Уроки математики / Конспект урока / Координаталық жазықтық. координатасы бойынша нүктені салу

Координаталық жазықтық. координатасы бойынша нүктені салу

Күні: 03.03.2017ж

Пәні : математика

Сыныбы: 6 «в», 6 «д»

Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу.

Мақсаты :

Білімділік мақсаты: Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табу біліктіліктерін пысықтау

Дамытушылық мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның логикалық ой- өрісін, есте сақтау, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, нәтиже алуға баулу

Күтілетін нәтиже: Білімді көтеру, дұрыс шешім қабылдау, ұқыпты болу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: Репродуктивті, ішінара ізденушілік,топтық, жұптық жұмыс, сұрақ- жауап.

Көрнекілік құралдар: сызба салынған плакат, үлестірме материалдар, магниттер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №1164,1166.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту. Сұрақ-жауап.

ІV. Есептер шығару.

1168. Координаталық жазықтықта М(-2;-3); N(2;4); K(-3;4);L(3;1) ұштарының координаталары бойынша кесінді сызып, олардың қиылысу нүктесінің координаталарын табыңдар.

1170.

1) В (х; 3) және А (-2; 1) нүктелері абсциссалар осіне жүргізілген перпендикуляр түзуде жатыр. х-ті табыңдар.

2) D (-2; у) және С (3; 2) нүктелері ординаталар осіне перпендикуляр түзуде жатыр. у-ті табыңдар.

№1173.

1) Координаталық жазықтықта абсциссасы 2-ге тең кез келген үш нүкте белгілеңдер. Оларды координаталарымен жазыңдар.

2) Координаталық жазықтықта ординатасы 4-ке тең кез келген үш нүкте белгілеңдер. Оларды координаталарымен жазыңдар.

V. Жаңа сабақты бекіту. «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл»

Үш топқа нүктелердің координаталары беріліп, сурет салады. Шыққан суретті үш тілде айту керек.

( үй, дом, house, қарындаш,карандаш, pencil, сөмке немесе дорба, сумка, bag)

І топ (3;2) (3;-2) (-4;-2) (-4;2) (-1;5) (3;2) (1;1) (1;-1) (-2;-1) (-2;1)

ІІ топ (-3;3) (-3;1) (-6;2) (-3;3) (5;3) (5;1) (5;2) (-3;2)

ІІІ топ (-1;2) (1;6) (2;6) (4;2) (4;-2) (-1;-2) (-1;2) (1;0) (2;0) (4;2)

түлкі

1) (- 3; 0), (- 2; 1), (3; 1), (3; 2),
(5; 5), (5; 3), (6; 2), (7; 2), 
(7; 1,5), (5; 0), (4; 0),(4; - 1,5), (3; - 1), (3; - 1,5),(4; - 2,5),
(4,5; - 2,5), (- 4,5; - 3), (3,5; - 3), (2; - 1,5),(2; - 1), (- 2; - 2),
(- 2; - 2,5), (- 1; - 2,5), (- 1; - 3), (- 3; - 3), (- 3; - 2), (- 2; - 1),
(- 3; - 1), (- 4; - 2), (- 7; - 2),
(- 8; - 1), (- 7; 0), (- 3; 0).

2) көзі: (5; 2).

аю

1.(-3;0),(-3;1),(-2;1),( -2;2),( -2,5;2,5),(-2,5;4),(-3;5),(-2;6),(-1;5),(0;5)

2. .(3;0),(3;1),(2;1),(2;2),(2,5;2,5),(2,5;4),(3;5),(2;6),(1;5),(0;5)

3.(-3;-1),(-2;-1),(-2;-3),(-3;-4),(-1;-4),(-1;-3),(0;-3)

4. (3;-1),(2;-1),(2;-3),(3;-4),(1;-4),(1;-3),(0;-3)

Көзі:(-1;4),(1;4)

тышқан

1) (3; - 4), (3; - 1), (2; 3), (2; 5),
(3; 6), (3; 8), (2; 9), (1; 9),
(- 1; 7), (- 1; 6),(- 4; 4), (- 2; 3), (- 1; 3), (- 1; 1), (- 2; 1), (-2; - 1), (- 1; 0), (- 1; - 4), (- 2; - 4),
(- 2; - 6), (- 3; - 6), (- 3; - 7),
(- 1; - 7), (- 1; - 5), (1; - 5),
(1; - 6), (3; - 6), (3; - 7),
(4; - 7), (4; - 5), (2; - 5), (3; - 4).

2)құйрығы: (3; - 3), (5; - 3),

(5; 3).

3)көзі: (- 1; 5).

VI. Қорытынды.

VII. Үйге тапсырма :  №1174,№1176.

VIII. Оқушыларды бағалау.

Автор
Дата добавления 15.05.2017
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров688
Номер материала 4070
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.