Уроки математики / Конспект урока / Урок по математике "Ондық бөлшектер тақырыбына есептер шығару" (5 класс)

Урок по математике "Ондық бөлшектер тақырыбына есептер шығару" (5 класс)

Математика 5 сынып.

Күні: 16.03.16ж.

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектер тақырыбына есептер шығару

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың типі:

Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі:

Деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап, ойын элементтері, топпен жұмыс істеу

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру, бекіту;ережелерді айта білуге және оларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты:   есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;  іскерліктерін, өз бетімен еңбектенуге білімдерін дамыту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:  шапшандыққа, ұйымшылдыққа, өзін және өзгені тыңдай білуге, өзіне-өзі сенімді, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Негізгі идеялар:

Сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Өзара әрекеттесе отырып, топтық жұмыс істеуге дағдыландыру.

Бірін-бірі бағалай білу дағдысын қалыптастыру.

Оқушыларды еркін сөйлеуге, ойын дұрыс жеткізуге баулу.

Сілтеме:

Оқулық  «Математика» 5-сынып

Көрнекі құралдар:

Компьютер, интерактивті такта, маркерлер, стикерлер, бағалау парағы, А-4 қағазы,  карточкалар, оқулық «Математика» 5-сынып, Топ ережесі.

Үйге тапсырма:

№832 (3,4), №835 (3,4)

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің   іс-әрекеті

Оқушының   іс-әрекеті

Ұйымдастыру

(әлеуметтік ортада жұмыс істеу ынталылығы, ынтымақтастық.)

1.Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушылардың бір-бірімен сәлемдесу

3. Алдын ала бөлінген топтар бойынша отырғызу (І, ІІ, ІІІ)

4. Т оп басшысын таңдау, топ ережесін қайталау

1. Сәлемдеседі

2.  Топ басшысы топ мүшелерінің жұмысын бақылап, сабақтың соңында бағалау парағын толтырады.

Үй тапсырмасын тексеру

831 (3,4)

Топ басшысы үй тапсырмасын тексереді, бағалау парағына бағасын қояды.

Өткен тақырыпты  қайталау (Білу, түсіну)

  1. Амалдар тізбегін қалпына келтір (флипчарт):

4,02+6,58=10.60

10.6/2=5.3

5.3*10=53

53*0.1=5.3

5.3-0.3=5

5/0.2=25

25-20=5

0.1*5=0.5

0.5*2=1

2. Ережелерді еске түсіру. Постер жасау

І-топ: Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Мысалдар

ІІ-топ: Ондық бөлшектерді көбейту. Мысалдар

ІІІ-топ: Ондық бөлшектерді бөлу. Мысалдар

3. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

1. Тақтаға шығып амалдардың жауаптарын жазады.

Ондық бөлшектердің ережелерін айтады. Мысалдарын келтіреді.

Сабақтың тақырыбы дәптерге жазып алады.

Қолдану, талдау

Сергіту сәті «Ауадағы сандар»

4. Қатесін тап. Есептер шығару:

1)      Тақтаға 3 есеп беріледі. Қатесін түзеу керек:

2,06+1,3=    3,09   =3.36

61-7,64=   54,64    =53.36                          21,7+0,613=21,1313 =22.313

5.      Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қойыңдар:

1-      топ: 43+17= 6 (4.3+1.7=6) 63 – 27 = 603 (63-2.7=60.3)                       

2-топ: 37+586=956  (3.7+5.86=9.56) 57 – 4=17 (5.7-4=1.7)

                                                   

3-топ: 995-195= 8 (9.95-1.95=8) 52+18=7 (5.2+1.8=7)

6. Мәселе есептерді шығару

 1-      топ: Өскемен жылу электр станциясы үш күнде 16,2 мың тонна көмір жақса, 7 күнде қанша көмір жағады?

2-      топ: Ара қашықтығы 102,2 км Аюлы демалыс базасы мен Өскемен өзен вокзалына дейін катер 4 сағ жүзеді. Катердің жүзу жылдамдығын табыңдар?

3-       топ: Өскемен қаласы бойынша 2002 жылы 16,2 км жол жөндеуден өтті, ал 2003 жылы 17,4 км жол жөндеуден өтілуі тиіс еді, бірақ ол жоспардан тыс 4 есе артық орындады. Екі жыл ішінде қанша км жол жөндеуден өтті?

7. Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгей:

а) Есепте: 0,35*7  

      ә) 114,8 – 71,35

            

2 деңгей: а) Теңдеуді шеш:

а) 9.85-x=4.95

x=9.85-4.95

x =4.9

                     

3 деңгей:

4,3+(у-1,5)=7.2                     

Есептерді шығарады

Жаттығуларды орындайды

Жинақтау     

Тест

1.Ондық бөлшектерді көбейт 0,7•0,3;

А)2,1 В) 0,21 С)2,01

2. Есепте 5,6•1,2;

А)6,72 В)67,2 С)672

3. Ондық бөлшектерді қос:4,53+0,201

А) 6,735 В)4,731 С)5,93

4.Азайтуды орында 15,032-0,301;

А)15 В)15,2 С) 14,731

5.Есептеңдер 4,2 : 2,1;

А)2,6 В)1,4 С)2

Тест орындайды.

Рефлексия. Кері байланыс парағын толтырту. Не ілдім? Не білгім келеді?

Жапырақ таратып беремін

Рефлексия жасайды да білім ағашына жапсырады.

Бағалау 

 

 

Бағалау парағын толтырып, кім қалай жұмыс істегені туралы мәлімет береді.

Автор
Дата добавления 17.11.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров1416
Номер материала 1192
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.