Уроки математики / Конспект урока / Санды 6-ға,7-ге көбейту және бөлу

Санды 6-ға,7-ге көбейту және бөлу

Күні: Пәні: математика Сынып: 3 Мұғалім: Досанова А.Т. Сабақтың тақырыбы: Санды 6-ға,7-ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 6 – ты саны мен 7 – ті санының бөлу мен көбейту тәсілдерімен таныстыра отырып, олардың шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыру. Логикалық талқылаулар жүргізуге оқушылардың қызығушылығын арттыру. Сабақта топтық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың есептеу машығын арттырып, ой - өрісін дамыту. Тез шешім қабылдауға үйрету.
Сабақтың түрі: қайталау, материалды меңгерту
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Ұйымдастыру

Кезеңі

  • Сәлеметсіздер ме балалар?

  • Көңіл күйлерін қалай?

  • Сабаққа дайынсыңдар ма?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Жарайсыңдар балалар

  • Ендеше сәрсенбінің сәтті күні

  • Сәттілікке толсын

  • Бір – бірлерімізге сәттілік тілейміз.

Психологиялық

дайындық

Өткен сабақты пысықтау

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін, қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Ендеше балалар бәріміз бірігіп үй тапсырмасын дұрыс, тез ойланып шығарайық.

Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

  1. қатар: Мәні 7 – ге тең болатын бөлінділерді жаз.

  2. қатар: Мәні 6 – ға тең болатын бөлінділерді жаз.

Екі қатарға да ақ қағаз беріліп бірдей уақытта тапсырманы орындауға кіріседі.Бір оқушы шығып тапсырманы қалай орындағаның түсіндіреді.

Балалар біз кеше қандай санды өттік?

Сол сан бойынша сендерге түлкі тапсырмасын беріп жіберіпті. Қима қағаздардағы тапсырмаларды тақтаға шешіп жазайық. Түлкі сендердің қатесіз орындағандарынды қарап, балапандарды босатады.

Сергіту сәті

Жарық болса күніміз,

Жарқын шығар үніміз.

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз.

  • Иә, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер! Болашақ ұрпақ білімді, ғылым мен техниканы игеруі қажет. Олай болса, болашақ ғылым иелерінің жиып жатқан білімдерінді тексеріп көрейік.

Мағынаны

тану:

Балалар жұмбақ шеше аласыңдар ма? Қанекей жұмбақ шешіп көрелікші?

Бір аптаны бөлгенде,
Жеті күн бар білгенге.
Жеті зат бар сөмкеде,
Қарындаш, пенал, оқулық,
Өшіргіш берер тазалық.
Қаламсап керек жазуға.
Үйретер бізді әріпке,
Бәрін қайта атап шық

Саусақ бүгіп санап шық. (жеті)

Жеті туралы қандай ұғымдарды білесіңдер?
(Оқушылар өз білетіндерін айтады.)
Жеті ата
Жеті нан
Жеті қазына
Жеті қарақшы
Жеті күн
Жеті киелі сан
Жеті тақ сан

Ал қане маған жеті атаны кім айтып береді?

Жеті ата:

  • Ата

  • әке

  • бала

  • немере

  • шөбере

  • шөпшек

  • немене

Жарайсыңдар балалар сендер жеті атаны біледі екенсіңдер. Ал қане кім өзінің жеті атасын біледі екек? 2 – 3 баладан сұрап шығу.

Қайталау сабақ

Жарайсыңдар балалар.Сендер ақылды екенсіңдер. Ендеше бүгінгі сабағымызға тоқталайық.
Сабақтың мақсаты: 6 мен 7 санының ұғымына түсінік беру.
Сабақта топтық жұмыстар жүргізу арқылы сендердің есептеу машықтарынды арттырып, ой - өрісінді дамыту. Тез шешім қабылдауға үйрету.

  1. тапсырма

Теңдіктер құр

Балалар тақтаға шығып өрнекті құрастырайық.

  1. тапсырма

Өрнекті жаз және оның мәнін тап

Балалар дәптерімізге бүгінгі күнді таза, әдемі жазумен жазып аламыз. Тақтаға жазылған есептерді дәптерімізге жазып аламыз.

65 бет, № 1 есеп

  1. тапсырма Сөз есеп

66 бет, № 2 есеп

Арыс – Түркістан – 200км

Ертіс – Қарағанды – 3 есе ұзын

200км*3=600км

Жауабы: 600 км

Сергіту сәті. Жұмбақ есептер.

Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін
Санын айтшы түйенің? (Жеті)

Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Қалғаны неше үйрек? (Алтау)

Бесбайда бар бес іні,
Естайда бар пен екі іні,
Қоссаң бес пен екіні,
Неше екен шешуі? (Жетеу)

  1. тапсырма

Теңдеу құр

66 бет, № 3 есеп

6*х=30 7*у=56 а:7=9 48:ь=6

Х=30:6 у=56:7 а=9*7 ь=48:6

Х=5 у=8 а=63 ь=8

6*5=30 7*8=56 63:7=9 48:8=6

30=30 56=56 9=9 6=6

  1. тапсырма

Ойын: Кім тез есептегіш.

66 бет, № 5 есеп

Екі қатарға тапсырмалар бөлініп беріледі.Берілген уақытта тапсырманы орындап,бір – бірлерімен ауыстырулары қажет.Қателерін өздері жөндейді.

  1. тапсырма

Шығармашылық есеп.

66 бет, № 6 есеп

Топпен жұмыс.Балалар бір – бірлерімізбен ақылдасып, ойланып жауап береміз.

Бағалау

Сабаққа белсене қатысып, сұраққтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын

Үйге тапсырма

66 бет, 4 есеп

Қорытынды

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.

Балалар бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды. 7 саны туралы қандай мағұлматтар алдыңдар? Балалар өз ойларын айтады.

Автор
Дата добавления 24.11.2016
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров1083
Номер материала 1313
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.