Похожие материалы
Уроки математики / Конспект урока / "Трапеция" тақырыбына сабақ жоспары

"Трапеция" тақырыбына сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Трапеция

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын

арттыру,ой-өрісін кеңейту,есте сақтау

қабілеттерін және білім сапасын арттыруға

жағдай жасау. Оқушылардың рухани

байлығын, адамгершілік қасиеттерін

қалыптастырып, тіліміздің қадір-қасиетін

оқушы жүрегіне құю.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сурет, сөзжұмбақ, тірек сызба, фишкалар.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Бүгінгі тақырыпты терең меңгеру үшін «Білім шыңына» экспедиция жасаймыз, ондағы мақсатымыз биік шыңға еліміздің желбіреген туын тігуіміз керек деп ескертемін.

«Білім шыңына» жету үшін сыныпты 3 топқа бөліп, сабақ жоспарымен таныстырып өтемін.

1-топ: Кез-келген үшбұрыш

2-топ: Тең бүйірлі үшбұрыш

3-топ: Тең қабырғалы үшбұрыш

Ал енді балалар сынып ережесін бірлесіп құрып алайық.

Сынып ережесі:

  • Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!

  • Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық!

  • Сабаққа кешікпейік!

  • Қысқа да нұсқа сөйлейік!

  • Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық!

  • Берілген тақырыптан ауытқымайық!

  • Біз үшін әрбір пікір құнды!

  • Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!

  • Тыңдай білейік!

  • Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындайық!

Сабақтың жоспары

І кезең «Экспедициаға дайындық»

1. Жолға не керек?

2. Ауа райын болжау

ІІ кезең «Білім шыңына жету»

1. Белес

2. Шатқал

3. Тік жартас

4. Шыңға шығу

І. «Экспедициаға дайындық»

1) «Жолға не алу керек?» бағытында оқушылар жол сөмкелеріне қажетті құрал сайман жинақтау керек. Ол үшін өтілген материалдар бойынша сұрақтар қойылады.

а) Планиметрияның негізгі ұғымдары?

ә) Бұрышты өлшейтін құрал ?

б) Кесіндіні өлшейтін құрал ?

в) Бұрыш дегенімізне?

2) «Білім шыңына» жету үшін күніміз шуақты, көңіліміз көтеріңкі болуы керек. Ол үшін бәріміз жұмыла, мына төніп тұрған бұлттарды ысыруымыз қажет. Әрбір бұлттағы тапсырмаларға жауап береміз. Яғни өтілген сабақты

пысықтау үшін берілген сұрақтарға тоқталамыз.

а) Төртбұрыштың ішкі бұрыштың қосындысын неше градус?

ә) Қандай төртбұрышты параллелограмм деп атайды?

б) Дөңес төртбұрыш дегеніміз не?

в) Диагонал дегеніміз не?

г) Паралелограмның диагоналдарының қасиеті?

д) Тік төртбұрыштың диагоналдарының қасиеті?

ІІ. «Білім шыңына жету»

«Тау белестері мойытпасын өзіңді , жеңе білер азамат бол төзімді»-деген тілекпен шыңға жету үшін өтетін келесі кедергіміз «Белес» екенін айтып , енді «Трапеция» сөз жұмбағын шешу керектігін түсіндіремін.

1) Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм. (Тіктөртбұрыш)

2) Барлық қабығалары тең параллелограмм. (Ромб)

3) Барлық қабығалары тең тік төртбұрыш. (Квадрат)

4) Тікбұрышты үшбұрыштың үлкен қабығасы. (Гипотенуза)

5) Бұрыштың бір қабырғасын тең кесінділерге бөлсе, екінші қабырғасын да кесінділерге бөледі. (Фалес)

6) Шеңберді салатын құрал қалай аталады? (Циркуль)

7) Қарама қарсы төбелерін қосатын кесінді. (Диогональ)

8) Жер ортасы қалай аталады? (Ядро)

Жаңа сабақ

Оқушылар мұқият тыңдау керек

Анықтама. Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.

Трпецияның параллель қабырғалары табандары, ал параллель емес қабырғалары бүйір қабырғалары деп аталады. 10, а-суретте АВСD трапециясы бейнеленген.

АВ!!DC болғандықтан, АВ мен DC трапецияның табандары, АD мен ВC бүйір қабырғалары болып табылады.

Бүйір қабырғалары тең трапеция теңбүйірлі трапеция

деп аталады (10,ә-сурет). Егер трапецияның бір бұрышы 90 – қа тең болса, онда ол тікбұрышты трпеция деп аталады. 10,б-суретте тікбұрышты KDEF трапециясы бейнеленген. Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп аталады. DK ! АВ, DK кесідісі D төбесінен АВ табанына түсірілген биіктік болып тұр (11, а – суреті).

Қарсы жатқан төбелерін қосатын кесінді трапецияның диагоналі деп аталады. АВСD трапециясының диагоналдары АС, ВD кесінділері (11, ә-сурет).

Осыдан кейін «Тауды биік деме сен, талаптансаң шығарсың» деген тілекпен ендігі өтетін кедергіміз «Шатқал» екенін айтып өтемін.

Ендігі кезекте сендерді «Тік жартас» күтіп тұр.Одан өту үшін сендердің бүгінгі алған білімдеріңе сүйенеміз. «Әркімнің өзі шығар биігі бар» - деген тілекпен келесі өтетін кедергіміз «Тік жартас». Одан өту үшін мына берілген тарсырмалаларды орындау керек.

«1) үшбұрыштан; 2) параллелограмнан; 3) ромбыдан; 4) квадраттан трапеция қиып түсіру үшін түзуді қалай жүргізу керек?»

Тік жартастан асқаннан кейін «Таудай болса талабың, биік шыңды аларсың»-деген тілекпен «Білім» шыңына жету үшін қортындылау тірек сызбасы.

Міне «Шыңғада жеттік» яғни бүгінгі жаңа тақырыпты меңгердіңдер.Сабақты қорытып, бекітемін.

Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалап, үйге тапсырма беремін.

Кері байланыс.

«Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз (білдіңіз)?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді (қандай ақпарат көздерін оқисыз)?», «Қандай сұрақтарыңыз бар?», «Сабақтың өту барасы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?», «Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек деп ойлайсыз?» деген сұрақтарды ауызша талдаймыз.

(Бағалау үшін фишкалар пайдаланылады.Кімде көп фишка болса, соған жоғары баға қойылады.Қай командада фишкалар көп жинақталған болса, сол команда «Білім шыңына» ту тікті деп есептеледі.)

Автор
Дата добавления 11.02.2017
Раздел Геометрия
Подраздел Конспект урока
Просмотров389
Номер материала 2596
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.