Уроки математики / Презентация / Электрондық кестелер. Microsoft Excel – ге кіріспе (9 сынып)

Электрондық кестелер. Microsoft Excel – ге кіріспе (9 сынып)

«№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ тақырыбы:

Информатика пәні мұғалімі: А.Ахметжанова

Алматы 2016

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Microsoft Excel – ге кіріспе

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ, НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН АМАЛДАР, EXCEL мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактив тақта, практикум.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

  3. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

  4. Мақсат қою кезеңі

  5. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

  6. Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі (Компьютермен жұмыс жасау) (Тапсырмаларды орындау).

  7. Сабақты бекіту. (тест).

  8. Оқушыларды бағалау.

  9. Үйге тапсырма

І. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі «Кубик лақтыру» ойыны

ІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі сұрақ – жауап

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

3. Місrosoft Excel программасы

  1. Кесте құруга және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;.

  2. Сақталган кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;

  3. Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуга;

  4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауга;

  5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға;

  6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;

  7. Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;

  8. Диаграмма тұрғызуға;

  9. Графикалық объектілер кірістіруге;

  10. Баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

Excel-ді іске қосу:

Іске қосу батырмасы арқылы Программалар менюінен Excel-ді таңдау қажет.

Microsoft Excel бағдарламасының терезесі мына злементерден тұрады:

Жұмыс кестесінің элементтері

Excel-дің объектілерімен өңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,...,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшықдеп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді үяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы: А1, С20.

Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағанның енін маустың көмегімен өзгертуге болады немесе Формат-Строка (Столбец)-Ширина командасын таңдау керек.

Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

VI. Компьютермен жұмыс (практикалық тапсырма)

VIІ. Бекіту кезеңі тест тапсырмасы

VIІІ.Үйге тапсырмасын беру, бағалау

Автор
Дата добавления 06.12.2016
Раздел Алгебра
Подраздел Презентация
Просмотров872
Номер материала 1426
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.