i нұсқа
І деңгей тапсырмалары
1. Өрнектердің мәнін табыңдар: 117 + а; 4 + 3а; 5 ∙ (а -7) .
Мұндағы а = 9.
2. Теңдеуді шешіңдер. (х – 12) ∙ 8 = 56
3. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.
Оқушы бір сан ойлады. Ол ойлаған санын 2 есе көбейтіп, нәтижесіне 19-ды қосқанда қосынды 37-ге тең болды. Оқушы қандай сан ойлаған?
4. 12х + 20 + 10х – 7 өрнегін ықшамдаңдар және х = 5 болғандағы мәнін табыңдар.
ІІ деңгей тапсырмалары
5. Шатырда 16 кептер қонақтап отыр. Ондағы ақ кептер саны сұр кептер санынан 3 есе кем. Шатырда неше ақ кептер қонақтап отыр?
Жауабы: ақ кептер саны 4.
6. Кубтың бір жағының ауданы 25 см2. Көлемін табыңдар.
Жауабы: 125 см3
ІІІ деңгей тапсырмалары
7. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.
Өскемен және Семей қалаларының арасы 272 км. Бір уақытта Өскеменнен жеңіл машина, Семейден автобус шығып, олар бір –біріне қарама –қарсы жүріп, 2 сағаттан соң кездесті. Жеңіл машинаның жылдамдығы 80 км/сағ. Автобустың жылдамдығын табыңдар.
Жауабы: 56 км/сағ
iI нұсқа:
І деңгей тапсырмалары
1 Өрнектердің мәнін табыңдар: а - 1; 125 : а + 10; 2а .
Мұндағы а = 5.
2. Теңдеуді шешіңдер. 24 ∙ ( z + 9) = 288
3. Оқушы бір сан ойлады. Ол ойлаған санын 3 есе кемітіп, нәтижесіне 30-ды қосқанда қосынды 39-ге тең болды. Оқушы қандай сан ойлаған?
4. 16у + 27 + 9у – 127 өрнегін ықшамдаңдар және у = 4 болғандағы мәнін табыңдар.
ІІ деңгей тапсырмалары
5. Қайық 7 км/сағ меншікті жылдамдықпен өзен ағысымен 2 сағат жүзіп, 18 км қашықтыққа барды. Өзен ағысының жылдамдығы қандай?
Жауабы: 2 км/сағ
6. Фигураның боялған бөлігінің ауданын табыңдар. (1-сурет)
a
b
ІІІ деңгей тапсырмалары
7. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.
Қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың жалпы саны 19, аяқтарының саны 50 болса неше тауық, неше қоян бар?
Жауабы: 6 қоян, 13 тауық
iII нұсқа:
І деңгей тапсырмалары
1. Өрнектердің мәнін табыңдар: 47 + а + 13 ; (7 + а) ∙ 3; 5а -2а + 1 .
Мұндағы а = 9.
2. Теңдеуді шешіңдер. 124 : ( у – 5) = 31
3. Тік төрбұрыштың ұзындығы а см, ені b см. Тік төрбұрыштың периметрін табыңдар. Мұндағы а = 17; b = 9.
4. 83у -35у +16у + 36у өрнегін ықшамдаңдар және у = 3 болғандағы мәнін табыңдар.
ІІ деңгей тапсырмалары
5. Ұзындығы а см, ені b см тік төртбұрыштың ішінен қабырғасы с см квадрат қиылып алынғандағы оның қалған ауданының өрнегін жазыңдар.
6. Әкесінің массасы баласының массасынан 35 кг артық. Екеуінің массасы 115 кг. Әкесінің массасы неше килограмм? Баласының массасы неше килограмм?
Жауабы: әкесі 75 жаста, баласы 40 жаста.
ІІІ деңгей тапсырмалары
7. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.
Екі машина арақашықтығы 589 км болатын екі орынан бір уақытта бір –біріне қарай шықты. Бірінші машинаның жылдамдығы 60 км/сағ, екінші машинаның жылдамдығы 64 км/сағ. Екі машина шығып неше сағаттан кейін аралығы әлі де 93 км қалады?
Жауабы: 4 сағ
Тақырыбы: Сабақ 15 | Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі | |||||
Күні,айы: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: | Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 5.2.3.1 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау; 5.2.3.2 натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу; 5.2.3.3 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу; | |||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері туралы түсінік беру және олардың әр түрлі тәсілдерін меңгерту; | |||||
Оқушылардың басым бөлігі: . өз бетімен ойлау қабілетін арттыру және өз білімін тексеру,есте сақтау қабілетін жетілдіру; | ||||||
Кейбір оқушылар: . Оқушыларға сандар тізбегі туралы түсінуге, олардың берілу тәсілдерінің түрлерімен танысуға мүмкіндік туғызу. | ||||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған жұмыс | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы(2-5 минут) | (МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Қандай сандар натурал сандар деп аталады? Нөл саны натурал сандар қатарын жата ма? Көп таңбалы натурал сандар қалай оқылады? Натурал сандардың қандай қасиеті бар? | |||||
Сабақтың ортасы (6-40 минут) | (МК,Ұ) Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе. Сан — математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қарапайым түрде алғашқы қоғамдарда-ақ пайда болған, кейін бірте-бірте қолданыс аясы кеңейіп әрі жалпыланды. Кейбір заттарды санауға байланысты бүтін оң (натурал) Сан дар ұғымы, кейіннен Сандардың натурал қатарының (1, 2, 3, 4, …) шексіздігі туралы идея пайда болды. Натурал сандар- арифметиканың ірге тасы. Натурал сандар санау нәтижесінде пайда болған.Натурал сандар жиынын N=1, 2 , 3 ,4 ,...., .... символымен белгілейді.Натурал сандар жиынын үш класқа бөліп ажыратуға болады.Олар:
Соның ішінде жай сандарға тоқталайық. Анықтама.Екі бөлгіші бар натурал сандар жиынын жай сандар деп атайды. Жай сандардың шексіз екенін гректің ұлы математигі Евклид біздің санауымыздан 300 жыл бұрын дәлелдеген.Осы дәлелдемені келтірейік. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ- ғасырда Александрия қаласында өмір сүрген гректің Эратосфен( біздің жыл санауымызға дейінгі 276-194 ж. Шамасында) деген математигі және астронымы 1-ден бастап белгілі бір натурал санға дейінгі жай сандарды табудың қарапайым тәсілін ойлап тапты. Бұл тәсілді Эратосфен торы деп атайды. Мысалы 1-ден 40-қа дейін жай сандарды табу керек дейік. 1-ден 40-қа дейінгі сандарды жазамыз. 2, 3, 5 ,7, 11, 13, 17, 19 ,23, 29, 31, 37. Бірді сызамыз ол жай санда , құрама сан да емес, содан кейін 2-ге еслі сандардың бәрін сызамыз . Осылайша 3-ке еселі және 5-ке еселі сандарды сызамыз . 3-теорема бойынша 40-тан кіші кез-келген санның ең кіші жай бөлгіші 40-санынан артпайды, яғни жоғарыда келтірілген сандардың 5-тен артық жай бөлгіштері жоқ, яғни сызылмай қалған сандардың ішінде құрама сандар жоқ, олар жай сандар болады.Бұл жай сандар 2, 3, 5,7,11, 13,17,19,23,29,31,3. Эратосфен жай сандардың таблицасын алу үшін папирусқа жазылған сандардың ішінен құрама сандарды сызбай тесіп отырған Эратосфен торы деген атаудың шығу тегі содан болса керек. Евклид пен Эратосфеннен кейін де жай сандардың табиғаты көптеген ғалымдарды өзіне тартып келді. Жай сандардың ішкі сырына бұдан 200 жыл бұрын Петербург ғылым Академиясының мүшесі Християн Гольдбах (1690-1764) терең үңіліп, «кез-келген 5-тен артық тақ санды үш жай санның қосындысы түрінде жазуға болады» деген пікір айтты.