Похожие материалы
Уроки математики / Другое / Оқу іс-әрекеті "Үлгі бойынша санау,сандарды салыстыру 4 және 5"

Оқу іс-әрекеті "Үлгі бойынша санау,сандарды салыстыру 4 және 5"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: Үлгі бойынша санау , сандарды салыстыру (4 және 5) . Тәулік бөліктері. Сол жақта, ортада, оң жақта.

Мақсаты: Заттарды дұрыс санауға үйретуді әрі қарай жалғастыру (5 саны көлемінде) ; екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету; саны жағынан бірдей, бірақ әтүрлі заттардан құралған топтар арасындағы теңдікті анықтау; тәулік бөліктері туралы білімін нығайту; заттардың орналасуын сөзбен баяндауға үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды 1-5-ке дейін санату. Суретте көрсетілген заттарды санату.

Қостілдік құрам: Сан – цифр, тәулік - сутка.

Әдіс –тәсілдер:Көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивацциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Армысың алтын күн,

Армысың асыл жер

Армысың достарым,

Армысың қонақтар,

Жылуыңа жылу қос,

Алақан жылуы арқылы бүгінгі күнге жылы лебізімізді айтайық. (нанымыз көп болсын, деніміз сау болсын, аспанымыз ашық болсын).

Тәрбиеші балаларды суретпен жұмыс істеуге шақырады:

-Балалар, суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Содан соң суретшінің қай суретке таңертеңгі уақытты , қайсысында күндізгі уақытты, қайсысында кешті суреттегенін табыңдар.

Шаттық шеңберін қимылмен орындайды.

Балалар суреттермен жұмыс істейді.

Ұйымдастырушылық- іэденістік.

Балалар бүгін біз ойыншық дүкеніне барамыз.

- Балалар ойыншық дүкенінде нелер сатылады?

-Балалар біз ойыншық дүкеніне келдік, ойыншық дүкенінде нелер бар екен?

Балалар сөреде қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар?

Сөреге 4 кірпі, ал жоғарғы сөреге 5 тиін қояды. Балалар кірпі қанша? Тиін нешеу? Қайсысы аз (көп): кірпі ма әлде тиын бе? 5 аз ба, әлде 4 аз ба? Олардың саны тең болу үшін не істеу керек? 1 тиінді алып тастайды , олардың теңескенін 1 кірпінің астына 1 тиінді қою арқылы суреттердің теңескенін көрсетеді. Содан соң 1 кірпі қосу арқылы теңестіру тәсілін көрсетеді. «Кірпі қанша болса, тиін сонша» деген сөзді қолдануға үйретеді.

. Тәрбиеші балаларға тақия мен етіктерді санап шығуды тапсырады.

-Тақия нешеу? Етік ше?

-Қайсысы артық, қайсысы кем? «Артық», «кем» сөздерін қолдануға үйрету.

Тақия мен етікті саны жағынан теңестіру үшін не істеу керек?

Тәрбиеші балаларға, яғни: 5 етік, 5 тақия болғанын түсіндіреді.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ..

Тәрбиеші балаларға өлең оқып береді.

Санауды біз білеміз,

Сандарды да білеміз,

Сондықтанда атамның

Құстарын санап береміз,

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Бірден санап шеш!

Содан соң балаларға сұрақ қойып, тапсырма береді.

-Тордың ішінде неше құс бар?

-Ағашқа неше құс қонып тұр?

-Қайсысы артық, қайсысы кем?

-Тордың астындағы жолаққа торда қанша құс болса, сонша дөңгелек салыңдар.

-Ағашта қанша құс болса, төмендегі жолаққа онша дөңгелек салыңдар.

-Енді жолақтың ішіндегі дөңгелектерді салыстыраңдар.

Олардың саны қанша? Бұл жайлы не айта аласындар?

Ойын: «Түсті танисын ба?»

Шарты: Суретке қарай отырып атын атау, түсін ажырату.

-Ойыншықтар.

Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге тырысады.

1 тиінді алып тастайды.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар өлең мен тапсырманы мұқият тыңдайды.

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Өзін- өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Тақия нешеу?

-Ал етік ше?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Балалар өздері жасаған жұмыстарын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

Бес.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Тәулік бөліктерін, өзіне қатысты тұрғыда заттардың орналасуын сөзбен баяндауды.

Үйрену: Саны жағынан аз топқа жетіспей тұрған затты қоса білуді.

Меңгеру: Тәулік бөліктері туралы түсінікті, заттарды санауды (5 көлемінде).

Автор
Дата добавления 15.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Другое
Просмотров471
Номер материала 2662
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.