Уроки математики / Конспект урока / Математикадан ашық сабақ "10 көлеміндегі сандарды пысықтау"

Математикадан ашық сабақ "10 көлеміндегі сандарды пысықтау"

«Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

1 «Ә» сыныбы

Пәні: математика

Мұғалім:Конурбаева Г.Т

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау( 10 көлеміндегі сандарды пысықтау )

Сабақтың мақсаты: 10-ға дейінгі сандардың құрамы мен қатары туралы білімдерінбекітеді ,білім,білік дағдыларының деңгейін анықтайды .

Сабақтың міндеттері: 1. 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталайды.

2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

3.Ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың көрнекілігі: Шалқан ертегісінің кейіпкерлері, сандар қатары, суреттер.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық .

Амансың ба, алтын күн.

Амансың ба, көк аспан

Амансың ба, достарым

Амансың ба,ұстазым

Балалар,баяғы өткен заманда ата мен апа болыпты.Олар көкөніс егумен күндерін көріпті. Енді осы атаға шалқан егуге көмектесейік.Ол үшін кітабымыздағы 1-ші тапсырманы ауызша орындайық. Қандай сандар жазылмаған? Соны табайық.

1 )

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

0

Енді тура,кері санату.

Енді, шалқанымыз үлкен болып өсті. Ата ары тартып, бері тартып жұла алмай жатыр, барлығымыз жұлуға көмектесейік. Ол үшін дәптерімізді ашып, сандардың жазылу үлгісіне қарап

2) 9, 10 цифрларын әдемі етіп жазайық.

10 саны екі таңбалы сан, екі тор көзге жазылады.

Сендер көмектессеңдер де жұла алмадық.Енді көмекке ата апаны шақырды .

3) Ол үшін апаның тапсырмасын орындау керек.

Апа сурет бойынша теңдік құрастырындар дейді.

- Сол жақта неше үлкен қонжық? 3 3+4=7

- Оң жақта неше кіші қонжық? 4 4+3=7

Барлығы неше қонжық?

(Әлі де шалқанды жұла алмадық)

Сергіту сәті .

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Қолға калам аламыз

Әдемі етіп жазамыз

4) Енді көмекке қызын шақырады. Ол үшін 3-ші тапсырманы дәптерге орындайық.

10-2=8 2+0=2

5-3=2 6-6=0

7-5=2 3+7=10

8-2=6 4+4=8

Балалар, әлі де жұла алмадық.

5) Енді көмекке итті шақырайық. Иттің тапсырмасы қосуға 2 теңдік,азайтуға 2 теңдік құрастыру.

6 4 10 8 1 9 10 7 3 10 2 8

6+4=10 8+1=9 7+3=10 10-2=8

4+6=10 1+8=9 3+7=10 10-8=2

10-6=4 9-1=8 10-3=7 2+8=10

10-4=6 9-8=1 10-7=3 8+2=10

Әлі жұла алмай жатырмыз.

Көмекке мысықты шақырайық. Ол үшін мына суреттен бұрыш,төртбұрыш,үшбұрыш,кесінді, сәулені тауып көрсетуіміз керек.

Жұлып алуға аз-ақ қалды.

6) Енді көмекке тышқанды шақырайық. Кел, ойнайық "Мен қай қоршауды жасырдым".

Қорытынды.

Оқушыларды мадақтау.

Рефлексия.

  • Бүгін біз қандай сабақ өттік?

  • Сабақ сендерге ұнады ма?

Автор
Дата добавления 25.01.2017
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров682
Номер материала 1945
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.