Жеке мысалдар арқылы бұл пікірдің дұрыстығына көз жеткізуге болады, мысалы 7 = 2+2+3. 11=3+3+5. 13=3+5+5. 17=5+5+7. 19=5+7+7.23=5+7+11. т.с.с. Карл Гаусс математиканың сан салаларына сарапқа сала келіп арифметиканы математиканың патшасы деп бағалаған. Ал арифметиканың негізгі ұғымы – сан. Ендеше , сол сан ұғымының қалай пайда болуын ашу , білу – ғылыми методологиялық үлкен мәселе. Сан туралы ұғым адамзат мәдениетінің тууымен және оның дамуымен тығыз байланысты. Шынында , егер осы ұғым болмаса , өзіміздің рухани өміріміз бен практикалық қызметімізді тиісті дәрежеде көрсете алмас едік. Есеп – қисап жүргізу , уақыт пен қашықтықты өлшеу , еңбек нәтижесінің қорытындысын есептеу сан ұғымынсыз мүмкін емес. Сан әуел баста заттарды санаудың қажеттілігінен туған математикалық ұғымдардың бірі. Кейін ол математикалық білімнің дауына қарай жетілдірілді. Бұл ұғым өте ерте заманда адамдардың практикалық қызметтерінінен қажеттілігінен келіп туды. Жалпы алғанда сан ұғымы басқа ешқандай емес тек шындық дүниеден шыққан . Өте ерте заманда пайда болған сан ұғымы көптеген ғасырлар бойы жалпыланып ,кеңейе түсті . Сонда сан жайындағы түсініктер адамзаттың практикалық мұқтаждығына, мәселен , шамаларды өлшеудің қажеттілігіне және математиканың өзінің ішкі мұқтаждығына байланысты кеңеіәп отырғандығы байқалады.Мысалы шамаларды дәлірек өлшеудің мұқтаждығы оң бөлшек ұғымының тууына себепті болса, теңдеулерді шешу тәжірибелері мен осы санаудағы теориялық зерттеулерге байланысты теріс сандар пайда болды. Бастапқыда санның жоқ екенін белгілеу үшін қолданылған нөл саны теріс сандар енгізілгеннен кейін сан ретінде қарастырылатын болды. Натурал сандар қатары : 1,2,3,4,5,6,7,8... Натурал сандар қатарының қасиеті: 1) натурал сандар қатары 1 ден басталады 2)әрбір натурал саннан кейін одан 1 ге артық натурал сан бар 3)натурал сандар қатары шекетусіз Натурал сандар оңнан солға қарай кластарға топталады . Әрбір кластың үш разряды болады. Нөл натурал сандар қатарына жатпайды. Көптаңбалы натурал сандардың оқылу ережесі: 1) оңнан солға қарай сандағы әрбәр үш цифрды кластарға топтасыру керек. 2) сол жағынан бастап әрбір кластағы санды оқып, класс атауын қоса айтуы керек. Көп таңбалы натурал санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады. Мысалы: 35749 = 30000+5000+700+40+9 немесе 35749= 3*10000+5*1000+7*100+4*10+9 .Есептер шығару №1 Кластарға бөліп жазыңдар 1) 46 870 2) 315 600 3)8 215 734 4) 246 047 000 505 №2 Мына сандарды цифрлармен жазыңдар 1)710 2) 430 060 3)508 234 4) 3 025 006 5) 32 015 702 №7 1) 4 және 5 2)0 және 8 3)7 және 2 цифрларын пайдаланып, екі таңбалы натурал сандарды жазыңдар Ш: 1)45,54 2)80 3)72,28 №9 Есептеңдер 1)(3377+783):8=4160:8=520 2)(2465-917):18=1548:18=86 3)(1401+975):24=2376:24=99 4)45*28-290=1260-290=970 5)16*39:24+74=624:24+74=26+74=100 6)330:22*8-30=15*8-30=120-30=90 | Оқулық Аудидиск: Қосымша тапсырма:1. №1жұмыс дәптер | ||||
Сабақтың соңы( 41-45мин) | Сабақты бекіту кезеңі: 1. Натурал сандар дегеніміз не ? 2. 1;2;3;4;5;6;,7;8;9 сандарын пайдаланып, жан-жақты 15 санын шығарыңдар. Қорытындылау кезеңі. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін анықтау. 1) Бассейнде таңертең 16 топ, кешке 10 топ суға шомылады. Кешке қарағанда таңертең неше топ артық шомылады? (6 топ) 2) Бала досына 6 төсбелгі бергеннен кейін өзінде 54 төсбелгі қалды. Балады барлығы неше төсбелгі болған? (60 төсбелгі) 3) Ең үлкен бес таңбалы санды тап. (99999) Топтық жұмыс №1 сандарды цифрлармен жазыңдар: Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Қорытындылау | Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? | ||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2. |
