Уроки математики / Конспект урока / Екі түзуді қиюшымен қиғандағы бұрыштар

Екі түзуді қиюшымен қиғандағы бұрыштар

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3С бөлім. Түзулердің параллельдігі

Мектеп: Химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 20.02.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 7 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: № 33-34

Екі түзуді қиюшымен қиғандағы бұрыштар

Параллель түзулердің қасиеттері мен белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.11 екі түзу мен қиюшы қиылысқандағы бұрыштарды танып біледі (айқыш, ішкі тұстас, сәйкес бұрыштар);

7.3.2.20 параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдейді;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • екі түзу мен қиюшы қиылысқандағы пайда болған бұрыштар туралы түсінік қалыптастыру;

  • параллель түзулер туралы түсінік қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Білім алушы:

  • параллель түзулерді анықтайды;

  • екі түзу мен қиюшы қиылысқандағы пайда болған бұрыштар туралы біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- теоремаларды дәлелдеу мен есеп шығаруды түсіндіреді;

- бөлімнің терминдері мен ұғымдарына сүйенеді;

- сызбадағы берілгендерді суреттейді.

Бөлім бойынша лексика және терминология

- параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулер;

- қиюшы;

- ішкі айқыш бұрыштар, ішкі тұстас бұрыштар, сәйкес бұрыштар;

- үшбұрыштың сыртқы бұрышы;

- үшбұрыш теңсіздігі;

- перпендикуляр, көлбеу, проекция.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- екі параллель түзулерді қиюшы арқылы қиғанда ... пайда болады;

- егер ішкі айқыш бұрыштар ... ;

- егер ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы ... ;

- егер сәйкес бұрыштар ... ;

- берілген бұрыш үшбұрыштың ... төбесіндегі сыртқы бұрышы болып табылады, өйткені ... ;

- үшбұрыштың берілген бұрышы ... қарсы жатқандықтан, үшбұрыштың ең үлкен бұрышы болады;

- үшбұрыштың сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес ... қосындысына тең болады;

- үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы ...;

- 300 - тық бұрышқа қарсы жатқан катетті табу үшін ... ;

- үшінші түзуге перпендикуляр екі түзу ... ;

- ... перпендикулярын ... түсіреміз.

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті түсініктер қарастырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Сызба жұмыстарын орындауда «GeoGebra» бағдарламасын пайдалану.

Бастапқы білім

Параллель түзулер анықтамасы, перпендикульяр түзулер. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылар құралдарын реттеу.

ІІ. Мұғалім сыныпта Коллаборативті атмосфера қалыптастырады

ІІІ. Сабақтың өзектілігі (практикалық)

Мұғалім оқушыларға тапсырмалар таратады. Оқушылар тапсырманы орындайды және дескрипторлар бойынша өздерін өздері бағалайды.

Дескрептор

Балл

1

Параллель түзулерді анықтайды

1

2

Параллель түзулердің жазылуын біледі

1

3

Перпендикуляр түзулерді анықтайды

1

4

Жазылуын біледі

1

5

Қиылысатын түзулер

1

6

Жазылуы

1

7

Беттесетін түзулер

1

Сайт:

https://infourok.ru/urok_geometrii_v_7_klasse_po_teme_parallelnye_pryamye_i_sposoby_ih_postroeniya-145280.htm

Сабақтың ортасы

7 минут

5 минут

10 минут

10 минут

IV. Жаңа тақырыпты ашу:

Мұғалім: Оқушылар біз жаңа тақырыпты ашпас бұрын ең алдымен мынадай практикалық тапсырмалар орындаймыз

  1. Бір нүктеде қиылыспайтын үш түзу салыңыз;

  2. Бұрыштарды белгілеңіз, мысалы цифрлармен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 немесе әріптермен;

Мұғалім: Оқушылар сіздер тапсырмада өзіміз білетін қандай бұрыштарды көріп тұрсыздар.

