Уроки математики / Рабочая программа / Урок, Планирование "Ондық бөлшектер"

Урок, Планирование "Ондық бөлшектер"

Сабақтың тақырыбы:  Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;

  2. Дамытушылық: Белсенділіктерін және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту;

  3. Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түріЖаңа білім беру сабағы.

Көрнекіліктері: сабаққа қатысты сызбалар, компьютер, кубик.

Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, ой-толғаныс,  дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, кубизм стратегиясы, іскерлік ойындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.

  • Балалар , біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: « Білім » әлемінде » Жағалау» бар, сол жағалауды құтқарып, білім алуымыз керек.

Балалар бізге бір тапсырма келді. Соны оқып, тапсырманы орындайық.

Қымбатты балалар!

Балқаш көлінің алыстағы “Ондық бөлшек” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды  апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек.

Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз!

Ендеше балалар көңіл-күйіміз қалай екен? Тамаша әлде жақсы немесе жабырқау ма?

  • Жорық қағазын көріп алайық.

Өтілген тақырыптарды есімізге түсірейік:

 Жай бөлшектерді қосу және азайту.

 

Жай бөлшектерді көбейту және бөлу

,

ІІ. «Тренинг» айлағы Қандай математикалық амалдарды білесіңдер?

Жақшаны ашу, бөлшекті қысқарту, бөлшектерді қосу және азайту, бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру, ұқсас мүшелерді біріктіру, бөлшектерді бөлу және көбейту.

Қандай түрлендіру  орындалған?

Бөлшекті көбейту, бөлшекті қысқарту, бөлшектерді қосу, бөлшектерді азайту.

ІІІ. «Біліктілік» айлағы.

 

Графикалық диктант:  ____-  иә,       — жоқ

  1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.

  2.   бөлшектері қысқарылмайтын бөлшектер.

  3. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады

  4. 15 минут сағаттың      бөлігі

  5. Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады.

Жауабы:

IV «Жаңа сабақ» айлағы

Сабақ тақырыбы жазылып, мақсаты айтылады. Ондық бөлшектер  ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза  білуге жағдай жасау;

Бөлімі онға еселік болатын сан  ондық бөлшек деп аталады.

Бөлімдері 10, 100, 1000 және т.с.с болатын бөлшектерді

жазуға болады.

Оқылуы:

 нөл бүтін оннан бес

Жай бөлшекті немесе аралас санды ондық бөлшек түрінде жазу үшін:

  • Керек жағдайда бөлшектің алымындағы цифрлар саны мен бөліміндегі нөлдер санын теңестіру;

  • Бүтін бөлігін жазу;

  • Бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен айыру үшін үтір қою керек;

  • Бөлшек бөлігінің алымын үтірден кейін жазу керек.

Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.

Мысалы: 5,128, мұндағы 1, 2, 8 цифрлары –ондық таңбалары

Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

Мысалы:

 

 

 

 

 

 

Бөлшек

 

Ондық бөлшек

Бүтін бөлік

 

Бөлшек бөлік

.

.

.

жүздік

ондық

бірлік

Ондық үлес

жүздік үлес

мыңдық үлес

Он мыңдық үлес

Жүз мыңдық үлес

Миллиондық үлес

….

3

8

,

0

0

1

3

5

 

 

V «Есте сақта» айлағы

Тарихи деректерге тоқталу.

Ондық бөлшек орта ғасырда араб математиктерінің және олармен бір уақытта Ежелгі Қытайда пайда болған. Еуропа ондық бөлшектерді Нидерланды математигі және инженері Симон Стевин (1548-1620) 1585 жылы “Оныншы” кітабын жарыққа шығарғанда қолнысқа енгізген. Бұл кітап Еуропаға кең тараған. 1585 жылы оны автор француз тіліне аударған. Ал 1608 ж кітап ағылшын тілінде жарық көрген.

VI «Сиқырлы балықтар әлемі» Есептер шығару: ауызша №697, №698, , жазбаша: №701, №706

№701

№706

 

 

Үлгерімі төмен оқушыға тапсырма:

  1. Тең ондық бөлшектердің теңдік құрастырыңдар.

0,4;     3,56;      1,2;     3,56000;      0,40;     0,4000;     1,02;    1,20.

  1. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңдар:

1,7

 

 

=

0,37

5,03

0,103

  1. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңдар:

1,7

 

 

=

2,32

1,817

0,2

  1. 4,648  санында қанша ондық таңба бар және оны көрсет.

  2. сөйлемдегі кезедесетін санды жаз.

Күн сәулесі Жерге сегіз бүтін оннан бес минутта жетеді.

Дарынды оқушы №706, №709

VII «Демалыс сәті» балалар енді кішкене демалып алайық,

Көзге арналған жаттығу жасау

VIII «Ойлау» айлағы.

Ондық бөлшек дегеніміз не?

