Похожие материалы
Уроки математики / Контрольная работа / 7 сынып геометрия жылдық қорытынды бақылау жұмысы

7 сынып геометрия жылдық қорытынды бақылау жұмысы

Геометрия 7 сынып. Қорытынды бақылау жұмысы

1 -нұсқа

1. Қабырғалары 1) 7,5см, 6см, 4,5см; 2) 8,1см, 7,9см, 12см болатын үшбұрыштардың периметрлерін табыңдар.

2. АОВ=20°; BOC=50° болса, АОС бұрышын табыңдар.Қай сәуле қандай сәулелердің арасында жатыр?

3. Берілген екі бұрыш бойынша үшбұрыштың үшінші бұрышын табыңдар:

1) 30°, 50° 2) 60°, 40°

4. Екі параллель түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі 65°-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар?

5. АВС үшбұрышында . В төбесіндегі сыртқы бұрышы 720. Үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңдар.

6. Екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен екі есе үлкен. Осы бұрыштарды табыңдар.

7. Шеңбердің 1/6 бөлігіне тең доғаға сәйкес центрлік бұрыштың градустық өлшемін табыңдар.

2 -нұсқа

1. Қабырғалары 1)78см, 64см, 45см; 2) 9см, 0,3см,4,5см;

болатын үшбұрыштардың периметрлерін табыңдар.

2. АОВ=20°; BOC=70° болса, АОС бұрышын табыңдар.Қай сәуле қандай сәулелердің арасында жатыр?

3. Берілген екі бұрыш бойынша үшбұрыштың үшінші бұрышын табыңдар:

1) 40°, 50° 2) 60°, 50°

4. Екі параллель түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі 45°-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар?

5. Үшбұрыштың екі төбесіндегі сыртқы бұрыштары 110° және 160°. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңдар.

6. Екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен үш есе үлкен. Осы бұрыштарды табыңдар

7. Шеңбердің 1/4 бөлігіне тең доғаға сәйкес центрлік бұрыштың градустық өлшемін табыңдар.

Автор
Дата добавления 15.05.2017
Раздел Геометрия
Подраздел Контрольная работа
Просмотров810
Номер материала 4068
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.