Тақырыбы Сабақ 16 | Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні,айы: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 сынып | Сабаққа қатысқан оқушылар саны: | Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.1.5 натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу; 5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу; 5.1.2.9 натурал сандардың еселіктерін табу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: Оқушыларға натурал санның бөлгішін,еселігін таба білуді және оны есептерді шығаруда пайдалана білуге үйрету. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Топтық жұмыста белсенді Оқушылардың шығармашылығы дамиды Анықтаманы есептер шығаруда қолдана алады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі; -Оқушының сыни ойлауы қалыптасады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған жұмыс | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы(2-5 минут) | (а) Оқушылардың назарын сабаққа Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылармен амандасу,түгендеу,3 топқа бөлу. Үй тапсырмасы: 1.Барлық натурал сандар бөлінетін санды атаңдар. 2.24 саны бөлінетін натурал сандарды жазыңдар 3. 45 саны бөлінетін натурал сандардың ең үлкенін жазыңдар 4.3 санына қалдықсыз бөлінетін алғашқы төрт натурал санды жазыңдар. (Әдісі:Ассоциация 5 минут) Өткен сабақты қайталау: 1. Қандай санды берілген натурал санның бөлгіші деп атайды? 2. Қандай санды берілген натурал санға еселік деп атайды? 3.Берілген натурал санға еселік санды қалай табады? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (6-40 минут) | (МК,Ұ) Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап. (Топтар арасындағы диалог) Интербелсенді тақтадан сұрақтар көрсетемін.Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары Танымдық деңгей Тапсырма 1
Тапсырма 2
Тапсырма 3
. Алгоритмдік деңгей. (Әр топқа бір сұрақтан беріледі) Егер натурал m саны натурал n санына қалдықсыз бөлінсе, онда:
. Эвристикалық деңгей. А) Математикалық жәрмеңке. (Деңгейлік тапсырмалар) 45,50,70,75,90,100 және 120 сандарынан 25 –тің еселіктерін теріп жазыңдар. (5 ұпай) 15 және 21 сандарына еселік болатын ең кіші натурал санды жазыңдар (10 ұпай) 45-ке бөлгіш 5-ке еселік (15 ұпай) 42 асықты әрбір үймедегі асық саны тең болатындай етіп,3,5,7,9 үймеге бөлуге бола ма?Егер болса ,әр үймеде неше асықтан болуы мүмкін? (20 ұпай) Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей тапсырмалары 1. 4; 8;9; 12; 13; 18; 20; 29 сандарынан 1) 4-ке еселік болмайтын; 2) екі бөлгіші ғана болатын сандарды теріп жазыңдар. 2. 10; 14; 23; 28; 45; 47; 80; 83; 95 сандарынан 1)5-ке еселік болатын; 2) Құрама сандарды теріп жазыңдар. 3. 2; 3; 5; 11; 14; 15; 25; 42; 89; 91 сандарының ішінен 1) Жай сандарды; 2) Құрама сандарды; 3) 75-тің бөлгіштері болатын; 4) 7-ге еселік болатын сандарды теріп жазыңдар. 4. 48; 75 сандарының барлық бөлшектерін кему ретімен айтып беріңдер. 5. 1) 18=3∙6; 2) 22=2∙11; 3) 57=3∙19 теңдіктерінен шығатын қорытындыны “бөлінді”, “санның еселігі” және “санның бөлгіші” деген сөздерді қолданып айтып беріңдер. ІІ деңгей тапсырмалары 1. 1) 13-ке еселік; 2) 80-нің бөлгіштері болатын барлық сандарды жазыңдар. 13-тің еселіктері мен 80-нің бөлгіштерінің саны шектеулі ма әлде шектеусіз ба? 2. 1-ден 25-ке дейінгі сандар ішінен 2-ге де, 3-ке де еселік болатын сандарды атаңдар. 3. 1030 санына еселік болатын барлық төрттаңбалы сандарды жазыңдар. ІІІ деңгей тапсырмалары 1. 1) 69 туристен; 2) 72 туристен 3) 76 туристен 4)119 туристен тұратын топты үш орынды каюталарға бос орын қалмайтындай етіп орналастыруға бола ма? Жауабы: 1) иә 2) иә 3) жоқ 4) жоқ 2. Данияр қағаздан ұзындығы 21см, ені 15 см тік төртбұрышты қиып алып, оны қалдық қалдырмай бірдей квадраттарға бөлді. Әр квадраттың қабырғасы неше сантиметр? Неше квадратқа бөлінді? Жауабы: Квадраттың қабырғасы 3 см, 35 квадратқа бөлінді. Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады. | Оқулық Аудиодиск: 1.1.1 : 1.1.2: 1.1.3: А4 форматты ақ қағаз,қарындаштар і Қосымша тапсырма:1.1. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы( 41-45мин) | Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады. Әрбір оқушы кез келген натурал санның бөлгіштері мен еселіктері болатындығы туралы ой қорытады. Екі шартты да қанағаттандыратын екі санды әрбір тор көзге жазыңдар. Кестені толтырыңдар.
“Ребусты шешіп көр” ойыны Ендеше , бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе , өз жұмысымызға қошемет білдіріп,қол соғып қоялық және бағалау жүргізейік Бағалау критерилері «5»-21 балдан жоғары «4»-13-20 балл «3»-6-12 балл «2»- 0-5 балл Үйге тпасырма:ІІ тарау.2.1 №153,№148а),№158 Рефлексия Оқушыларға стикерлер таратылады.
Маған сабақ ұнады.Тақырыпты меңгердім | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытындылау | Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2. |
сабақ | 17 | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 5-сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.1.5 Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу 5.1.2.8 Натурал сандардың бөлгіштерін табу 5.1.2.9 Натурал сандардың еселіктерін табу | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамаларын біледі | |||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табады | ||||||||||||
Кейбір оқушылар: Ережелерге сәйкес ізденісті қажет ететін есептерді шығара алады | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамасын біледі Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады Натурал сандардың еселіктерін таба алады | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Бөлгіштер-разделители-delimiters, еселіктер-кратные-multiples Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер 1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші... Кез келген натурал санның ең кіші еселігі... | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік ел» ұлттық құндылықтың негізі индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсуіне негізделіп оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы, бәсекеге қабілетті ету | |||||||||||
Пән аралық байланыстар | Жаратылыстану | |||||||||||
Бастапқы білім | Натурал сандар | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Сыныппен амандасып оқушылардың сабаққа қатысын, сынып тазалығын қадағалаймын. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Мен сіздерге сенемін» психологиялық тренинг жүргіземін. Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын (Ұ) «Сұрақты ұстап ал» әдісін пайдаланып сұрақтар қою арқылы натурал санның бөлгіштері мен еселіктері ұғымын өздері тұжырымдауға жетекші сұрақтар беремін 1.Қандай сандар натурал сандар деп аталады? 2.