Похожие материалы
Уроки математики / Конспект урока / Математика. "Есепті теңдеу құру арқылы шығару"

Математика. "Есепті теңдеу құру арқылы шығару"

Есенова Ляиля Байтоллақызы

9 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Математика 4 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу құру арқылы шығару. 30.11.16ж

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Есепті шығаруда теңдеу құру арқылы шығартып, оқушылардың білімдерін

бекіту.

Дамытушылығы:

Оқушылардың таным қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелігі:

Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымда бірлесе бірге жұмыс істеуге

тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге,

тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: ойын сабақ..

Сабақ типі: білім,білік дағдыларын тиянақтау, жүйелеу.

Сабақ әдістері: жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар.

Сабақ көрнекілігі: слайд тапсырмалары, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық дайындық..

-Балалар бір-бірлеріңе қандай жақсы тілектер айтар едіңдер?

/ балалар кезектесіп, жақсы тілектер айтады/

- Мен саған ашық аспан тілеймін!

- Мықты денсаулық тілеймін!

-Мен бақыт тілеймін!

-Нұрлы күн тілеймін! т.б.

Нұрлы күн сендер секілді әдепті, ұқыпты, тапқыр балаларға аямай нұрын төгіп тұр.

/Күннің суретін слайдпен көрсету .№ 1/

Нұрлы күннің әкелген сиқырлы сандықшасы бар екен.Сандықшаны ашып,ішінде не бар екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік. / слайд №2/

Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап. / Жауабы: х- икс./

Сандықшада бүгінгі сабақтың жоспары шығады./слайд №3/

- Бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек.Осы жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспары:

1.Бәйге.

2 Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

3. Білгенге маржан, Білмеске арзан.

4. Бойы сергектің , ойы да сергек.

5. Еңбек түбі- береке.

6. Қызықты есептер.

7. Сандық ақпараттар.

Дәптерімізді ашып, күн жадын, тақырыпты жазайық. .

I. « Бәйге» ойыны./өткенді қайталау/ /слайд №4//

1.Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?/тік төртбұрыш/

2. Ауданды қалай табамыз? / ұзындығы мен енін көбейтеміз./

3. Көлемді қалай табамыз? / ұзындығын,енін,биіктігін көбейтеміз./

4. Фигураның периметрін қалай табамыз? / барлық қабырғаларын қосамыз./

5. Жылдамдықты қалай табамыз?/қашықтықты уақытқа бөлеміз/

6. Теңдеу дегеніміз не? /Теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік./ Неше түрі бар? /2 түрі./

2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. / слайд №5/

Есеп шығару. Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма.

-Есеп не жайында?

-Есепте не белгілі?

-Есепте нені табу керек?

Х-бұл ағасының жасы.

Х-3- бұл қарындасының жасы.

Х-3=8 –құрылуға тиісті теңдеу./Интерактивті тақтаға жазу./ / слайд №6/

Қ- 8 жас 3 жас кіші Ш: 1) 8+3=11

А-? 2)Х-3=8

Х=8+3

Х= 11

11-3=8

Ж: Ағасы 11 жаста.

-Ал өзіміз неше жастамыз? Қай жылы дүниеге келдік, сол жылды разрядтық қосылғыштарға жіктейміз.

1999=1000+900+90+9

№ 2 / слайд № 7/

Малдың жас ерекшеліктеріне қарай аталуы.

Құлын-биенің жас төлі.

Жабағы-жас құлынды алты айға толған соң, күзде жабағы деп атайды.

Бұзау- сиырдың төлі.

Торпақ- сиыр төлінің бір жасқа келгенге дейінгі ортақ атауы.

-Есеп не жайында?

- Есепте не белгілі?

-Есепте тағы не белгілі?

- Есеп не сұрайды?

-Шешуін бірден таба аламыз ба?

-Неліктен?

Торпақ-16-3 ? бірдей.

Жабағы-?, 2а

Ш: х +2 =16-3

Х+2= 13

Х= 13-2

Х = 11

11+2=16-3

13=13

Ж: 13 жабағы өсірді.

3. Білгенге маржан, Білмеске арзан. / слайд №8 Атырау қаласы/

-Қазақстан Республикасында неше облыс бар?/14/

-Біздің облысымыз қалай аталады? /Батыс Қазақстан облысы./

-Қай қалада тұрамыз? / Құлсары қаласы/

-Қай жылы құрылды? Жер көлемі қанша? / 1613ж . Батыстан шығысқа дейін-585 км. Солтүстіктен оңтүстікке дейін-425 км.Жер көлемі облыс бойынша 8-орын./

- Неше аудан бар? / 12 аудан/

№ 3

Оқулықпен жұмыс. Оқыту, талдау. Сызба сызу.

S= 300 км Ш: 2*х+2*60=300

t = 2 сағ 2*х+120=300

v=60 км/сағ 2*х = 300-120

v= ? км/сағ 2*х =180

х = 180:2

х = 90

2*90+2*60=300

Ж: 90 км/сағ.

4. Бойы сергектің, ойы да сергек.

«Баспалдақ» ойыны. / тез есептеу./ / слайд №9/

5. Еңбек түбі-береке.

5

Жол -80 км Ш: 1) 80:5= 16 км / 1 күні/

I –күні – 5/1 2) 80: 4һ=20км /2күні/

II- күні -4/1 ?км 3) 16+20= 36 км /2күнде/

Қалғаны-? 4) 80-36= 44км / жөнделмеген жол./

80-(80:5)+(80:4)=44км

Ж: 44 км жол жөнделмеген.

6 / Интерактивті тақтаға түрлі түсті бояумен сызып, жазу.//слайд № 10./

Кесінді: ОК,ОЕ.

Сәулелер:ОА, ОС, ОД, ОВ, ЕВ,КД,ЕС,КА.

Түзулер: АД,СВ.

7 /слайд №11/

S = 300 км Ш: 80+70= 150 км/сағ

V = 70км/сағ 300км: 150км/сағ= 2сағ.

V= 80км/сағ

t = ?

Ж: 2сағ.

6. Қызықты есептер.

1. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес.Неге?

2..Су жағасында тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр.Сонда екі балапан қайда? /2балапан тауықтікі/

3.Жаңа жыл дастарқанына біздің мектепте263 дана алма даярланды.Егер мерекеге86 ұл және одан 2есеартық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?

Ш: 86*2=172 /қыз/

172+86=258

263-258=5

Ж: Алма жетеді, 5алма қалады.

7. Сандық ақпараттар.

Сандарға қарап, оқушылар өз ойларын айтады.

8. Үйге тапсырма . № 4 119-бет.

9. Бағалау.

10. Қорытындылау. Сабақ аяқталды.

Автор
Дата добавления 06.12.2016
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров1010
Номер материала 1435
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.