Уроки математики / Конспект урока / Сабақ жоспары: Теңдеудің түбірі

Сабақ жоспары: Теңдеудің түбірі

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5.1 А Натурал сандар және нөл саны

Күні: Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупкалиева Н.Н.

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.2.1 Арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу;

5.2.2.2 Теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы: теңдеудің анықтамасын біледі, теңдеудің шешімдерін айнымалыны түбірмен алмастыра алады.

Көпшілігі: теңдеудің түбірін таба алады, белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешеді.

Кейбіреулері: күрделі теңдеуді шеше алады, мәтінді есептерге теңдеу құра алады.

Бағалау критерийі

Теңдеудің шешімдерін айнымалыны түбірмен алмастыру әдісімен тексере алды.

Теңдеудің шешімдерін кері амалдар әдісімен шеше алды.

Мәтінді есептерге теңдеу құрып және оны шығара алды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Теңдеу, түбір, айнымалы, кері амал, қосылғыш,көбейткіш, теңдік.

  1. Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

  2. Теңдеуді шешу кезінде қандай ережелер мен қасиеттер қолданылады?

  3. Теңдеудің дұрыс шығарылғанын қалай тексеруге болады?

  4. Мәтінді есепке теңдеу құру алгоритмін айтыңыз?

Алдыңғы білім

Теңдеудің түбірін таба алады. Қосылғышты, азайғышты, азайтқышты, көбейткішті таба алады. Қарапайым мәтінді есептерге теңдеу құрып, шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

4 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен амандасу

- сыныпты түгелдеу

- сынып тазалығы

«Есімдер» тренингі

Оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызамын.

Шарты: әр оқушы өз есімінің әрпінен басталатын екі жақсы қасиетін айтуы керек

Мақсаты: оқушының өзін – өзі бағалауын білу және сыныптасының бойындағы қасиетті тану, жағымды қарым-қатынасты туғызу.

Смайликтермен сабақ алдындағы көңіл-күйлерін бағалайды

Миға шабуыл әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар. Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Топқа бөлу стикелерге жазылған жеңіл теңдеулер беріледі, жауаптарында бірдей сан шыққан оқушылар бір топқа топтасады (18, 14, 54)

х+23=41 х =18 у+20=19+15 у=14 69-z=15 z=54

12x=216 х=18 33у=462 у=14 2z=108 z =54

79+х=97 х=18 у+46=60 у=14 324: z=6 z=54 топқа бөлінеді.

Үлестірме материал

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

10 мин

«Эстафета» стратегиясы бойынша топтарға оқушылардың шапшаңдық, қызығушылығын арттыру мақсатында ортақ ауызша тапсырма беріледі. Әрбір топтан топ мүшелері кезек кезекпен тақтаға шығып орындайды. Бірін – бірі тыңдайды. Мұғалім оқушыны бағалайды.

105. 1) 12х = 60; 4) 2х – 15 = 13; 7) 49 – 3х = 34;

2) 33у = 132; 5) 7у – 25 = 45; 8) 9у – 89 = 55;

3) 51z = 357; 6) 130 – 4х = 70; 9) 74 – 8z = 2.

Оқулықпен жұмыс.Денғейлік тапсырмалар.

Жұптық жұмыс: «Көршіңмен кеңес».Оқушы бірін бірі бағалайды.

113. Теңдеудің түбірін тап:

А
1) х + 23 = 41; 2) х – 61 = 17; 3) m : 21 = 10;

116 Теңдеудi шешiңдер:

В

1) (х–16) · 9=126; 2) 144: (х–3)=36; 3) (х+76): 7=15;

Джигсо әдісі арқылы топтық жұмыс. Мақсаты бірлесіп теңдеу құруға жұмыстандыру. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Тапсырмаларын бір –біріне көрсету арқылы ой бөліседі. Шарты:Әр топқа тапсырма кеспелер түрінде үлестіріледі. Есеп шарты бойынша топпен теңдеу құрып, оны әр қайсысы жеке орындап, шешімдерін топта талқылайды.

1)28 дана=28*3=84л 2)192:24= 8*85=680тг

оқулық

Жұптық бағалау

Сабақтың соңы

5 мин

3 мин

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Ойлау дағдыларының деңгейі - қолдану

Бағалау критерийі - Білім алушы

Тапсырма

Алдар көсе төмендегі теңдеулерді шешті.

а) 24∙(х+9)=288 теңдеуінің түбірі х=5 болатынын тапты.

Айнымалыны түбірмен алмастыру әдісін пайдаланып, Алдар көсенің теңдеуді шешуінің дұрыстығын анықтаңыз.

b) (х−3):2=2 теңдеуінің түбірі х=7 болатынын тапты.

Теңдеудің шешімін кері амалдар әдісімен тексеріңіз

.

Дескриптор: Білім алушы

айнымалыны түбірмен алмастыру әдісін қолданады;

кері амалдар әдісін қолданады.

Кері байланыс «Блоб ағашы»

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша қай деңгейде тұрғанын бояп көрсетеді

«Көңіл -күйді смайликпен жеткізу»

Сабақ соңында смайликтерін көтеріп, бастапқы смайликпен салыстырады, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіндіреді.

Үйге тапсырма: №

Саралау Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар арқылы саралау. Қарқын.

Мұғалім оқушылардың жеке және топтық жұмыстарға қатысуын бағалау,қалыптастырушы бағалау жұмыстары, бірін бірі арқылы жетістіктерін бағалау.

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау, денсаулығын қалыпты ұстау үшін сергіту жаттығуларын ұйымдастыру.

Автор
Дата добавления 23.12.2017
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров491
Номер материала 5046
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.