Нөл саны натурал сан бола ма? 3 .Ең үлкен санды атауға бола ма? 4 1ден бастап 20 ны қоса алғандағы натурал сандар жазылған кесте құрыңдар 5. Осы кестеден 20 саны қалдықсыз бөлінетін сандарды дөңгелектеңдер (1,2,4,5,10,20) 6 . 5 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды жазыңдар(5,10,20,25,30...) Сұрақтарға жауап берген оқушыларды қалыптастырушы бағалау тәсілі смайликтер(күлегештер) арқылы бағалаймын «Мозайка» әдісін пайдаланып сыныпты 3 топқа топқа бөлемін (Тж) Жаңа білімді қалыптастыру Оқушылар топта мәтінмен жұмыс жасайды Тақырып бойынша натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері туралы түсінік қалыптасады (Тж) « Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісін пайдаланып оқулықтан №561есепті топта шығарады,талдайды
Дескриптор 1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болатынын жазады 9 саны қалдықсыз бөлінетін натурал сандарды анықтайды Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзі болатындығын жазады
Дескриптор 8 санының ең кіші еселігі сол санның өзіне тең екендігін жазады 8 санын 2ге көбейтеді 8санын 3 ке көбейтеді 8 санын 4 ке көбейтеді (Жж) Деңгейлік тапсырмалар А деңгейі «Конверттегі сұрақ» әдісі 1-тапсырма. Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар 5 және 45, 9 және71, 8 және34, 16 және 80, 17 және 51, 4 және 63, 12 және 60, 23 және 115 2- тапсырма 3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарынан теріп жазыңдар: 2-нің еселіктерін 21-дің бөлгіштерін В деңгейі «Кім жылдам? әдісі 1. 18 асықты асық саны өзар тең болатындай неше тәсілмен үймелерге бөлуге болады? Әрбір үймеде неше асықтан болуы мүмкін? 2. 45- ке бөлгіш және 5-ке еселік санды жазыңдар С деңгейі «Ойлан тап»
Тапсырмаларды «Бағалау ағашы» әдісімен бағалаймын Үйге тапсырма беру №562, № 567 Рефлексия
І деңгей тапсырмалары 1. 70 қорап қарындашты жәшіктерге салу керек. 5 қорап; 8 қорап; 14 қорап сыятын жәшіктер бар болса, олардың қайсыларын алған ыңғайлы? 2. 1) 502 саны 22088 санының бөлгіші; 2) 65 667 саны 3127 санының еселігі; 3) 13 188 саны 24 санының еселігі; 1) 762 саны 16 664 санының бөлгіші болатыны дұрыс па? 3. 1) 7 < а <27; 2) 50 < х <83; 3) 305 < b < 330 теңсіздіктерін қанағаттандыратын барлық жай сандарды жазыңдар. 4. 1) 24-тің бөлгіші және 6-ға еселік; 1) 100-дің бөлгіші және 20-ға еселік болатын сандарды табыңдар. 5. 1) 6 мен 11; 2) 9 бен 15; 3)14 пен 16-ға бірдей еселік болатын ең кіші натурал санды табыңдар. ІІ деңгей тапсырмалары 1. 600-ден кем және 40 саны бөлгіші болатын барлық үштаңбалы сандарды жазыңдар. 2. х < 71теңсіздігі дұрыс болатындай және 1) 15-ке еселік; 2) 23-ке еселік болатын х-тің орнына барлық натурал сандарды жазыңдар. 3. Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығы 13 см, ені 7 см, биіктігі 5 см. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі жай санмен өрнектеле ме, әлде құрама санмен өрнектеле ме? Неше бөлгіші бар? Оларды жаз. Жауабы: 455 см3 құрама сан | www. Bilimland. kz жасыл-өте жақсы орындалған сары-толықтыру керек қызыл-топта қайта қарау керек Үлестірмелі кеспе қағаздары Үлестірмелі кеспе қағаздары | ||||||||||
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. | «Смайликтер» тәсілі «Бағалау ағашы» әдісі «Бас бармақ» әдісі «Бағдаршам» әдісі | Сергіту сәті |
я
Автор |
|
---|---|
Дата добавления | 17.10.2017 |
Раздел | Математика |
Подраздел | Конспект урока |
Просмотров | 16817 |
Номер материала | 4659 |
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |