Уроки математики / Конспект урока / Көңілді тапқырлар 5 сынып

Көңілді тапқырлар 5 сынып

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АҚТОҒАН ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Сыныптан тыс іс- шара:

5 «А» сынып

Математика пән мұғалімі:

Нысанбаева Гульжамал Толегеновна

2019-2020 оқу жылы

Жамбыл облысы

Т. Рысқұлов ауданы Ақтоған орта мектебі Нысанбаева Гульжамал Толегеновна математика пән мұғалімі

«Көңілді тапқырлар » математикалық сайысы

(сыныптан тыс шара 5-сынып)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. Топтың аты жазылған алдарына қоятын қағаздар. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау

Түрі: топтық сайыс

 Жоспары:

1.Топ мүшелерімен таныстыру.

2. Логикалық сұрақтар;
3. Ойымды жалғастыр

4. «Кім тапқыр?»

Ребустар шешу

5. Сергіту сәті. «Ойлан тап».
Сиқырлы балық

6. «Қас қағым сәт” сайысы

7. Қатесін тап

8. Конструктор құрастыру

Топ мүшелерімен таныстыру. Сынып екі топқа бөлінеді: «Ұшқыр» және «Зерде» болып.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. «Логика өнері – адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»

Әбу Насыр Әл-Фараби

2. «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»

Р.Бэкон

Барысы:

Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін «Көңілді тапқырлар» атты сайысқа жиналып отырмыз. Бұл сайыста екі топтың білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық.

Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады.

1.Топ мүшелерімен таныстыру.

2. Логикалық сұрақтар;
3. Ойымды жалғастыр

4. «Кім тапқыр?» Ребустар шешу

5. Сергіту сәті. «Ойлан тап».

Сиқырлы балық

6. «Қас қағым сәт” сайысы

7. Қатесін тап.

Таяқшалардан бірнеше қате теңдіктер құрастырылған.

8. Конструктор құрастыру

І. Логикалық сұрақтар.

Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады.

Кім бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.

Әр-бір дұрыс жауабқа – 1 ұпай.

І топқа

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша?

2.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

3. Үш түйеқұс үшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалады?

ІІ топқа

1.Наурыз тойы кезі.

Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60 километр шауып өтсе, әр ат неше километрден шабады?

2. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?

3.Ұшақ А қаласынан В қаласына 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір?

ІІ. “Ойымды жалғастыр” сайысы

Әр-бір дұрыс жауабқа – 1 ұпай.


І топқа

1.Жеті жұрттың тілін біл,

...................................

2. Білекті бірді жығар,

................................

3. Екі жақсы қас болмас,

..................................

4. Досыңды үш күн сынама,

..................................

ІІ топқа

1.Бір елі ауызға,

.........................

2. Жүз теңгең болғанша,

...............................

3. Отыз тістен шыққан сөз,

..................................

4. Білгенің бір тоғыз,

..................................

ІІІ. «Кім тапқыр?

Ребус шешу Әр-бір дұрыс жауабқа – 2 ұпай.


№2

№3

4. Екі топтың алдына беріледі. Қызбаланың атын табу керек.

Қай топ жылдам табады.

ІV.

Сергіту сәті. «Ойлан тап»

«Сиқырлы балықтар әлемі» Әр-бір дұрыс жауабқа – 3 ұпай.

Шахмат тақтасы плакатқа сызылған, балықтарды мысық жеп қоймайтындай етіп орналастыру керек.

Оларды тігінен, көлденеңінен және бір диагональдың бойында болмайтындай етіп орналастырып шығу керек.

VІ. .«Қас қағым сәт» сайысы

1 – 2 мин ішінде үлгерсе – 3 ұпай.

Таблица бойынша 51-ге дейін санап шық, (1 – 2) мин ішінде, қай топ жылдам санайды.

VІІ. Қате теңдіктер. Әр-бір дұрыс жауабқа – 2 ұпай.

Таяқшалардан бірнеше қате теңдіктер құрастырылған.

Әрбір теңдікте бір таяқшаның ғана орын ауыстырып дұрыс теңдікке келтіріңіз.

1.а) ХІІ + ІХ=ІІ ә) х+х=І

жауабы:

а) ХІІ - ІХ=ІІІ ә) хІ-х=І

2.б) х = vІІ-ІІІ

в) Іv- v =І

жауабы:

б) х - VІІ=ІІІ

в) vІ- v =І

Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті, қазылар алқасынан әр турдың жиналған жалпы ұпай санын сұраймыз.

Бүгінгі сыныптан тыс ашық сабағымызды аяқтап, эстафеталық сайысқа белсене қатысқан оқушыларды анықтап, қазылар алқасы марапаттайды.

Автор
Дата добавления 22.10.2019
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров1722
Номер материала 6384
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.