Уроки математики / Конспект урока / : Қосу мен азайту өзара кері амалдар. Қосуды тексеру

: Қосу мен азайту өзара кері амалдар. Қосуды тексеру

Тақырыбы: Қосу мен азайту өзара кері амалдар. Қосуды тексеру. Есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өзара кері есептер құрастыруға және шығаруға жаттықтыру. Көпбұрыштар түрлері жайындағы түсінікті тиянақтау. Екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыра білуге машықтандыру. Тез ойлап тез есептеуге үйрету.
Білімділігі: екі таңбалы санның ондықтарға және бірліктерге жіктелуі және сол білімге негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылығы: тапсырмаларды орындау арқылы ой - өрістерін дамыту, өз беттерінше есептерді шығару қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, бір - біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кеспе сандар касса, карточкалар геометриялық фигуралар, слайдтар.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды оқыту, игеру, логикалық тапсырмалар беру.

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру5

Сөзжұмбақты шешу.
1дм - де неше см бар?- 10см
100 саны неше таңбалы сан?
1м - де неше дм бар?
1м - де неше см бар?
Қосуды қай амалмен тексереміз?
Азайтуды қай амалмен тексереміз?
Сыйымдылықтың өлшем бірлігі?
Массаның өлшем бірлігі?

Жаңа сабақ: 100 - ге дейін санау.
Ауызша есептер айту.
Ондықтармен бірліктерден құрылған санды жазу және оқу
2 онд 4 бірл 24 3 онд 2 бірл 32 9 онд 6 бірл 96
5 онд 7 бірл 57 8 онд 1 бірл 81 7 онд 9 бірл 79
Оқулықпен жұмыс.
Әйнекшелердің орнындағы сандарды суретті пайдаланып тауып жазу:
90+5=95
60+0=60
40+4=44
95 - 5=90
60 - 0 =60
44 - 4=40
95 - 90=5
60 - 60=0
44 - 40=4
5+90=95
0+60=60
4+40=44

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Шығармашылық тапсырма:

1-топ
2 және 3
23= 2онд 3 бірл.
32=3онд 2бірл
23 = 20+3
32=30+2
Шығарылу жолын түсіндіру.
Әр топқа тапсырма беру
1 - топ ----------- 2 - топ --------------- 3 - топ
3, 6 --------------- 4, 5 ------------------- 4, 2
Әр топтан бір оқушы шығып тақтаға жазу.
Тапсырма Слайд арқылы фигуралардың суретін көрсету.
1 - топ Үшбұрыштар
2 - топ Төртбұрыштар
3 - топ Көпбұрыштар
Өз орнына апарып қою.
Дидактикалық ойын түрінде өткізіледі.

Үйге тапсырма. №6 есеп

Бағалау

Автор
Дата добавления 21.02.2017
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров661
Номер материала 2862
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.