Уроки математики / Другое / №9 орта мектеп мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:Жупаргалиева Арайгул Сембаевна Тақырыбы: 6 саны

№9 орта мектеп мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:Жупаргалиева Арайгул Сембаевна Тақырыбы: 6 саны

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД «ә»

Тәрбиеші: Жұпарғалиева Арайгүл

Уақыты: 8.12.2016 жыл.

Білім саласы

Таным

Оқу іс-әрекеті

Математика

Тақырыбы

6 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты

6 санының пайда болуы. 6 санымен таныстыру.

6 санының құрамымен таныстыру.

Көрнекіліктер

Геометриялық пішіндер, 6 санына байланысты аңдардың суреттері, шырша, шырша ойыншықтары

Іс-әрекет  кезендері

Тәриеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

-Балалар, бізге қазір математика сабағы болады. Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өткелі отыр, себебі қонаққа көп апайлар келіп отыр.

-Қане апайлармен амандасып жіберейік!

«Мен кішкентай баламын,

Мен мектепке барамын.

Оқу оқып, білім ап,

Кілең бестік аламын».

Сәлемдесіп достармен

Қуанып мен қаламын.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айы неше айдан тұрады?

-Қазір нешінші айы, қалай аталады?

-Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

1 желтоқсан Ел басы күні,Тәуелсіздік алғанымызға биыл 25жыл және Жаңа жыл мерекесі бар.

- Балалар, Ақша қар маған бүгінгі сабағымзға қонаққа келемін деп хат жазған болатын, келіп қалар.

Ақша қар келді, қане қарсы алайық!

Ақша қар: Сәлеметсіздер ме балалар!

-Осы жақта өте білімді, алғыр да тәртіпті балалар бар деп естіп, сіздерге арнап шырша әкелген болатынмын, сіздерге арнайы көп сыйлық әкелдім, бірақ сыйлықты алу үшін мына шыршаны менің тапсырмаларымды орындап,

безендірулерің керек.

-Олай болса, балалар қане Ақша қардың тапсырмасын орындайық.

1-тапсырма:

Өткен сабақты пысықтау:

1. Біз нешеден нешеге дейінгі сандармен таныстық?

2. 1 ден 5ке дейін тура және кері санап бер?

3. 1,2,3,4,5 сандарының құрамын айту. (ауызша)

4. Санамақ айту.

2-тапсырма:

Жаңа сабақ: «6» санымен таныстыру.

«Сандар әлеміне бару» Тақтада жіпте бірнеше сандар ілінген, олар геометриялық пішінде орналасқан. Тек қана екі саны көрсетіліп тұр, ал қалғаны теріс қаратылып қойылған.

Ойын: «Көршісін тап»

Мына екі санның алдында, артында бірнеше сандар болуы мүмкін. Кім маған сандарды ашады. (тура және кері санау.)

Қай сан қандай пішінде орналасқан? (түрін,пішінін айту)

Балалар, қандай пішін ашылмай қалды? Үш бұрыш,

(тәрбиешінің көмегімен ашылады) 6 саны.

-Бүгінгі жаңа сабағымызда 6 санымен танысамыз.

6 саны алты бірліктен тұрады, 6 санының құрамымен таныстыру:

Міне, мынау-оң қол,

Міне, мынау-сол қол.

Шапалақты соғайық,

Топылдатып билейік.

Міне, мынау-сол аяқ,

Міне, мынау-оң аяқ.

Топ-топ-топ-топ басайық,

Жаттығуды жасайық.

Хлоп-хлоп хлопаю,

Топ-топ топаю.

Это левая рука,

Это правая рука,

Хлоп-хлоп хлопаю,

Топ-топ топаю.

Это левая нога,

Это правая нога,

Хлоп-хлоп хлопаю.

3-тапсырма: Топтастыру.

6

4-тапсырма: Әліппе дәптермен жұмыс.

6 санын ауада жазу, 6 цифырын дәптерге салу.

5-тапсырма: Есептер шығару.

1)3 қатарға 2 есептен, алты есеп беру.

3+2= 5 4+2= 6 3+3= 6 5+1= 6 2+2=4 5-1= 4

2) Барлығы неше жидек?

3 құлпынай, 1 шие барлығы 4-еу.

Барлығы неше жеміс?

1 алмұрт, 4 алма барлығы 5-еу.

Барлығы неше көкөніс?

2 пияз, 2 қияр барлығы 4-еу.

Ойын: «Кім шапшаң» Жемістерді санына қарай ажырат.

Ананас -1, өрік-2,апелсин-3, алмұрт-4, шие-5, алма-6.

Және салыстыру қайссы көп және аз, таңбаларын қою.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

Сергіту сәті

 

 

 

Рефлексивті — түзетушілік 

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмаларды әр

бала өз алдына ерекше орындайды.

6-тапсырма: Қорытындылау.

-Балалар, енді соңғы тапсырманы орындаған соң шыршамыз жанады.

1.Бізге қонаққа кім келді?

2.Біз бүгін қандай санмен таныстық?

3.6-ға дейін тура санап бер?

Осы кезде шырша шамдары жанып жарқырайды.

Ақша қармен қоштасу.

Мадақтау:

Балаларға ақша қардың сыйлығын таратып беру.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Алған білімдерін естерінде сақтайды.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Математикалық тапсырмаларды орындай алады.

Автор
Дата добавления 27.01.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Другое
Просмотров651
Номер материала 2157
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.