Уроки математики / Конспект урока / Поурочный план на тему "Сантиметр.Дециметр"

Поурочный план на тему "Сантиметр.Дециметр"

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сантиметр.Дециметр.

Мақсаты

Мақсаты: Сызғышты пайдаланып, кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеуді  үйрету. Ұзындықтың өлшем бірлігі – дециметрді пайдалану және оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету және басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету.Шапшаңдылыққа,байқампаздыққа, жылдамдылыққа  үйрету.

Көрнекілігі:  Слайд, сызба т.б

Әдісі: ойын сабақ,жарыс

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Әр топқа барып  бір сұрақ қоямын 1. 40 пен 20 ның қосындысы

2. 6онд. 8 бірл неше бірл?

3. 1 сағ 20мин неше минут?

4. 7 онд пен 2 ондықтың қосындысы нешеге тең?

Сонымен

1- қайықтың аты-  Метр

2-қайық –Дециметр

3- қайық- Сантиметр

4-қайықтың аты-Миллиметр

Ұранымыз: Шапшаңдылық, жылдамдылық,ұқыптылық.

 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақта үйге қандай тапсырма  берілді?

Олай болса  үй тапсырмасын былай тексеремін . Өткен сабақты  қайталау  ретінде бірнеше ауызша тапсырмалар беріледі. Алдарыңда  қызыл  дөңгелек  жатыр қай топ  біледі  жылдам  көтере қояды.

Осы топтың атауларын  байқап отырсыңдар ма? Кім не байқады? Яғни ұзындық өлшем бірліктері.Олай болса бүгінгі сабағымыздың мақсаты  ұзындық өлшем бірліктерінің  түрлерін тереңірек тану олардың дәптерге сызылу жолдарын жақсы білу.

2-жарыс

Тақтада  балалар  сызба тұр. Сандарды  өсу ретімен  қоямыз. Қай оқушы біледі  жылдам көтереді. Ұпай қойылады.

19

22

18

24

23

21

20

25

Е

М

Д

Т

Е

И

Ц

Р

 

Кему ретімен табайық білген оқушы    қызыл  дөңгелекті  жылдам көтеру.

24

23

21

25

17

20

22

19

18

А

Н

И

С

Р

М

Т

Е

Т

 

Не байқадық?. Ендеше   бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сантиметр және  дециметр арасындағы қатынас. » Сантиметр және  дециметр туралы не білеміз?  1 дм- 10 см бар. Дұрыс айтасыңдар .Бұл өлшем бірлік сендерге жаңалық емес.Біз былтыр 1 –сыныпта өткен болатынбыз.

Қазір еске түсіру ретінде жұмыс жасаймыз. Алдымызда жасыл жолақтан 3 см, сары жолақтан 12 см  .Өлшеп көру. Сарыда дециметр неше рет берілген?  1 рет  Сарының ұзындығы 1дм 2 см.

Ұзындық өлшем бірліктерді айтайықшы?  Километр, метр, сантиметр, миллиметр,толықтыру

 

Сергіту сәті

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

– Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Таратпа материалмен жұмыс. Әр оқушыға   жекелей сөзді есеп беру. Өзінікін тақтаға шығарып талдайды. Әр топтан бір оқушы шығып жазады. Түсіндіреді.

1 .  Айша  5 дм қызыл және  3дм көк таспа сатып алды. Айша барлығы неше дециметр таспа сатып алды.? Сантиметрмен ө рнектейді.

2.  18 см таспадан 8 см кесіп алынды.Неше сантиметр таспа қалды? Ұзындығын дециметрмен өрнекте.    18-8-10 см-1 дм

3. Дәулет сары  түсті шаршыдан ұзындығы 3 дм  жол төседі, ал содан кейін оның 4 дециметрін көк түспен  жалғастырды. Барлық жолдың  ұзындығы қанша?  Жауапты сантиметрмен өрнекте.

3 дм+4 дм    7дм-70см

4.  Балалар 30 см Ақ сызғыш және одан 10 см кем сары сызғыш сатып алды.  Балалар неше сантиметр  сызғыш алды?   Мәнін дм өрнекте.

 

Үйге тапсырма

4  16-бетте

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Бүгінгі ойын сабағымыз ұнады ма? Ендеше қай  қайық  мәреге тез жетті? Мәренің туын кім бірінші алады? Байқап көрейік.

Қай оқушы бірінші  құттықтау, бағалау.

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров1298
Номер материала 1168
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.