Уроки математики / Конспект урока / 10 санының құрамы 1 сынып

10 санының құрамы 1 сынып

Қызықты математика 4.03.2017

Сабақтың тақырыбы:Ондықтар еліне саяхат

Сабақтың мақсаты:

10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10 саннан кем санды 10-ға дейін толықтыру, 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10-ға тең қосынды,оған кері айыру құрастыру бастайды.

Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру,жұмыс істеугей.

Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.

Сабақтың түрі: Мақта қыз бен мысық ертегісі желісіндегі саяхат сабақ түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, пәнаралық сабақ.

Әдіс-тәсіл: Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа әзірлену.

Оқушылар:

Сабаққа біз даярмыз

Жалқаулықты қоямыз

Үздік оқып әрқашан

Кілең бестік аламыз.

Мұғалім:

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Көздерімізді жұмып, көз алдымызға ертегілерді елестетейік.

— Қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер? Айтып беріңдер?

Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл ертегіні өткен ана тілі сабағында оқыған болатынбыз. Суретке қарап осы ертегіні кім бастаймын дейді.

Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме–деп,мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: — Неге шақырдың? — деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем-дейді.

Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын-дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады. — Мақта қыз құйрығымды берші-дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар!

1. Миға шабуыл

Сиырдың тапсырмасы:

Сандар қатарын ата. 0-10

Бір қазақ қалаға бара жатыр еді,жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?

Бір кг темір ауыр ма, әлде бір кг мақта ауыр ма?

Балқаш көлінің жартысы неге ақ, жартысы неге көк?

1 жұмыртқа 5 минут піссе, 4 жұмыртқа неше минут піседі?

2 жылқының неше тұяғы бар?

Үйдің 4 бұрышында 4мысық отыр, әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?

2. Өткенді қайталау

Ағаштың тапсырмасы

Не көп? Не аз?

Әр топтағы заттарды салыстыр:

Әр қайсының қалпағын тап:

Өрнекті құрастыр.Компоненттерді ата.

Есепте.

3. Жаңа сабақ

Қыздардың тапсырмасы.

Қосындының мәні 10-ға тең болатын өрнектерді ата.

Азайғышы 10 болатын айырманың мәнін тап.

Айырманың мәні 7-ге тең болатын өрнектерді ата.

1-інші қосылғышы 8 болатын өрнектердің мәнін тап.

Сергіту сәті. Қар лақтыру. Музыка ойнайды. Балалар қағазға тілек жазады. 1 минут. Әр адам алған қарды ашып тілекті оқиды. Шапшаң орындалады. 2 минут.

4. Дәптермен жұмыс

Дүкеншінің тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

Кім шапшаң.

Есепті шығар.

Жас суретші.

Арифметикалық диктант. 5+5, 3+6, 9-4, 8-6, 7+2, 9-1.

5. Ойын ойнау, зейінге байланысты

Балық аулау.

6. Геометриялық тапсырмалар

Тауықтың тапсырмасы.

Оқушыларға конверт беріледі. Конверттің ішінен фигуралардан бір зат жасап шығару. Гүл, машина, ғарыш кемесі, мысық.

7. Ребус шешу

Тышқанның тапсырмасы. Ребус шешу.

Ынтымақта бар, бірлікте жоқ. ы

«Достық» сөзін шығарып алу

Достық туралы мақал-мәтелдер айтыңдар.

8. Қорытынды Топтастыру

Балалар бүгінгі сабақта біз қай ертегі туралы әңгімелестік

Мына сызба неге ұқсайды?

Күннің көзіне

Күн туралы қандай ән білесіңдер?

Әрқашан күн сөнбесін

Ән орындалады.

Үйге тапсырма 6 мысал жазып келу.

Бағалау

Сабақ үстінде жауап берген топқа берілген фишкаларды санау. Жеңімпазды аңықтау.

Автор
Дата добавления 06.10.2017
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров111
Номер материала 4539
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.