Уроки математики / Конспект урока / Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Тақырыбы:Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 9-сынып геометрия пәні

Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Тақырыбы:Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 9-сынып геометрия пәні

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ № 37

Ү.Кәрібаев атындағы орта мектеп МДШО

Күні: 24.01 2018

Мұғалімнің аты-жөні: Харабай Еркегул.

Сынып: 9 а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар

Оқу мақсаттары

Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар туралы түсінік беру; шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштың қасиеттерін қолданып есептер шығаруды үйрету;

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: шеңберге іштей және сырттай өртбұрышты қалай сызуға болатындығын тұжырымдайды; Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттерін түсіндіреді;

Оқушылардың көпшілігі:есептер шығару барысында кескіндерін дұрыс салады және төртбұрыштардың қасиеттерін тұжырымдайды;

Жетістік критерийлері

Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың қасиетін біледі;

Шеңберге сырттай сызылған төртбұрыштың қасиетін түсіндіреді;

Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың қасиетін қолданып, есептер шығарады;

Шеңберге сырттай сызылған төртбұрыштың қасиетін есептер шығаруда қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Кез келген төртбұрышқа іштей немесе сырттай шеңберге сызуға болмайтындығын түсіндіреді; теңбүйірлі трапецияға іштей және сырттай шеңбер сызуға болады.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Егер көпбұрыштың барлық төбелері шеңбердің бойында жатса, онда бұл көпбұрышты іштей сызылған көпбұрыш деп атайды.

Егер шеңбер көпбұрыштың барлық қабырғаларын жанайтын болса, онда көпбұрышты сырттай сызылған көпбұрыш деп аталады.

Іштей сызылған төртбұрыштың қарама-қарсыбұрыштарының қосындысы180 градусқа тең.

Сырттай сызылған төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қосындысы тең болады

Трапецияға сырттай сызылған шеңбердің центрі трапецияның орта перпендикулярында жатады.

Сырттай сызылған төртбұрыштың ауданы S=pr

Құндылықтарды дарыту

Тақырыптың мазмұнын түсініп, математикалық сөздік қорын молаzды;, ой өрісі дамыта отырып , сөз ұтқырлыққа талпыну әрекеттерін пайдаланады

Пәнаралық байланыстар

Сызу , математика

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты табу, қосымшаларды пайдалану арқылы АКТ-ны қолдану.

Бастапқы білім

Шеңберге іштей сызылған бұрыштың қасиеттерін түсіндіреді; төртбұрыштың түрлері және қасиеттері туралы түсіндіре алады;

Ойлау дағдылары

Қолдану, талдау, жинақтау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

5 минут

7 минут

Сабақтың ортасы

2 минут

5 минут

15 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушыларды түгендеу;
-сабаққа даярлықтарын тексеру;

-сабаққа көңілдерін аудару.

Үй тапсырмасын жұппен тексеру.

ІІ. Өткенді қайталау

Тест тапсырмалары

  1. 10 бұрыштың неше диагоналі бар?

А) 7; В)30; С) 54 Д) 35

2) Көпбұрыштың бір төбесінен 16 диагональ жүргізуге болады. Бұл қандай көпбұрыш?

А) 21; В) 20; С) 104 Д) 13

3) Сегізбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?

А) 360; В) 1080; С) 1440; Д) 135

4) Он екі бұрыштың әр төбесінен неше диагональ жүргізуге болады?

А)10 В)8 С) 7 Д) 9 Е)5

5)Дұрыс бесбұрыштың әр бұрышы? 
А) 360
0 В) 900 С) 5400 Д) 1080 Е) 1200 

6) Бір бұрышы 1440-қа тең көбұрыштың қабырғалар саны неге тең?

А) 10 В) 12 С) 8 Д) 9

7) Бір доғаға тірелетін, АОВ центрлік бұрышы үшін іштей сызылған АОВ бұрышының градустық өлшемін табыңыз. АСВ бұрышы 800-қа тең.