Бөлшектің ондық жазылуында қанша цифр болуы мүмкін?

Ондық таңба деген не?

ІХ. Ұйге тапсырма №699 №706, №701 (жұптары) «Ондық бөлшек» туралы тарихи деректер.

Х  Қорытынды: «Ондық жағалауы»

Мақсатымыз қандай еді?

Сыннан өтуге не көмектесті?

Рефлексия:

сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.
Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшектерді оқу, жазу тақырыбын тиянақтау, білімдерін тексеру, есеп шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын аттыру, ізденіске үйрету, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Түрі, әдісі: фронтальды ( сұрақ - жауап), жекелей, топтық.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, көрнекіліктер, таратпа материалдар.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Ауызша
а) Ондық бөлшектерді оқы:
3, 7; 5, 43; 12, 092; 73, 5621; 21, 08; 0, 0005
б) Сандарды ондық бөлшекке айналдыр:

в) 2, 415 бөлшегінің бүтін бөлігін және ондық таңбаларын жеке ата.

4. Қайталау – оқу анасы. «Ойшылдар»
1) Ондық бөлшек дегеніміз не?
2) Жай бөлшекті немесе аралас санды ондық бөлшек түрінде қалай жазамыз?
3) Ондық бөлшектің соңындағы нөлді алып тастағаннан немесе тіркеп жазғаннан оның мәні өзгере ме?
4) Ондық бөлшектің ондық таңбаларының анықтамасын кім айтады?

5. а) Тарихи материал (ондық бөлшектерге байланысты).
ә) Математикалық ребус.

6. Есептер шығару.
I топ. Сандарды ондық бөлшек түрінде жаз:

II топ. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жаз:
0,5; 1,6; 0,37; 51,007;
III топ. Ондық бөлшектерді жаз:
1) бір бүтін оннан екі;
2) үш бүтін жүзден жетпіс бес;
3) тоғыз бүтін мыңнан он сегіз;
4) он алты бүтін он мыңнан төрт.

I топ. жай бөлшектерінен ондық бөлшекке айналатынын;
II топ. ондық бөлшекке айналмайтындарын теріп жазыңдар.
III топ. ондық бөлшекке айналатын 2 жай бөлшек, ондық бөлшекке айналмайтын 2 жай бөлшекке мысал келтіріңдер.
1) Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 және 5 сандарынан басқа жай көбейткіштер болмайтын қысқартылмайтын жай бөлшектер ондық бөлшекпен жазылады.
2) Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 және 5 сандарынан басқада жай көбейткіштер болатын қысқартылмайтын жай бөлшектер ондық бөлшекке айналмайды.
I топ бөлшектерінің бөлімін 10санына; II топ бөлшектерінің бөлімін 100санына;

III топ бөлшектерінің бөлімін 1000 санына келтіріп, ондық бөлшек түрінде жазыңдар.

7.«Ойлан тап»
Кестедегі жауаптардың астына, оларға сәйкес әріптерді қойсаң, біздің заманымызға дейінгі 6 - ғасырда өмір сүрген ұлы математиканың есімі шығады.
(Есептеп нәтижесін ондық бөлшек түрінде жаз)
I топ ---- И.
-----------О.
II топ --- А.
-----------Р.
III топ -- Г.
-----------Ф.
-----------П.

9, 011 - 0, 9909 --- 7, 405 --- 3, 0405 -- 47, 14 -- 0, 80704 -- 8, 123
П ----------- И -------- Ф --------- А --------- Г ----------- О ----------- Р

8. Пифагор туралы мәлімет.
9. Өзіңді - өзің тексер! ТЕСТ
1) Екі жүз бір бүтін мыңнан он үш:
а) 201, 130
ә) 201, 13
б) 201, 013
в) 201, 0013
2) санын ондық бөлшекке айналдыр:
а) 2, 050
ә) 2, 005
б) 2, 500
в) 2, 0005
3) санын ондық бөлшек түрінде жаз:
а) 0, 015
ә) 0, 150
б) 0, 15
в) 0, 175
4) Нәтижесін ондық бөлшек түрінде жаз:
а) 7, 530
ә) 7, 5003
б) 7, 053
в) 7, 503
10. «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл»
Бір кемпір:
«Сапырып - сапырып Сарманға бер,
Құйып - құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер», --
деген екен.
Мұны естіген ұрылар: « Қой мұнымыз бекер болар.
Бұл үй толы кісі, әрі бізден 2 есе артық екен, кетейік», --
деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі
адам нешеу, ұры нешеу?
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды қорқытса, сендер білімдеріңнің арқасында бүгінгі тапсырмаларды орындап шықтыңдар.