Оқушылар: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар

Мұғалім: Сыбайлас және вертикаль ұрыштардың анықтамалары

Мұғалім: Оқушылар өздеріңіз көріп тұрғандай бұр екі бұрыштан басқа тағы да басқа бұрыштардың жұптары бар. Казір біз оларды білетін боламыз. Сабақтың тақырыбы, сабақтың мақсаты айтылады.

Мұғалім: a түзуі b және c түзулерімен қиылысатын болсын. a Түзуі қиюшы деп аталады. b және c түзулерінің қиюшысымен жасайтын бұрыштары жұптарының арнайы атаулары бар.

- ішкі тұстас бұрыштар

ішкі айқыш бұрыштар

сәйкес бұрыштар жұптары.

V. Жеке жұмыс (практикалық)

(оқушылардың тақырыпты меңгергендігін бақылау)

Оқушыларға сызба беріледі. Осы сызбаға қарап Ішкі тұстас бұрыштардың және айқыш бұрыштардың жұбын жазыңыздар.

VI. Сыни тұрғыдан ойлау тапсырмасы:

  1. Екі параллель түзу жүргізіңіздер

  2. Түзу қиюшымен қиылған

  3. Пайда болған бұрыштарды белгілеңіздер

  4. Транспортирдің көмегімен әр бұрышты өлшеңіздер

  5. Не байқадыңыздар

  6. Қорытынды жасаңыздар

Дескриптор

Балл

1

Сызба сауатты орындалған

1

2

Транспортирмен бұрыштық шамаларды өлшей алады

1

3

Вертикаль бұрыштардың қасиетін біледі

1

4

Сыбайлас бұрыштардың қасиетін біледі

1

5

Алынған шамалар бойынша қорытынды жасайды

1

VII. Топпен жұмыс:

Оқушыларды топтарға біріктіріледі. Түзулердің параллельдік белгілерінің теоремасына кері теоремаларды тұжырымдауды ұсынылады. Теоремалар мен оған кері теоремаларды А3 немесе А4 парақтарына үлгіде көрсетілгендей кестеге жазады.

Теорема атауы

Түзулер параллельдігінің белгісі

Параллель түзулердің қасиеттері

Теореманың тұжырымдамасы

Шарты (берілгені)

Қорытынды (дәлелдеу керек)

Әрбір топ алынған бір теореманы кітапты немесе тірек конспектісін қолданып дәлелдейді. Қажеттілік туындаса, мұғалім көмек береді. Әрбір топ теореманың дәлелдемесін тақтада көрсетеді.

Мұғалім:

«7.3.2.20 параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдейді» мақсаты бойынша

сабақты бекітеді

Жұппен жұмыс:

1 тапсырма

2 тапсырма

1) Екі паралель түзуді қиюшымен қиғандағы ішкі тұстас бұрыштардың айырмасы 30 градус. Осы бұрыштарды табыңдар.

2) Қиюшы мен паралель екі түзу арасындағы айқыш бұрыштардың қосындысы 150 градус. Осы бұрыштарды табыңдар.

3) Қиюшы паралель екі түзумен қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі 72 градус. Қалған 7 бұышты табыңдар.

4) Қиюшы мен паралель екі түзу арасындағы бұрыштардың бірі 30 градус. Өзге бұрыштың бірі 70 градусқа тең болуы мүмкін бе?

5) Параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың шамасын табыңдар. Мұндағы ішкі айқыш бұрыштардың қосындысы 280 градус қа тең.

Геометрия – 7

Ә.Н.Шыныбеков

Оқу жоспары 7 сынып

Алгебра– 7 сынып

А.П. Ершов – 7 кл

Сабақтың соңы

3 минут

Үйге тапсырма:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Рефлексия:

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша өз пікірлерін дәптерлеріне жазады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бір –біріне түсіндіруі, топтық жұмыс арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтау

Шапалақтау, басбармақ, сабақ барысында қолдау, мадақтау, өзін – өзі, өзара бағалау.

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 мин асырмау;

Көз жаттығуларын жасау.

Автор
Дата добавления 20.06.2018
Раздел Геометрия
Подраздел Конспект урока
Просмотров48
Номер материала 5779
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.