Похожие материалы
Уроки математики / Конспект урока / Конспект урока по математике на тему"Қайталау"

Конспект урока по математике на тему"Қайталау"

Сабақ жоспары

Математика 3 сынып

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: «Көбейту және бөлу» тақырыбы бойынша білім, білік, және дағдыны жетілдіру;

Міндеті:

Білімділік: Геометриялық фигуралардың ауданы мен периметрін табуда көбейту мен қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану білімдерін бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық ойы мен математикалық тілін дамыту.

Тәрбиелік: білімділікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, ауызша және жұппен жұмыс.

Көрнекілігі: кестелер, сызбалар, үлестірмелер.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс

Ү. Өткен материалды бекіту.

ҮІ. Сабақты қорыту

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ. Бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 6, №7. оқу, талдау, тексеру.

ІІІ. Білімін тиянақтау: ауызша жұмыс. Өрнек құр және оны есепте.

  • 40 саны 5-тен неше есе артық?

  • 25-тің 5-тен нешеуі кем?

  • 6-ның 18-ден нешеуі кем?

  • 4 саны 16-дан неше есе кем?

  • 42 мен 6 сандарының бөліндісінен 7-ні азайт

  • 6-ны 12 мен 7 сандарының айырмасына көбейт

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

1. А) Қосындының және айырманың мәндерін табу.

243 1) Жазамын ... 769 1) Жазамын...

+ 526 2) Бірліктерді қосамын... - 526 2) Бірліктерді азайтамын ...

769 3) ондықтарды қосамын ... 243 3) ондықтарды азайтамын ...

4) жүздіктерді қосамын ... 4) жүздіктерді азайтамын...

5) жауапты оқимын... 5) жауапты оқимын...

Ә) тапсырмасы жұппен жұмыс түрінде ұйымдастырылады, оқушылар кезек- кезек мысалдарды шығарады да, алгоритмін саналы түрде игеруін қамтамасыз ету.

152 262 128 783 694 373 579 421 785

+ 435 + 624 + 721 - 251 - 373 - 261 - 327 + 338 - 462

587 886 849 532 321 112 252 759 323

2. Теңдеуді шешу түсіндіріле отырып, тақтада орындалады. Оқушылар дәптерлеріне мынадай жазу жазады.

х + 213 = 894

х = 894 – 213 894

х = 681 - 213

681 + 213 = 894 681

894 = 894

3. Оқушылар есепті ұжымды түрде талдайды, қысқащша жазады, шешуін табады. Жауабын бөліп көрсетеді.

А)Болғаны – 963 парақ

Жұмсалды – 3 қолжазба 80 парақтан және 5 қолжазба 60 парақтан

Қалғаны - ? парақ

Шешуі: 1) 80 ∙ 3 = 240 (парақ) – 3 қолжазбаға жұмсалған

2) 60 ∙ 5 = 300 (парақ) – 5 қолжазбаға жұмсалған

3) 240 + 300 = 540 (парақ) - барлық жұмсалғаны

4) 963 – 540 = 423 (парақ) – қалғаны

Немесе; 963 – (80 ∙ 3 + 60 ∙ 3) = 423 (парақ)

Жауабы: Оның өзінде 423 парақ қалды.

Ә) Болды – 672 теледидар

Бірінші күні – 40 теледидар

Екінші күні - ?, 3 есе артық теледидар

Қалды - ? теледидар

Шешуі. 1) 40 ∙ 3 = 120 (теледидар) – екінші күні сатылған теледидар

2) 40 + 120 = 160 (теледидар) – екі күнде сатылған теледидар

3) 672 – 160 = 512 (теледидар) - қалғаны

Немесе; 672 – ( 40 + 40 ∙ 3) = 512

Жауабы: Дүкенде 512 теледидар қалды.

Сергіту сәті.

Қостық біз, көбейттік біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Кәне, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ.

Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.

5. Оқушылар өз беттерімен орындайды.Суретін салып, салыстырады.

1/6 < 1/3; 1/2 > 1/8; 1/4 > 1/5; 1/3 > 1/7.

ҮІ. Сабақты қорыту: № 6. Мысалдарды шығару.

26 + 6 ∙ 7 – 45 : 5 = 59 9 ∙ 6 – 3 ∙ 6 + 18 – 27 : 3 = 45

6 ∙ 4 : 3 : 2 ∙ 7 = 28 48 : 6 : 2 – 6 : 3 ∙ 2 = 0

(34 + 19) – 3 – (15 + 18) + (28 + 29) = 74

(59 + 27) – (20 – 9) – 30 + (23 + 18) = 86

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 4,№7; 105-106 бет.

ҮІІІ. Бағалау.

Автор
Дата добавления 14.02.2017
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров52
Номер материала 2641

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.