А) 600 В) 400 С) 1600 Д) 1800 Е) 1200 

8. АВ түзуі радиуысы 15 см центрі О нүктесі шеңберді В нүктесінде жанайды ОА=17 см болса, АВ тап.

A)7 B)10 C)8 D)11 E)2

9. Сыртай сызылған АВСDтөртбұрышында АВ=8см, СD=13 см, DA=16см болса, ВС тап.

A)7 B)9 C)10 D)5 E)3

10. {-6;k} және {3;2} векторлары k-ның қандай мәнінде өзара перпендикуляр болады.

A) 11 B) 3 C) 9 D) 1 E) 5

Миға шабуыл(Bilimland сайты)

Есептер шығару

  1. Шеңберге сырттай сызылған теңбүйірлі трапеция берілген. Оның орта сызығы 1см, ал бір бұрышы 300. Шеңбердің радиусын тап

  2. Радиусы 2м-ге тең шеңберге сырттай сызылған теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғасы 5м. Табу керек:

Трапецияның табандарының ұзындығын;

Сырттай сызылған шеңбердің радиусын

  1. Шеңберге сырттай сызылған теңбүйірлі трапецияның табандарының ұзындығы 4 және 16 м. Табу керек:

Сырттай сызылған шеңбердің радиусын

Іштей сызылған шеңбердің радиусын

  1. Диагональдары 6м және 8м болатын ромбтың ішіне шеңбер сызылған. Осы шеңбердің радиустарын табыңдар.

  2. АВСД төртбұрышының төбелері шеңбердің бойыннда жатыр. ⦟АВD=740, ⦟DBC=380, ⦟BDC=650. Қалған бұрыштарын табыңдар.

  3. Теңбүйірлі трапецияға іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңдар. Трапецияның бүйір қабырғасы 10см, табанының кішісі 4см.

  4. Шеңберге сырттай сызылған теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғасы 8см. Трапецияның периметрін табыңдар

Қорытындылау Венн диаграммасы

Шеңберге іштей және сырттай сызылған шеңберлер

Шыныбеков Ә. Н.

2-қосымша

С.Шәкілікова

Шыныбеков А.Н

Атамұра 2013 ж

Сабақтың соңы

3 мин

ІХ. Рефлексия жазу. БББ кестесін толтыру

 Х. Үйге тапсырма: 5 сұрақтан тұратын тест дайындап келіңдер

Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды

Бағалау критеийлері

  • Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың қасиетін білуі;

  • Шеңберге сырттай сызылған төртбұрыштың қасиетін түсінуі;

  • Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың қасиетін қолданып есеп шығаруы;

  • Шеңберге сырттай сызылған төртбұрыштың қасиетін қолданып есеп шығаруы;

  • Есептерді толық және сауатты шығарылуы;

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Жеке тапсырмалар беру арқылы;

Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуда да, оқуда да)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді? (оқытуда да, оқуда да)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ № 56

Ү.Кәрібаев атындағы орта мектеп МДШО

Күні: 24.01

Мұғалімнің аты-жөні: Харабай Е

Сынып: 10 а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Функция графигіне жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициенті және жанаманың теңдеуі

Оқу мақсаттары

Туындының физикалық және геометриялық мағнасын, жанаманың теңдеуін игерту, оларды есеп шығаруға қолдануды үйрету.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы. Жанаманың бұрыштық коэффициентін табуды біледі және жанаманың берілген нүктеде теңдеуін жаза алады; бұрыштың көффициентінің таңбасына қарай оның доғал, сүйір болатындығын түсіндіреді; параллель болу жағдайын тұжырымдайды;

Оқушылардың көпшілігі: есептер шығару барысында формулаларды қолданады және түрлендірулерді орындайды

Жетістік критерийлері

  • Туындыны табу ережелерін жазып бере алады;
    - функциялардың туындыларын таба алады;
    - Жанаманың теңдеуін жаза алады;;

  • Жанаманың бұрыштық коэффициентін және жасайтын бұрышын анықтай алады;

  • Параллель болған жағдайдағы жанаманың теңдеуін жаза алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

Формулаларды,есептің шығару жолдарын ауызша баяндайды; бұрыштық коэффициент және жанаманың теңдеуі турала мәлімдеме жасайды
-
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Функцияның  графигіне берілген нүктеде жүргізілген жанама мен Ох осінің оң бағытының арасындағы бұрыш:

А) сүйір болса, онда берілген нүктедегі туындының мәні оң;

Ә) доғал болса, онда берілген нүктедегі туындының мәні теріс

Б) нөлге тең болса, онда берілген нүктедегі туындының мәні нөлге теңғ демек параллель болады.

