Похожие материалы
Уроки математики / Конспект урока / Математика сабақ "Үлес" (3 сынып)

Математика сабақ "Үлес" (3 сынып)

Сабақтың тақырыбы :Үлестер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бөлшек, үлес туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; Бөлшектің алымы,бөлімі туралы түсінік беру; өздігінен білім алуға, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: оқушылардың зейінін ойлау, байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау. Шығармашылыққа жетелеу;

Тәрбиелік: оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке жұмыс, топ болып, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, жеке ,топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс.

Білу: Санның бөлігін, атауын.

Не істей білу керек: Тиісті жолмен санның бөлігін (үлесін) табу.

Көрнекілік : интерактивті тақта, үлестірмелі қима қағаздар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Слайд №1,2

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң досым,

Қайырлы күн болсын.

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Слайд №3

8, 116-бет

64,150,131, 934,877,908, 974,905,835.

Жауаптарын тексеріп, бағалау

ІІІ. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру

Слайд №4,5 сендердің кестелік көбейту және бөлу ережелері туралы білімдерінді тексеремін, яғни біз есептерді шығара отырып, өз білімдерімізді ортаға саламыз.

6-ға бөлінбейтің сандарды сыз?

16,42,30,18,24,43,48,36,26,12,27.

Кім шапшаң? Ауызша 5-ке 7,8,3,4,0,7 сандарын көбейту.

Слайд №6,7,8

Апельсин Мультфильмнен үзінді. Апельсинді жануарларға тең бөлу. Осы жұмыс арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.(Презентация)

Апельсин бір, олар көп.

Бұл бөлiк - құндыз үшiн.

Бұл бөлiк - балапандар үшiн.

Бұл бөлiк - кiрпi үшiн.

Бұл бөлiк- сары шымшық үшiн.

Бұл бөлiк – мысықтар үшiн.

ІV.Жаңа сабақты түсіндіру.

Слайд №9-15

Алымы мен бөлімін түсіндіру. Слайд арқылы салыстыру

Слайд №16-17

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

Дәптермен жұмыс.

Бүгінгі күнді жазу. Көркем жазу 369 санын жазу.

Слайд №18

Сиқырлы қыстың тапсырмасы:

Есепте:

6•3+15= 60+8•4=

2•5+8 = 12+5•4=

9•4+28= 24-8•3=

Слайд №19

Сөз есепті шығар:

Жәшікте алманың ширегі 4 кг тартады. Толық жәшікте қанша килограмм алма бар?

Слайд №20

Пәтердің планын қара, ауданын тап. Қонақ бөлме, дәліз, ас үй, демалатын бөлме.

Слайд №21

Ал енді есепті шешейік.

Қарбыздың жартысының массасы 4кг тартады. Тұтас қарбыздың массасы нешеге тең.

Слайд №22

Салыстыру: Қалай әдемі! Бұтақтарда құстар отыр, олар қазір ұша алмайды, біз салыстыруды шешкеннен кейін ғана ұшып кете алады

Балалар, құстарға көмектесейік.

6 * 4 = 4* 6

5*7 < 6*6

7*6 > 5*8

Сергіту сәті

1,2,3 қарлығаш боп ұш,

4,5,6 қарлығаш боп қалқы.

7,8,9,10

Қайта орныңа қон.

Слайд №23

Жұппен бірге жұмыс істейміз, жауабын ғана жазамыз.

«Математикалық шынжыр»

148-(10:5+8)=

Слайд №24

Сөзжұмбақты шеш

Көлденеңінен:

аптаның бесінші күні (жұма)

Жыл басы (тышқан)

Тігінен:

аптадағы күн саны (жеті)

12 жыл (мүшел)

Үйге тапсырма:

7, 118-бет.

Рефлексия:

Балалар, бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Не ұнады, не ұнамады?

Қорытынды

Сабақты бекіту, қорыту, мадақтау, бағалау. Көбейту кестесін қайталау. Күнделікпен жұмыс.

Автор
Дата добавления 08.12.2016
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров779
Номер материала 1462
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.