11. Сабақты қорыту.
12. Үйге тапсырма №687, №689.
13. Оқушыларды бағалау

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.
Сабақтың алға қойған мақсаты: кейбір бөлімі 10, 100, 1000 ... т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуы. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атаулары, ондық бөлшектерді оқу және жазудағы маңыздылығын меңгерту.
Техникалық құрал- жабдықтар: бейнепроектор, компьютер.
Барысы:
 
Жоспары:
1. Іріктеу.
2. Жаттығу.
3. Сөре.
4. Өрлеу.
5. Нысана.
6. Мәре
7. Марапаттау рәсімі.
«Іріктеу». Қайталау сұрақтары:
1. Қандай сан жай бөлшек деп аталады? Мысал келтір.
2. Аралас сан дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Жай бөлшектің қасиеттері?
4. Толықтыру дегеніміз не?
Мына сандарды оқы, бүтін және бөлшек бөліктерін ажырат:
 
«Жаттығу»
Ондық бөлшектерді жазу
Жай бөлшектерді бөлімсіз жазу
2,3 0,51 5,03 0,219 Бұл сандар ондық бөлшектер.
Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады.
Ондық бөлшектердің жазылуында үтірдің сол жағында- ондық бөлшектің бүтін бөлігі жазылады, ал оң жағында ондық бөлшектің бөлшек бөлігі жазылады.
Мысалы: 1) 2,3 санында 2- бүтін бөлігі, 3- бөлшек бөлігі
2) 5,03 санында 5- бүтін бөлігі, 03- бөлшек бөлігі
3) 0,51 санында 0- бүтін бөлігі, 51- бөлшек бөлігі
 
4) 0,219 санында 0- бүтін бөлігі, 219- бөлшек бөлігі
Бөлімдері 10; 100; 1000 т.с.с болатын жай бөлшектің бөлімінде қанша нөл бар болса, ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін сонша таңба болуы тиіс.
Қажет жағдайда бөлшек бөлігіне үтірден соң керегінше нөл тіркейміз
Мысалы:
 
5,7 3,19 0,007
 
Тең ондық бөлшектерді жазу
Ондық бөлшектердің жазылуында бөлшек бөлігінің соңына нөлді немесе бірнеше нөлді тіркеп жазсақ, немесе соңғы нөлдерді алып тастасақ ондық бөлшек өзгермейді.
Мысалы: 1) 5,7= 5,70= 5,70000 2) 0,09 =0,090= 0,09000
3) 1,090000 =1,0900= 1,09
Ондық бөлшектердің разрядтары
 
Ондық бөлшектер де натурал сандар секілді разрядтарға бөлінеді. Ондық бөлшектердің бірліктен кіші разрядтары болады. Ол мына кестеде көрсетілген:
Ондық бөлшектер разрядтары
Ондық бөлшектерді оқығанда алдымен бүтін бөлігі оқылады, содан кейін бөлімі ретінде ең кіші разряды шығыс септігінде оқылады.
«Сөре» Бекіту сұрақтары:
1. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
2. Бөлімі 10; 100; 1000; ... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
3. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
4. Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?
5. Үш бүтін мыңнан он жеті саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.
6. Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 10,23 санына тең бөлшекке мысал келтір.
«Өрлеу»
Математикалық диктант
1. Ондық бөлшектерді жазыңдар:
 
а) жиырма бес бүтін оннан үш;
 
Жауабы: _____________________
 
ә) үш бүтін жүзден он алты;
 
Жауабы: _____________________
б) нөл бүтін мыңнан он үш;
 
Жауабы: ______________________
в) нөл бүтін мыңнан бес
 
Жауабы: _______________________

2. Ондық бөлшекті жазыңдар:
а) жеті бүтін мыңнан он тоғыз;
 
Жауабы: _____________ , _________
ә) бес бүтін жүзден жиырма жеті.
 
Жауабы: _____________ , _________
Оларды аралас сан түрінде жаз.

3. Сандарды оқыңдар: 
а) 0,4; __________________________________________________ 
ә) 2,04; __________________________________________________ 
б) 0,41; _________________________________________________
в) 2,004 ___________________________________________________ 

«Нысана.» Тест тапсырмасы.
1. Ондық бөлшекті анықта 
а) 12,05 в) с) 
2. 420,12 санының бүтін бөлігін тап 
а) 12 в) 42 с) 420
3. 23,53 санының бөлшек бөлігін тап 
а) 23 в) 53 с)100

4. ондық бөлшек түрінде жаз 

а) 0,421 в) 4,121 с) 4,21 
5. 10,17 бөлшегіне тең бөлшекті анықта 
а) 10,017 в) 10,170 с) 1,17
«Мәре»
Оқулықпен жұмыс. Есеп №
VІІ.. Сабақты қорытындылау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттап, бағалар қою.
Үйге тапсырма. Есеп № 939, 940

2,3

0,51

9,03

0,636

5,03

0,09

5,03

0,219

Автор
Дата добавления 14.04.2017
Раздел Математика
Подраздел Рабочая программа
Просмотров76
Номер материала 3675
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.