Тақырыбы: Қосындыны санға бөлуді қайталау.
Мақсаты: 1.Қосындыны санға бөлу тәсілдерін пысықтау.
2.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.Жылдам есептеу дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
3.Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын, дені сау, тәні таза, ақыл- есі дұрыс XXI ғасыр азаматтарын тәрбиелеу.
Түрі : бекіту сабағы.
Әдісі: проблемалық, сұрақ- жауап, өзіндік, көрнекілік әдістері.
Көрнекі құралдары: презентациялар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дене шынықтыру.
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Жағымды психологиялық көңіл- күй орнату.
II. Өткен материалды пысықтау:
1. «Миға шабуыл» (ауызша сұрақтар қою)
7жүзд 5онд 2бірл құралатын сан (752)
Концертке 30қыз,25ұл бала қатысты.Концертке барлығы неше бала қатысты? (55)
4ц. неше кг бар? (400кг)
Екі дәптерді 120 теңгеге сатып алатын болсақ, бір дәптер қанша тұрғаны. (60 тг)
Х:7=5 теңдеуіндегі х-тің мәні нешеге тең. (35)
Кез-келген санды 0-ге көбейткенде не шығады? (0)
Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады? (а*в)
7жүздіктен 7ондықты азайтқанда не шығады? (630)
16-ның 2ден 1бөлігі (8)
2.Ауызша көбейту мен бөлуді қайталаймыз.
Слайд 1 5*2 21:3 82 20*4 160:8
Слайд 2 7*4 48:6 33 30*5 150:3
Слайд 3 8*7 36:6 72 60*5 180:9
3.Топ бойынша өздік жұмысы. Кестені толтыру.
Слайд 4
№ | а | в | S | P |
1 топ | ? | 3см | 24см2 | ? |
2топ | 8см | 5см | ? | ? |
3топ | 6см | ? | 12см2 | ? |
4.-Соңғы өткен тақырыбымыз қандай?
-Тақтаға келіп 1 оқушы мысал келтіреді. 2-оқушы сол мысалға екінші тәсілді қолданып жазады.
III.Жаңа сабақ
1.Слайд 5 Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2.Кіріспе әңгіме.
- Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Далада қалың қар, жылтыраған мұз айдыны да дайын.
- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлері ойналатынын білесіңдер ме? (шана, шаңғы тебу, хоккей т.б.)
- Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда осы қысқы ойын түрлерімен жақынырақ танысып, сол ойындарды ойнаймыз.
-Сендерге қыс мезгіліндегі ойындар ұнайды емес пе?
-Иә.
- Деніміз сау болу үшін көп қимылдап, спортпен шұғылдануымыз керек екен.
-Ендеше ойынымызды бастайық.
-Әр спорт түрімен жақынырақ танысып, білу үшін оқулықта берілген тапсырмаларды орындаймыз.Біздің ойындағы жеңісіміз тапсырмаларды дұрыс орындауымызға байланысты.Тапсырманы орындап болған соң, сол спорт түрі туралы өлең оқып, мақал- мәтел айтамыз.
Слайд 6 «Шаңғы тебу» №1, 168 бет Есепті екі оқушы кезекпен тақтада шығарады.
А) 6 күнде-20кг және 22кг (20+22):6=7 кг
1 күнде-?кг Ж: күніне 7кг көкөніс жұмсайды.
Ә) 32үй-4 қатар 32:4=8(ү)
48 үй-? қатар 48:8 =6(қ)
Ж: 48 үй 6 қатарды құрайды.
Мақал: «Шынықсаң- шымыр боласың»
Слайд 7
Слайд8 «Шанамен сырғанау» №2. Топ бойынша өздік жұмысына беру.
Слайд 9 (Өрнектердің тек қана жауаптарын жазады)
Мақал: « Дене қимылы-дәрісіз ем,шыныға жүріп дертті жең.»
Слайд 10 «Аққала жасау» №3.Тақтаға қатарынан 4оқушы шығып, бірден орындайды.
(12+8):5= 4
8*(29+11)= 320
(18+24):7= 6
(35-15)*6= 120
Мақал:
Сергіту сәтіне Слайд 11 «Хоккей ойыны» (ауызша жауап беру)
-1велосипедтің 2 дөңгелегі бар. 6 велосипедтің неше дөңгелегі бар?(12)
-1дәптер 10теңге тұрса, 30 теңгеге неше дәптер алуға болады? (3)
-Салтанат 20 теңгеге өшіргіш, ал одан 4есе артық ақшаға қалам алды. Қалам неше теңге тұрады? (80теңге)
-Әсел 18 баланы 3 топқа тең қылып бөлді.Әр топта неше баладан болды?(6 баладан)
Мақал:
Слайд 12 «Мәнерлеп сырғанау» №4. Тақтаға кезекпен орындату.
(1 ұл, 1қыз шығару)
А)16:4= 4см 4cм Ә)S=а2 42=16cм2 4см
Мақал:
Слайд 13 «Коньки тебу» №5. Жалпылай талқылау.Тақтаға кезек-кезек жазғызу.(Тапқан 4баланың мойнына коньки іліп тұру)
А)5+15= 20 Ә)4+16 =20
10+10= 20 8+12 =20
Слайд 14 Логикалық тапсырма
Жауабы: 3, 9, 27, 81, 243
Мақал:
IV.Қорыту.
V.Бағалау.
VI.Үйге тапсырма:№6, №7 169 бет.
Автор |
|
---|---|
Дата добавления | 16.10.2017 |
Раздел | Начальная |
Подраздел | Конспект урока |
Просмотров | 865 |
Номер материала | 4651 |
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |