Похожие материалы
Уроки математики / Самостоятельная работа / Урок по математике на тему "Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру"

Урок по математике на тему "Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру"

Ұйғыр ауданы білім бөлімінің «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі Сәді Майгүл Жәнетқызы

Күні: 14.02.2017ж

Сыныбы: 5б сынып

Барлығы: 18 оқушы

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыруға есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж,

Математика оқулығы 2015ж (5сынып)

Жалпы мақсаты

Оқушыларға ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыруға есептер беру

Оқушылардың өз бетінше, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Білімдерін шыңдау, ойша, тез есептеуге баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың барлығы ондық бөлшектерді біледі

Көпшілігі ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру тәртібін біледі

Кейбірі жай бөлшектерден ондық бөлш. ажырата алады

Бағалау критерийлары

1. Ондық бөлшекті оқу, жазу: а) ондық бөлшекті жаза алады

ә) ондық бөлшекті оқи алады

б) жай бөлшекті ондық бөлшекке

айналдыра алады

2. Амалдар орындау: а) есептің шартын оқып, түсінеді

ә) шартын жазып, сұрақ қоя алады

б) жай бөлшектің ережесін қолдана алады

в) шешімін өз бетінше таба алады

Дерек көздері

5 сыныптың математика оқулығы, интернет желісі

Тапсырмалар

Қайталауға арналған сұрақтар: үлестірме қағаздар

Венн диаграммасы

Сергіту сәті: логикалық есептер

Есептер шығару: үлестірме қағаздар

Бағалау

Рефлексия: СМС

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды ұйымдастыру, топқа бөлу, қызығушылықтарын арттыру.

Оқушылар қызыл, көк, сары түстерді таңдай отырып үш топқа бөлінеді

Қайталауға арналған сұрақтар

1) Ондық бөлшектерді қалай ажыратамыз?

2) Ондық бөлшек пен жай бөлшектің айырмашылығы неде?

3) Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде қалай жазамыз?

4) Ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай айналдырамыз?

5) Ондық бөлшекте бүтін бөлік болмаса қалай жазылады?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өтілген тақырып мазмұнын есте сақтайды, өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік алады

Венн диаграммасы

Жай бөлшек пен ондық бөлшектің ұқсастығы мен айырмашылығы

Оқушылар жай бөлшек пен ондық бөлшектің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратып жазып, топта жұмыс істеу дағдыларын нығайтады

Сергіту сәті

1. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
2. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
3. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар.
4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?Жауабы: үш стакан
6. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
7. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
8. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
9. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
10. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
11. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
12. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
13. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады? Жауабы: 3+3=6 6-5=1 3+1=4л

Оқушылар жұптаса отырып, логикалық есептерді шығара отырып, ойлау қабілеттерін шыңдайды

Тапсырмалар: оқулықпен жұмыс

1 Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр

0,23; 1,25; 13,04; 5,011; 120,003;

2 Ондық бөлшекті оқылуы бойынша жазып бер

0,2; 71,08; 9,026; 114,0003; 57,9;

3 Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыр

4 Амалдарды орындап, нәтижесін ондық бөлшекке айналдыр

а) ә)

5 Ондық бөлшектерді оқылуы бойынша жазып бер

0,33; 0,186; 5,3; 0,07; 15,009; 1000,00005;

6 Теңдеуді шешіп, нәтижесін ондық бөлшекке айналдыр

а) ә)

Оқушылар өз беттерінше, жұппен, топпен бірлесе отырып берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§35 ереже жаттау

Үйге берілген тапсырманы әр топ жеке-жеке шығарады

Рефлексия: «Телеграмма» әдісі

Оқушыларға алдын ала қағаздан қиылып, дайындалған ұялы телефонның суреті таратылады. Шарты: телеграмма 11 сөзден аспауы керек.

Әр оқушы сабақтың өтілу туралы пікірлерін жазады. Шарт міндетті түрде орындалу керек

Қосымша ақпарат

Төмендегі ұяшықтарға сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгізуім керек және неліктен?

Пәнаралық байланыс

АКТ-мен байланысы

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

Сабақ барысында жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін нәрселер?

Автор
Дата добавления 15.02.2017
Раздел Математика
Подраздел Самостоятельная работа
Просмотров420
Номер материала 2669
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.