәптерге күнді, тақырыпты жазады

ШАПАЛАҚ 1рет (зейінді жинақтау)

Норма 5+30’’

Жауаптарды тексеру, норманы анықтау

Түсіну

Қалам қолда қателік

Жылдамдық

Зейін

Шешу

Есептеу

анықтау

Тексеру кезіндегі қателерді түсіндіру

Оқушылар қатемен жұмыс жасайды. (Жұпта)

БЕКІТУ кезеңі

Деңгейлік тапсырмалар арқылы білім сапасын тексеру

  1. АКШ: 2 тәсілмен шығару

(36 + 18) : 6 = 54 : 6 = 9

(36 + 18) : 6 = 6 + 3 = 9

АКШ : 2 тәсілмен шығару

(16 + 14) : 2 = 30 : 2 = 15

(16 + 14) : 2 = 8 + 7 = 15

ЖКШ: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару

Мектепке алдымен 27 парта, содан соң тағы 18 парта әкелінді. Олар 3 бөлмеге бөлінді. Әр бөлмеге неше партадан бөлінді?

1 - тәсіл: (27 + 18) : 3 = 45 : 3 = 15

2 - тәсіл: 27 : 3 + 18 : 3 = 9 + 6 = 15

Жауабы: Әр бөлмеге 15 партадан бөлінді.

Оқушылар Оқушылар жеке жұмыс

ШАПАЛАҚ 2рет(зейінді жинақтау)

Норма 5+30’’

Жауаптарды тексеру, норманы анықтау

Түсіну

Қалам қолда қателік

Жылдамдық

Зейін

Шешу

Есептеу

анықтау

Тексеру кезіндегі қателерді түсіндіру

Оқушылар қатемен жұмыс жасайды. (Жұпта)

ЕСТЕ САҚТАУ кезеңі

Деңгейлік тапсырмалар арқылы білім сапасын тексеру

  1. АКШ: 2 тәсілмен шығару

(21 + 9) : 3 = 30 : 3 = 10

(21 + 9) : 3 = 7 + 3 = 10

АКШ : 2 тәсілмен шығару

(10 + 15) : 5 = 25 : 5 = 5

(10 + 15) : 5 = 2 + 3 = 5

ЖКШ: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару

Дүкенге түске дейін 24 кг, түстен кейін тағы да 16 кг картоп әкелінді. Олар 4 жәшікке бөлінді. Әр жәшікке неше килограмм картоп салынды?

1-тәсіл: (24 + 16) : 4 = 40 : 4 = 10

2- тәсіл: 24 : 4 + 16 : 4 = 6 + 4 = 10

Жауабы: Әр жәшікке 10 килограмнан картоп салынды.

Оқушылар жеке жұмыс

ШАПАЛАҚ 3рет(зейінді жинақтау)

Норма 5+30’’

Жауаптарды тексеру, норманы анықтау

Түсіну

Қалам қолда қателік

Жылдамдық

Зейін

Шешу

Есептеу

анықтау

Тексеру кезіндегі қателерді түсіндіру

Оқушылар қатемен жұмыс жасайды.

Үйге тапсыр

ма беру

Алған білімдерін бекіту

6,№7 тапсырма 46- бет

Оқушылар күнделіктеріне жазады.

Рефлек

сия

Сабаққа қорытынды жасау

Смайлик арқылы

Көңіл күйлерін көрсетеді

Автор
Дата добавления 11.02.2017
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров753
Номер материала 2603
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.