Құндылықтарды дарыту

Деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, өз бетінше білім алуға дағдыландыру; логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Пәнаралық байланыстар

физика,

АКТ қолдану дағдылары

Көрсету құралы ретінде интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Функцияның геометриялық және физикалық мағынасы туралы түсінік береді

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушыларды түгендеу;
-сабаққа даярлықтарын тексеру;

-сабаққа көңілдерін аудару.

Оқушыларды жұпқа бөлу

ІІ. Үй жұмысын тексеру. №198

Дайын жауап бойынша жұпта үй жұмысын тексереді.

  • Туындыны табу ережелерін біледі;

  • Функцияның физикалық мағынасын түсінеді;

  • Жанаманың теңдеуін жаза алады;

Өткенді қайталау

  1. Туындыны табу ережелерін жазыңдар.

  2. Туындының физикалық мағынасы дегеніміз не?

  3. Туындының геометриялық мағынасын тұжырымда.

Оқулық, түрлі-түсті маркерлер, кеспе қағаздар

Постер

Сабақтың ортасы

30 мин

Практикалық жұмыс

Ой қозғау

1. Шапшаң есепте . Туындыны тап.

1) у=х2-4х+3

2)f(х)=3х3-2х2+х; f I (6)-?

3) S(t)=t2-5t+1- заңы бойынша түзу сызықты қозғалған дененің t=2с кезіндегі қозғалыс заңдылығын тап

5) y=4x2 y=5x2

x0=-1 x0 =1

y=f(x)-функция графигі

х0- нүктесіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жазыңдар

Есептер шығару Жұптық жұмыс

199№201№205

Жеке тапсырма тест

ә) тестік тапсырма

1. функциясының графигін тап.

А. 9х-9 В. 9х2-9х С. 9х2-8х Д.

2. f(x) =2x3-5x функциясының графигіне М(2;6) нүктесіне жүргізілген жанаманың көлбеулік бұрышының тангенсін тап.

А. tq=29 В. tq=19 С. tq=13 Д. tq=17

3.Абсциссасы x0=-1 нүктесінде y= х4+х функциясының графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жаз.

А. y=3х+3 В. y=-3х-3 С. y=3х+7 Д. y=х-3

4.f(x)= функциясының туындысын тап.

А. В.

С. Д.

5. Нүкте түзу бойымен s=t3+2t2-4 заңы бойынша қозғалады. t=2 с кезіндегі нүктенің жылдамдығын тап.

А. 10 В. 20 С.34 Д.16

Оқулық,

Интебелсенді тақта

Сабақтың соңы

3 мин

ІХ. Рефлексия жазу. БББ кестесі

Оқушылардың білімдерін критерий бойынша бағалау

Бағалау критерийлері

  • Функцияның туындысын есептеу ережелерін біледі;

  • Ережені қолданып есептер шығара алады;

  • Жанаманың теңдеуін және бұрыштың коэффициентін табуды біледі;

 Х. Үйге тапсырма: №203№204

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қиынырақ есептер беріп, олардың нәтижесімен қорытынды жасату; Жеке тапсырмалар беру арқылы;

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

А деңгейіндегі оқушыларға В және С деңгейіндегі оқушылар көмек беру.

Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау.

Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау.

«Бас бармақ.», «Өз –өзіңді бағала»

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуда да, оқуда да)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді? (оқытуда да, оқуда да)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Автор
Дата добавления 07.02.2018
Раздел Геометрия
Подраздел Конспект урока
Просмотров363
Номер материала 5311
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.