Уроки математики / Самостоятельная работа / Математика пәніне арналған логикалық тапсырмалар

Математика пәніне арналған логикалық тапсырмалар

Математика

3-сынып


1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?

2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда

70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің

жастары нешеге жетеді?

3. Сыныптағы 25 оқушының 17-сі ағылшын

тілін, кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр,

ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр.

Екі тілді де үйренушілер саны қанша?

4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды.

Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай

құстар ағашта қалуы мүмкін?

5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?

6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.

7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне – 4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?

8. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.

9. Назым, Майра және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.

10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?

Автор
Дата добавления 25.11.2016
Раздел Начальная
Подраздел Самостоятельная работа
Просмотров907
Номер материала 1318
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.