Уроки математики / Конспект урока / Математика, 2 сынып. "18-n" түріндегі азайту.

Математика, 2 сынып. "18-n" түріндегі азайту.

Сабақ өтілетін уақыт

29.10.2015 жыл

Барлық оқушылар: 24

Қатысқаны:

Барлық оқушылар: 24

Қатысқаны:

Сыныбы: 2 "Ғ"Пәні: математика

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар.

Оқулық . Математика оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра» 2013жыл

Сабақтың тақырыбы

18 - түріндегі азайту

Жалпы мақсаттар

Сандардың ондық құрамы негізінде 17- 18- , айырмасының мәндерін табуды үйрену

Түйінді идеялар

Математикалық материалға алгоритмдік ұйғарымдар мен ережелерді қолдану білігін қалыптастыру ; әр түрлі қарапайы есептерді шығару білігін жетілдіру; салыстыру және орнына қою білігін дамыту;

Оқыту нәтижелері

18- түріндегі азайтуды орындай біледі.

Көрнекіліктер

Топтық жұмыс істеуге арналған қосымша материалдар.

Дереккөздер

Маркерлер, кері байланысқа арналған көрнекіліктер, оқулық.

Сабақ барысы

Уақы-ты

Әдіс - тәсілдер

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс – әрекеті

І. Қызығушылықты ояту.

а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Топқа бөліну

б) Психологиялық ахуал

в)Үй тапсырмасын тексеру

ІІ.Мағынаны тану

ІІІ.Ой-толғаныс

Сергіту сәті

Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма беру

Рефлексия

3 мин

3 мин

3 мин

5мин

12 мин

1,5 мин

2 мин

2 мин

1 мин

3 мин

Жекелей жұмыс

Топтық жұмыс.

Топтық жұмыс

Балалар, біз жай ғана «Шаттық шеңберінде» тұрған жоқпыз . Біраз уақыттан соң шеңберіміз әлемдегі ең бірінші және ірі ғарыш айлығы – еліміздің оңтүстігінде орналасқан Байқоңыр ғарыш айлығына айналмақ. Себебі бүгінгі сабақтағы тапсырмалар ғарышпен, ғарыш денелерімен байланысты.

Байқоңырдан ұшқан қандай ғарышкрлерді білесіңдер?

Біз де ғарышкер ағаларымызға ұқсап ғарыш кемелерімен аспанды шарлау үшін 1 ден 4 ке дейін санау арқылы бөлінеміз.

-Балалар, алдарында жатқан шарларға қандай тілектер жазғандарыңды білгім келіп тұр?

Мен де өз тарапымнан сендерге сәттілік тілеймін.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

- Ендеше, ондықтан аттап қосу, азайту жағдайларын ауызша қарастырайық

Қазір орындайтын ширату тапсырмалары граф арқылы орындалатын логткалық жаттығулар.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазайық 17, 18 сандары туралы не айта аласыңдар? 17-ні, 18-ді разрядтық қосылғыштарға жіктейік.

Осы екі санның арасында қандай айырмашылық , ұқсастық байқадыңдар?

Оқулықтарыңның

78- бетін ашайық.

9- тапсырмадағы сызбалар бойынша теңдеулер құрап, шешеміз. Өзін-өзі тексереді .

Есептерді шығаруға кірісейік. 2,5 1), 2), 6, 77-78-б. орындату

6-тапсырма бойынша :

Теңіз жұлдыздары туралы түсінік беру.

2, 51), 2)шығарылуын ауызша сұрау

6 тақтада орындату

Мұғалімнің бағалауы

3. 77-бет

Міне, балалар, көзді ашып-жұмғанша жерге де оралдық.

Алдарыңдағы Білім ағашы сабақта көрсеткен білімдеріңді алдарыңдағы түрлі-түсті адам сұлбасын ағашқа орналастыру арқылы өздерің бағалаңдар.

Оқушының жауабы.

Оқушылар 1 ден 4 ке дейін санау арқылы 4 топқа бөлінеді.

Әр топтан 1 оқушы шардағы сөздерді оқиды.

  • қайталау

Ауызша есептеуге қатысады.

Әр топқа берілген логикалық тапсырмаларды орындайды.

17, 18 цифрларын көркем жазып алады, разрядтық қосылғыштарға жіктейді.

Топта сызба бойынша теңдеуді қалай құрауды кеңеседі, шешеді.

Тапсырмаларды топпен орындайды.

Оқушылар ағашқа адам сұлбасын жапсырады.

Математика пәнінен өткен сабақтың рефлексивті есебі

2015-2016 оқу жылының 1- тоқсанында 2 «Ғ» сыныбында математика пәнінен әріптестеріммен тәжірибе алмасу мақсатында « 18- түріндегі азайту» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Бұл сабақты «Сын тұрғысынан ойлау» негізінде құрып өткіздім. Сабақтың жалпы мақсаты: Сандардың ондық құрамы негізінде 18- айырмасының мәндерін табуды үйрену. Түйінді идеялары: Математикалық материалға алгоритмдік ұйғарымдар мен ережелерді қолдану білігін қалыптастыру ; әр түрлі қарапайы есептерді шығару білігін жетілдіру; салыстыру және орнына қою білігін дамыту. Сабақтың соңында оқыту нәтижесі көрсеткендей оқушылар топтық, жұптық, өздік жұмыстар негізінде 18- түріндегі азайтуды орындау дағдысы меңгерілді. Бұл сабаққа берілген тапсырмаларда аспан денелері туралы мағлұматтар берілгендіктен аймақтық компонент ретінде сабақтың Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылардың «Байқоңыр» ғарыш айлағы, қазақстандық ғарышкерлер туралы білімдері қысқаша пысықталды. Үй тапсырмасын тексеру жекелей жұмысқа негізделді. Өйткені алдыңғы сабақтарда қарастырылған ондықтан аттап қосу, азайту жағдайларына сәйкес оқушылардың ауызша есептеу дағдысы қаншалықты деңгейде екендігін анықтау қажеттілігі туындаған болатын. Үй жұмысын тексеру көрсеткендей, сынып оқушыларының көпшілігі ондықтан аттап қосу, азайту жағдайларын тәп- тәуір меңгергендіктерін байқатты. Сабақтың Мағынаны тану кезеңінде ширату тапсырмалары ретінде граф арқылы орындалатын логткалық жаттығулар берілді. Оқушылар бұл жұмысты топпен орындады. Топтық жұмыстар ары қарай оқулықтағы тапсырмаларды орындау кезінде де жалғасын тапты. Топпен сызбалар бойынша теңдеулер құрылып, шешілді. Берілген есептер шығарылды. Топ болып құрған теңдеулерін тексерді. Сабақта негізгі бағалау мұғалімнің бағалауы болды. Міне, балалар, көзді ашып-жұмғанша жерге де оралдық. Рефлексияда оқушылар сабақта көрсеткен білімдерін түрлі-түсті адам сұлбасын ағашқа орналастыру арқылы өздерін бағалады .

«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

Пәні: математика

2-сынып

Тақырыбы: 18- түріндегі азайту

Өткізген: №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Кудайбергенова Жанар Калиевна

Семей қаласы

Семей қаласы

. 29.10.2015ж.

29.10.2015ж.

Автор
Дата добавления 16.04.2017
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров585
Номер материала 3729
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.