«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
модулі туралы
Орындаған: ОҚО, Ордабасы ауданы,
«Тоқсансай» жалпы орта мектебі,
Бастауыш сынып мұғалімі
Торгаутова Майра Калмаханбетовна
Жоспар:
І. Кіріспе
А) «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі туралы
ә) Оқыту үшін бағалаудың білім сапасын арттырудағы ролі
ІІ. Негізгі бөлім
ә) «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулін өз тәжірибиеме енгізу
б) Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
в) «Қара жәшік» ішіндегі жұмысты жандандыру
г) «Блоб ағашы» тәсілінің ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды.
А) «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі – сапалы оқыту кепілі
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
модулі туралы
Александердiң 2001 жылы шыққан еңбегiнде, «Сыныптағы бағалау тек қана бағалау техникалық тәсiл емес. Мұғалiмдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективтi немесе жеткiлiктi дәрежеде обьективтi нормалар мен стандарттар ғана емес,оның қалай дамып келе жатқанын,өзiнiң оқу сатысынан қай баспалдағында тұрғанын анықтау мақсатында екенi айтылған деп» тұжырымдайды.
Жалпы бағалау ұғымы «жақын отыру» деген мағына бередi (МАН. 57-бет). .
Сабақ барысында бағалау кезеңi оқушы үшiн де, мұғалiм үшiн де маңызды сәттердiң бiрi екенi сөзсiз. Оқушының бiлiмiн бағалау арқылы, оның түсiнiгiнiң қай деңгейде екенiн көруге болатын едi. Ал, қазiргi жаңа оқыту әдiстемесi, яғни оқыту үшiн бағалау модулiнiң идеясы бойынша оқушының ары қарай оқуға деген зейiнiн арттыруға, ынталандыруға, өзiнiң бағасын өзi шығаруға, өзгенi бағалауға қатыса алатыны, критерий арқылы өздерiнiң бағасын түсiнетiн және әдiл екенiн үйрететiн үдерiс екенiн Бағдарлама барысында алған теориялық бiлiмiмiздi мектепте «Екiншi бетпе-бет» кезеңiндегi iс – тәжiрибеде ұштастырғанда ғана түсiндiк. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың» ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау, тұжырымдауда басты рөл атқарады, себебі мұғалім оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін, ойының ұшқырлығын, нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін байқайды. Оқушы өзін-өзі, жұбын, топты бағалауда өзінің, жұбының, тобының жұмысына сыни тұрғыдан қарап, саралап, талдап, «Мен үшін не маңызды? Оған қалай жеттім, жетемін? Тағы нені білуім, толықтыруым керек» деген сауалдарды қоя алады. Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданатын термин.
Өтiлген тақырыптарды еске түсiру арқылы жаңа тақырыпты байланыстырып, ұштастырып отыру тиiмдiрек. Мұғалiмнiң ғана емес оқушылардың да өзiндiк оқуға белсендi қатысуы қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшiн бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгертудiң маңызы зор. Балалардың өзiн-өзi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнуi қажет. Бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi.Сондықтан да мен келешекте оқушыларды бағалауда жиынтық бағалау мен формативтi бағалауды қатар қолданамын. Бұл бағалаулар оқушыны оқу үшiн бағалауға және оқыту үшiн бағалауға тиiмдi деп ойлаймын.
Оқушылардың сабақ барысындағы iс-әрекетiн бақылау, яғни, балалардың өзара қарым-қатынасын, олардың арасында болып жатқан әңгiме барысын тыңдап, берiлген тапсырмаларды қадағалаудың өзi оқушыларды бағалау үшiн көп ақпарат беретiнiн байқадым. Осының өзiн iске асыру үшiн де әр түрлi әдiс пайдалануыма тура келдi.
«Формативтi бағалау дегенiмiз – оқушының әр сабақта, әрбiр материалды қалай меңгергендiгiн бағалау. Оқушының ағымдық деңгейiн анықтау, келесi сабақта мұғалiм ненi енгiзу керектiгiн бiлуi. Формативтi бағалауды қолдану үшiн алдымен оқушыны өзiн-өзi бағалауға үйрету керек, кейiн жұптық, топтық, критериалды бағалау түрлерiн қолдануға болады». (МАН. 56-бет)
«Критериалды бағалау –оқушылардың бiлiм жетiстiктерiн ұжыммен келiсiлген, оқу үрдiсiне қатысушыларға алдын-ала белгiлi, оқушылардың негiзгi құзыреттiлiктерiнiң қалыптасуына жағдай жасайтын, бiлiм берудiң мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негiзделген үрдiс».
Оқыту үшін бағалаудың білім сапасын
арттырудағы ролі
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
модулі – сапалы оқыту кепілі
Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Білім беру парадигмасының орын алмасуы: жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптасуда. Білім беру мазмұны жаңа ақпарат алмасу, ғылым мен нарық практикасындағы проблеманы шығармашылық түрде білім беру процесінде жеке тұлғаға бағытталған дағдылармен байытылуда. Педагогиалық технологиялар, жалпы білім беру деңгейіне барабар ғылымның рөлі артып келеді.
Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу, ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.
Бұл әдіс-тәсілдерді барлық сабақта тиімді қолдануға болады.
Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде; оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда көмек көрсетуде; сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда; оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды.
Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын барлық тұстарды бағалауды талап етеді.
Ақпарат дұрыстығының сапасы мен оңтайлы сенімділігі бірігіп, бағалау үрдісіне кепілдік беріп, сенімділігін арттырады.
Бағалау сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды мәселелерді жоюға мүмкіндік береді.
Сыныпта жиынтық бағалау жүйесін әзірлеуде, бағалау нәтижелерін пайдалану әдістерін ескергені өте маңызды: мақсатты түрде пайдалану немесе фактілерге негізделген бағалау (кейде мақсатсыз) ретінде пайдалану.
Сыныптағы сапалық жиынтық бағалау келесі мәселелерді қарастырады:
оқушыларды жеке оқу үлгерімі мониторингіне қатыстыру;
мұғалімнің ұмтылуға қажетті келешек мақсаттарын нақты қалыптастыру түсінігі мен қабілеттілігі;
оқушының еңбегін бағалауда мұғалімнің әр түрлі әдістерді пайдалана білуі;
мұғалімдердің оқу барысы мен нәтижелерін жазбаша белгілемей, әрбір оқушының оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік беретін, есеп беру үрдісін іске асыру;
мұғалімнің әрбір оқушымен тіл табыса алу қабілеті.
Жалпы мектепішілік сапалы жиынтық бағалау келесі мәселелерді көздейді:
мұғалімнің өзі жауап беретін оқушыларының еңбегі туралы есепті жүйелі түрде беріп отыру;
пікір айтудағы бір жақты пікірлерді жою мақсатында, әр түрлі мұғалімдердің қолданатын стандарт айырмашылықтарын жою;
мұғалімнен алған жиынтық бағалау нәтижелерін мектепте ойластырып қолдану (іске немқұрайды қарамау);
ата-аналарға/қамқоршыға оқушының оқу үлгерімі туралы ақпаратты беру жауаптылығы.
Сыныпта күнделікті бағалау үрдісі үнемі арнайы тапсырмалар мен тестілер әзірлеуді қажет етпейді. Көптеген жағдайларда оқушылардың оқу үлгерімін күнделікті сабақ уақытында бағалап, солардың негізінде қорытынды бағалауды жасаған да жеткілікті. Осы бағалау нысаны ортаңғы сыныптар мұғалімдеріне қарағанда, әрбір оқушының жетістігі туралы ақпаратты жүйелеуге мүмкіндігі мол бастаушы сынып мұғалімдері үшін қолайлы.
Бағалау сенімділігі ең басында сынып немесе мектеп ішінде пайдалануға арналған жағдайда түбегейлі болып есептелмейді. Сондай-ақ, негізгі мақсаты оқыту негіздерін қалыптастыру болса, күн сайынғы жиынтық бағалауды реттеу қажеттілігі жоқ. Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы бағалау нәтижелері сырттай пайдалануға арналған жағдайда ғана қажет.
Қорытынды бағалауды сапалы жасау мұғалімдердің жоғары шеберлігін талап етеді.
Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.
Бағдарламадағы жетi модульге сүйене отырып өткiзген сабақтарым өз жемiсiн берiп, менi ғана қуантып қойған жоқ, сонымен қатар көңiлдерi қуанышқа толған, ынтымақ пен сыйластық қалыптасқан ортада оқушылар бiр-бiрiнен қалай оқу керектiгiн де үйрендi. Өзiн-өзi реттеуге дағдыланып, Бағдарламада көрсетiлгендей оқушылар метатану үдерiсi арқылы түсiну, бақылау және оқу тәжiрибесiне қадағалау жүргiзу қабiлеттерiн дамытты.
Өз тәжiрибемнен түйгенiм – балалардың кешегi жағдайына қарап, бағалауға болмайды. Әр оқушы мiнсiз оқушы болуға талпынады. Мұғалiмнiң мiндетi - сабақты жан –жақты ойластырып, оқушыға бiлiмдi меңгеруiне жағдай жасай бiлуiмiз керек. Әлi де болса бағалаудың басқа да, оқушыларды қызықтыра түсетiн түрлерiн сабақтарымда қолдануды жалғастырамын деп ойлаймын.
Белгiлi бiр нәтижеге жету үшiн бiраз уақыт керек сияқты. Оқыту үшiн бағалау мен оқу үшiн бағалауды сабақтарымда қолданғанымда мынандай қортындыға келдiм: оқушылар ынтымақтастықта бiрлесе жұмыс жасап, бiлiмдi бiрге меңгердi, сыни тұрғыдан ойлауға, еркiн сөйлеуге, ой бөлiсуге, өзiн және сыныптасын шынайы бағалауды үйрендi. Бұл жетiстiк бағдарламаның нәтижесi.
Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚР жалпы бiлiм беретiн мектептер мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiктерiн арттыру курстарының бағдарламасы. Астана, 2012 ж.
Мұғалiмге арналған нұсқаулық 3 (негiзгi деңгей) 3-басылым Назарбаев зияткерлiк мектебi ДББҰ 2012 ж
I бетпе-бет кезеңiндегi таратпа материалдар.
Автор |
|
---|---|
Дата добавления | 10.01.2018 |
Раздел | Начальная |
Подраздел | Другое |
Просмотров | 28747 |
Номер материала | 5124 |
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |