Уроки математики / Конспект урока / Сызықтық функциялар графигінің өзара орналасуы

Сызықтық функциялар графигінің өзара орналасуы

Бекітемін:

Пән: математика Мектеп:«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ

Ұзақ мерзімді жоспар Мұғалімнің аты-жөні Бердышова А.У

Күні: 07.04.2017 Қатысқандар саны:

Сынып: 6 «А» Қатыспағандар саны :

Сабақ тақрыбы:

Сызықтық функциялар графигінің өзара орналасуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сызықтық функциялар графигінің өзара орналасуы графикке қарап ажырата алдады

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуын қарастырады.

Көптеген оқушылар Математика пәнінде сызықтық функциялар графигінің өзара орналасуын бағалайды

Кейбір оқушылар: Күрделі есептер шығара алады

Жетістік критерийлері

Берілген әрбір тапсырмаларға қойылатын критерийлер

Тіллдік мақсаттар

Сызықты функция, график

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ойлау, есте сақтау, зейін қою қабілеттерін дамыту, Оқушыларды ұқыптылыққа,білімпаздыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Информатика, Әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Сызықтық функция және оның графигі

Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

Кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу

Атмасфералық жағдай қалыптастыру

Топқа бөлу

Үй жұмысын тексеру:

ТАҚЫРЫП ЖОСПАРЫ:

  1. Бір координаталық жазықтықта орналасқан екі сызықтық функцияның графиктерінің қиылысуы.

  2. Бір координаталық жазықтықта орналасқан екі сызықтық функцияның графиктерінің параллель болуы.

1-слайд

Сабақтың ортасы

Өзара қиылысатын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі болатыны белгілі. Сондықтан екі сызықтық функцияның графиктері болатын екі түзу қиылысуы үшін, оларға бір ғана нүкте ортақ болуы керек. Бұл жағдайда екі функция үшін, у-тің бір ғана мәніне х-тің бір ғана сәйкес келеді. х пен у-тің осы мәндері екі түзудің қиылысу нүктесінің координаталары болады. Қиылысу нүктесіндегі х-тің мәнін табу үшін функцияларды теңестіру қажет.

3- слайд;

М ы с а л. у=2х+1 функциясының графигі мен у=0,5х+4 функциясының графиктерінің қиылысу нүктесін табайық.

Ол үшін 2х+1=0,5х+4 теңдеуінің түбірін табу қажет:

2х+1=0,5х+4;

2х-0,5х=4-1;

1,5х=3;

х=2.

х=2 болғанда:

у=2х+1=2•2+1=5; у=5;

у=0,5х+4=0,5 • 2+4; у=5. Демек, х=2 болғанда екі функция да 5-ке тең бір ғана мәнді қабылдайды. А(2;5) нүктесі у=2х+1 функциясының графигіне де, у=0,5х+4 функциясының графигіне де тиісті. Онда бұл функциялардың графиктері болатын түзулер қиылысады.

Егер сызықтық функциялардың графигі болатын түзулердің бұрыштық коэффициенттері әр түрлі (тең емес) болса, онда түзулер қиылысады

2- тақырыпша Бір координаталық жазықтықта орналасқан екі сызықтық функцияның графиктерінің параллель болуы.

Бір координаталық жазықтықта орналасқан екі сызықтық функцияның графиктері болатын түзулердің ортақ нүктесі болмағанда ғана олардың параллель болатыны белгілі.

Мысал. у=1,5х+2 және у=1,5х-2 функциялары үшін 1,5х+2=1,5х-2 теңдеуін шешу қажет:

1,5х+2=1,5х-2;

0 ∙ х=-4.

Теңдеудің түбірі болмайды.

Теңдеудің түбірі болмайтындықтан, y=1,5х+2 және y=1,5х-2 функцияларының графиктері болатын түзулердің ортақ нүктесі болмайды, демек, бұл түзулер параллель.

у=1,5х+2 және у=1,5х-2 функцияларының графиктері болатын түзулердің бұрыштық коэффициенттері тең (k=1,5).

Егер сызықтық функциялардың графигі болатын түзулердін бұрыштық коэффициенттері бірдей (тең) болса, онда түзулер параллель болады

Топтық жұмыс

Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.

I топ

Графигі А(5;4) нүктесі арқылы өтетін және l=2 болатын функцияның:

  1. графигін салыңдар;

  2. формуласын жазыңдар;

  3. графигімен Ох осіне қатысты симметриялы түзуді сызып, оның функциясын формуламен жазыңдар.

II топ

Мына функциялардың графиктерін бір координаталық жазықтықта салыңдар:

Сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Түзулердің бұрыштық коэффициенттері неге тең?

  2. Графиктен түзулердің қиылысатын С нүктесін тауып, оны координаталарымен жазыңдар.

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау

рефлесия

Үйге тапсырма:

Оқушы жетістігін бағалау:

Оқушының оқу іс-әрекеті ол АБ, ҚҚ блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Автор
Дата добавления 13.04.2017
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров642
Номер материала 3643
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.