Уроки математики / Конспект урока / «Біз не үйрендік». Қорытынды сабақ ересек топ(балабақша)

«Біз не үйрендік». Қорытынды сабақ ересек топ(балабақша)

Білім беру саласы:«Таным»

Бөлімі:«ҚМҰҚ»

Тақырыбы: «Біз не үйрендік». Қорытынды.

Мақсаты: Тәжірибелік жұмыс дағдыларын байқау.

Міндеттері:

БМ: Білімдерді жалпылау және жүйеге келтіру (5 шамасында сандар мен цифрлар, заттар тобын салыстыру, теңдік және теңсіздікті орнату, есептік және реттік сан, тәулік уақыты – кеше, бүгін, ертен туралы түсініктері, шартты өлшеуіш көмегімен өлшеу)

ДМ: Есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін, логикалық ойлауын дамыту, реттікпен санау дағдыларын жетілдіру.

ТМ: Сабаққа деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар:тазша бала қуыршағы,сандар,көжектердің суреттері,көк,қызыл,ақ әр түрлі ұзындықты кесінділер.

Сөздік жұмыс:кеше,бүгін ертең.

Көптілділік компонент:кеше-вчера - yesterday,бүгін-сегодня - тoday, ертең-завтра -

tomorrow

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Кіріспе әңгіме:-Балалар,бізге біздің досымыз Тазша бала келді.

Қуыршаққа назар аударады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Т.:-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Сендерді көрмегелі көп уақыт өт-ті.Барлықтарың өсіп қалыпсың-дар.

Иә,Тазша біздің балалар өсіп қал-ды,олар балабақшада көптеген нәрселерге үйренді:санауға,зат-тарды салыстыруға,сандарды анықтауға,геометриялық пішін-дерді атауға, т.б.

-Өте жақсы.Мен сендерге бірнеше тапсырма дайындап әкелдім.

Көрейік,сендер оларды қалай орындайтыңдарыңды.

1 тапсырма:

Тақтадағы көжектің суреттеріне назар аудартады.

-Балалар,мұнда неше көжекті көріп тұрсыңдар?

-Қане,оларды бірге санайық(тура және кері санау).

-Мына сандардың арасынан бес цифрын көрсетіп беріңдерші(ба-ланы шақырып цифрды көрсетуге ұсынады).

2 тапсырма:

Әр көжектің астына тиіндерді орналастырады.

-Балалар,көжектер мен сәбіздердің саны бірдей ме?Не көп,не аз?

-Неше көжек,неше тиін?

-Олардың саны бірдей болу үшін не істеу керек?

Тағы бір сәбізді қосады.

-Енді неше көжек, неше тиін ?

-Енді сандары бірдей ме?

-Бірдей немесе тең айтамыз.

Сергіту сәті: «Ұзын мұртты құмырсқа»

№3 тапсырма: «Шартты өлшеуіш көмегімен ұзындықты өлшеу»

-Балалар , кәне мына кесінділерді салыстырайық.

Қай кесінді ұзын:көк әлде қызыл ма?

-Оларды қалай салыстыруға болады?

-Бірінің астына бірін немесе бірінің үстіне бірін орналастырып салыстыру керек.

-Жақсы. Енді қызыл түсті кесіндімен ақ кесіндіні өлшейік. Ол үшін ақ түсті кесіндінің үстіне неше қызыл түсті кесінді сыйды ?

-Енді ақ түсті кесіндіні көк түсті кесіндімен өлшейік.

-Ақ кесіндіге неше көк кесінді сыйды?

-Қандай ұзындықты өлшеуішпен біз нәтижеге тез жетеміз?

-Иә, қызыл түсті кесінділер ұзын болғандықтан, шартты өлшеуіштер аз керек. Ұзындығы қысқа болса , шартты өлшеуіштерді көбірек қою керек.

№4 тапсырма: «Кеше, бүгін, ертең» сөздердің анықтамасын түсіндіруге ұсынады.

Қонақпен амандасады.

Тапсырмаларды орын-дауға ықыластарын біл-діреді.

Көжектерді тура және кері санайды.

Балалардың жауаптары:

-Жоқ.Көжек көп,сәбіз аз.

-Бес көжек,төрт сәбіз.

-Тағы бір сәбізді қосу ке-рек.

-Бес көжек, бес сәбіз.

- Иә, бірдей.

Тұрып бойларын жазады.

Кесінділердің ұзындықтарын салыстырады.

-Қызыл түсті кесінді ұзын.

-Бірінің жанына бірін қойып.

Қызыл кесінділердіақ кесіндінің үстіне орналастырып қояды.

-4 қызыл кесінді сыйды.

Көк кесінділерді ақ кесіндінің үстіне қойып орналастырады.

-5 көк кесінді сыйды.

-Ұзын кесіндімен нәтижеге тез жетеміз.

«Кеше, бүгін, ертең» сөздерінің анықтамала-рын айтады. Мысалы: кеше – ол өтіп кеткен күн

Рефлексиялық -

түзетушілік

Т: -Жарайсыңдар, балалар! Барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Барлықтарың білімді, тапқыр, белсенді балалар екенсіңдер.

-Маған қайтатын уақыт келді. Сау болыңдар!

Тазша баланың сөзіне құлақ асады.

Қонақпен қоштасады.

Күтілген нәтиже:

Біледі: 5- ке дейін тура және кері санайды, цифрларды таниды, көрсетеді.

Игереді: есептеу дағдылары; 5ке дейін санау іскерліктері, заттардың тобын салыстыру, теңдік пен теңсіздікті орнату дағдылары.

Меңгереді: шартты өлшеуіш көмегімен өлшеуді, «кеше, бүгін, ертең» сөздерін қолдануды.

Автор
Дата добавления 20.04.2020
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров6324
Номер материала 6606
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.