Уроки математики / Контрольная работа / 8 сынып Квадрат теңдеулер

8 сынып Квадрат теңдеулер

8-сынып Биология

Сабақтың тақырыбы: І тоқсан б/ж. Сезім мүшелері

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: оқушылардың Ітоқсан бойы адам организмі, адам мүшелері және жүйке жүйесі тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеру және тереңдету; 2) дамытушылық: оқушылардың ойлану, іздену қабілеттерін дамыту;

3) тәрбиелік: ұқыптылыққа және өзеріктерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Әдіс-тәсіл: сұрақ- жауап, кесте толтыру

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі: (амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару)

2) бақылау жұмыстарының тапсырмалары:

І нұсқа

1.. Мына пайымдаулар дұрыс па:

иә жоқ

Рудименттер—бір кездері біздің арғы тегімізде белсенді қызмет атқарған, қазіргі кезде жартылай сақталса да, өз мәнін жойған мүшелер

Атавизмдер—тұқым қуалайтын, түсті ажырата алмайтын ауру

2. Сұрақ-жауап:

а) осы заманғы алғашқы адамдар қашан пайда болды?

ә) мүшелер жүйелеріне байланысты(тірек-қимыл,тыныс алу) жүйелері атаңдар

б) ЭПТ құрылысы және қызметі қандай?

3. Кестенің сол жақ бағанында келтірілген орталық жүйке жүйесінің әрбір бөліміне тән қызметті табыңдар.

Жұлын

Сопақша ми

Мишық

Ортаңғы ми

Аралық ми

Үлкен ми сыңарының қыртысы

а) жоғары жүйке әрекеті

ә) дене қимиылын үйлестіру, бұлшық ет тонусы

б) тыныс алу, ас қорыту, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің орталықтары

в) бағдарлау рефлекстері, бұлшық ет тонусын реттеуге қатысу

г) зат алмасу, дене температурасын реттеу, нейрогуморальдық реттеуге қатысу

ғ) қимыл-қозғалыс және вегетативті шартсыз рефлекстерді жүзеге асыру

4. Қалқанша без және аралық бездің айырмашылығы

ІІ нұсқа

  1. Мына пайымдаулар дұрыс па: иә жоқ

Кретинизмді емдеуге немесе оның алдын алуға бола ма?

Миокард—көлденең жолақты жасушалардың бір-біріне жанасып орналасуынан түзілген жүрек бұлшықеті

  1. Кестенің сол жақ бағанында келтірілген орталық жүйке жүйесінің әрбір бөліміне тән қызметті табыңдар.

Жұлын

Сопақша ми

Мишық

Ортаңғы ми

Аралық ми

Үлкен ми сыңарының қыртысы

а) жоғары жүйке әрекеті

ә) дене қимиылын үйлестіру, бұлшық ет тонусы

б) тыныс алу, ас қорыту, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің орталықтары

в) бағдарлау рефлекстері, бұлшық ет тонусын реттеуге қатысу

г) зат алмасу, дене температурасын реттеу, нейрогуморальдық реттеуге қатысу

ғ) қимыл-қозғалыс және вегетативті шартсыз рефлекстерді жүзеге асыру

  1. Сұрақ-жауап:

а) Гольджи жиынтығы қандай қызмет атқарады?

ә) эпителий ұлпасы не түзеді?

б) мүшелер жүйелеріне байланысты(асқорыту, жүрек-қан тамырлары) жүйелері

атаңдар

  1. Жұлынның құрылысы және қызметі.

Автор
Дата добавления 21.02.2017
Раздел Алгебра
Подраздел Контрольная работа
Просмотров733
Номер материала 2840
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.