Уроки математики / Конспект урока / Урок. "Көпмүшелерге амлдар қолдану"

Урок. "Көпмүшелерге амлдар қолдану"

Шахметова Шынар Хамитовна

Солтүстік Қазақстан облысы, Уалихан ауданының

Бидайық орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелік. Көпмүшеліктерге амалдар қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түрлі деңгейдегі есептер шығарта отырып, көпмүшеліктерге амалдар қолданудың әдістерің қолдануын қайталау

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында өзіндік әрекет ету мәдениетін қалыптастыру, шынайы бағалауға, өзара көмекке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық және танымдық ойлау, пәнге қызығушылығын, өзін-өзі бағалау, ақпараттық-коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Оқыту әдістері: практикалық, сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту техникасын қолдану

Жабдықталуы: электрондық оқулық, интерактивті тақта.

Қолданылған құралдар (Активстудио): «камера», «маркер», «ластик», «шторка»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1.ЭО бойынша Модуль 3 «Көпмүшеліктерге амалдар қолдану» тақырыбын ашып, батырмасын басып оқушыларға тыңдатқан соң әр тақырып

бойынша тақтаға шығарып мысалдарын жазғызу.

2. Білімдерін тексеру үшін, батырмасын басып, оқушыларға теңдеудің шартың ұсыну.

Бұл жағдайда «шымылтық» құралын пайдаланылып теңдеудің шығару жолы жабылады да шарты мен жауабы беріледі. Тапсырманы тексеру үшін «шымылтық» құралы ашылып, оқушылар бір-бірінің теңдеуін тексереді.

3. Келесі тапсырма:

Алдын ала «суретке түсіру» құралын пайдаланып оқушыларға интерактивті тақтада қаламмен тапсырманы орындауға мүмкіндік беріледі.Сыныптағы балалар тапсырманы кезекпен орындайды.

Әр тасырманы орындаған сайын электрондық оқулыққа оралып, тексеруге болады. Егер қате шығарылған болса «өшіргіш» құралын қолданып, қайтадан шығаруға болады.

4. Үйге тапсырма. Электрондық оқулық бойынша Модуль 3 «Көпмүшеліктерге амалдар қолдану» тақырыбынын әр бөлігін «камера» құралын қолданып, флипчарт құрастыру.

5. Бағалау.

3

Автор
Дата добавления 12.11.2017
Раздел Алгебра
Подраздел Конспект урока
Просмотров15
Номер материала 4826
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.