Уроки математики / Рабочая программа / Программа "Математика и логика"

Программа "Математика и логика"

Ақтөбе қаласы білім бөлімі

Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы

ЖШС «Бес-ТАУ» XXI №40 Балдәурен МДҰ

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің

2019 жылғы «___»__________

_______бұйрығымен

Б Е К І Т І Л Д І

БАҒДАРЛАМА

«Математика және логика»

(Ересек топ)

Ақтөбе 2019 жыл

Бағдарлама негізі: Балабақшада математикалық білім және білік дағдыларын қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар жиынтығы: Сарсенова Л.Ж. 2019ж.

Құрастырғандар:Ш.К.Сырбаева Ф.Е.Искакова.Л.Е.Бижанова. А.С.Лаукенова -тәрбиешілері

ЖШС «Бес-Тау» XXI №40 «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымының педагогикалық кеңесінде «Математика және логика » бағдарламасы талқыланды және бекітілді.

Хаттама № « » 2019 жыл

ЖШС «Бес-ТАУ» XXI №40 «Балдәурен» меңгерушісі: ______________

Қалалық сараптау комиссиясының отырысында «Математика және логика» бағдарламасы мақұлданды.

Хаттама №______ «____» _____________2019 ж.

\

Сараптау комиссиясының төрағасы___________ Ж.Ж.Мухамбетова

(қолы) (аты-жөні)

Түсінік хат

Бұл бағдарлама ересек топтағы балалардың алғашкы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырып, қызығушылықтарын оята отырып, логикалық есептер арқылы ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес бұл бағдарлама математика пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген. «Математика және логика» арнайы курс бағдарламасына жылына 18 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама балалардың танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Бағдарлама құрылымында балалардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді. Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, сөзжұмбақтар шешу,қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді, бүлдіршіндердің қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. «Математика және логика» курсы әрбір бөлімдерде аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген. Алғашқы математикалық қарапайым түсініктер қоршаған орта пәнімен байланыстырыла оқытылады.

Дидақтикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді атқарады.

Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылары жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау, немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеттері баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Бағдарлама бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыру және есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдері туралы айтылады, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдары түсіндіріледі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

-тез есептеу жолдарын үйрету және логикалық қабілетін арттыру мақсатында мазмұнды есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру және ойындар ойнау арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.

Негізгі міндеттері:

  • ақыл – ойын және ерік сезім белсенділігін арттыру.

  • Математикалық сөйлеу машығын қалыптастыру

  • қиялдарынұштау, шығармашылықзердеүрдістерінжоғарлату

  • Баланың тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету.

Күтілетін нәтиже:

-Балалар санай біледі, қосу, азайтуды айыра біледі.

- Математикалық және логикалық есеп шығарудың әртүрлі жолдарын үйренеді.

- Балалардың ақыл-ойының математикалық стилі, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапалары дамиды.

Бағдарлама 5-6 жас топ аралығына арналған,18 сағатқа жоспарланған, аптасына 1 сағат.

  • ақыл – ойын және ерік сезім белсенділігін арттыру.

  • Математикалық сөйлеу машығын қалыптастыру

  • қиялдарынұштау, шығармашылық зерде үрдістерін жоғарлату

  • Балалрдың тұлға ретінде қалыптастыруын аәсер ету.

Тақырыптық жоспар

Тақырыбы

Бағдарлама міндеттері

Сағат саны

1

1 - ден 5 – ке

Дейінгі сандар. Тура және кері санау

5 - ке дейін санау қабілетін күшейту, реттік санау дағдысын қалыптастыру, 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету, сандарды тура және кері санауға үйрету.

1

2

6-10-ға дейін тура және кері санауға үйрету.

Сандарды рет-ретімен орналастыруын қалыптастыру, 10 көлемінде сандық есептеуге үйрету.

1

3

10-20-ға дейін тура және кері санауға үйрету.

Сандарды рет-ретімен орналастыруын қалыптастыру, 20 көлемінде сандық есептеуге үйрету.

1

4

Геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау, Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш

 Бұрыш, тіктөртбұрыш ұғымдарымен таныстыру.
Геометриялық фигураларды тани білу дағдыларларын
қалыптастыру. Есептер шығару, сандарды салыстыру, геометриялық
фигураларды ажырытуға үйрету.Логикалықойлауын, ой - өрісін дамыту.

1

5

7 санымен таныстыру

7 саны қасиетті сан, мынадай халық аузында нақыл сөз бар: жеті қазына, жеті шелпек, жеті ата, жеті күн, жеті мүше, жеті қарақшы.

1

6

Ойнайық та, ойлайық

Тапсырмалар арқылы логикалық ойлау қабілеттеін арттыру,
ынтамен дұрыс орындауға үйрету,ой-өрісін кеңейту.
сандар,үлестірмелі аңдар суреттері, сызба тапсырма, логикалық тапсырма, ертегі кейіпкерлері

1

7

Үздік логикалар

Геометриялық пішіндерді ажырата отырып,логикалық ойлау қабілетін
дамыту, қызықты тапсырмаларға деген қызығушылықтарын арттыру,
түрлі-түсті шарлар, үлестірмелі карточкалар,сандар,сызба тапсырмалар, логикалық тапсырма, тосын сәт

1

8

Ғажайып тапсырмаларға саяхат

Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Ойлау, көріп - тану, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу, логикалық тапсырмалар,жұмбақтар, сандар,үлестірмелікарточка, сызба тапсырма

1

9

«Шаршықұрастыр» дидактикалықойыны

Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету. Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады

1

10

Логика сыры

Санау ұғымдарын одан әрі жалғастыру, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау,белсенділікке баулу, ойынға қажетті заттар,сандар,санағыш, сызба тапсырма, логикалық тапсырма

1

11

Зейінді бол

Балалардың зейінін шоғырландыру,ой-өрісін , танымдық белсенділіктерін арттыру. Балалардың логикалық қабілетін, пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту, жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету

1

12

Сиқырлы қорап

Сиқырлы қораптың қызықтары
заттың қасиеттерін, геометрикалық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау, сандар құрамын бекіту, саусақ қимылын дамыту, логикалық тапсырмалар арқылы ақыл-ойын, зейінін дамыту,
сиқырлы қарындаш, логикалық тапсырмалар

1

13

Кішкентай тапқырлар

Ойлау, көріп тану, есте
сақтау қабілеттерін арттыру.Белсенділікке шапшаңдыққа,кеңестікті бағдарлай білуге үйрету
логикалық тапсырмалар

1

14

«Біреу» және «көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.

«Біреу» және «көп» ұғымдарын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді.

1

15

Тапқыр болсаң, тауып көр

Ойлай отырып, санауды үйретуді жалғастыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.

Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.

1

16

Логикалық есептер сайысы

Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: асық, пойыз суреті, слайд, үнтаспа, конверттер, сіріңке

1

17

«Айырмашылығын тап»

Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.

1

18

Жұмбақ - есеп, санамақ

Жұмбақ - есеп, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастырып,
қызығушылығын арттыру. Баланың танымдық, шығармашылық, қ
ызықты тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, математикадан алған білімдерін пысықтау,ой-өрісін кеңейтіп,логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру,
үлестірмелі суреттер, сызба карточкалар, санағыш таяқшалар, үн таспа

1

Барлығы:

18

Пайдаланылған әдебиеттер:

        1. «Қызықты математика» Ә.Б.Ақбаева «Алматы кітап»,2011ж.

        1. Балабақшада математикалық білім және білік дағдыларын қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар жиынтығы: Сарсенова Л.Ж. 2019ж.

        1. «Ойнайық та ойлайық», Алматы,1996ж.

        1. «Математика детском саду» М.К.Сай. Е.И.Удальцов 2008 ж

        1. «Игровые и занимательные занятия» по математике Т.К. Жикалкина 1992ж

        1. «Қарапайым математикалық түсініңтерді қалыптастыру» Е.В.ПузикС.С. Неврова 2014ж

        1. «Бастауыш мектептің математикасы», Т.Л.Пахомова 2015ж

        1. «Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары», Г.Жамалбекова «Өлке» баспасы, Алматы, 2009ж.

        1. «Математикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К.Жикалкина, Алматы «Рауан», 1992ж.

        1. «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» Е.В.Пузик,

С.С. Неверова 2014ж

11.«Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар» Ш.Х.Құрманалина. С.Ш. Сәрсенбаев Алматы 2009ж.

        1. Обучение математике младших дошкольников, Л.Мартынова:2018г

        2. .«Мектепке дейінгі дидактикалық ойындар» принциптері туралы түсінік.Б.Баймұратов 2014ж

Ақтөбе қаласы ЖШС «Бес-Тау XXІ» №40«Балдәурен» МДҰ-ның тәрбиешілері: Ш.К.Сырбаева. Ф.Е.Искакова Л.Е.Бижанова А.С.Лаукенованың құрастырған

5 -6 жастағы балаларға арналған«Математика және логика» бағдарламасына

ПІКІР

Қазіргі таңда математика білімі балаларға өте қажет.Себебі олар күнделікті өмірде қарапайым математикалық терминдермен жиі кездесіп отырады.Математиканың басты салалардан ерекшелігі логикалық ойлауды қажет етеді, сондықтан балабақшада балаларға, олардың жас ерекшелігінінің мүмкіндіктерін ескеретін негізгі ақыл-ой операцияларын жетілдіруге бағытталған дамытушы ойындарға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрлері өте қажет.

Бағдарламада балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бағдарламасы бойынша дидактикалық ойындар сипатталған. Әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген. Ойнау ережелері қарапайым, тапсырмалар балалардың өздері орындауға шамасы жететіндей етіп сұрыпталған.Ойындардың мазмұны математикалық білімдерді ұғыну, геометриялық пішіндерді айыра білу, қосу, санау, салыстыру, айырмашылығын көрсету, орналастыру, тағы басқа ұғымдарын ойын арқылы жетілдіру.

Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды қолдану арқылы баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.Ойын барысында баланың көңіл - күйін, зейінін, әрекеттерін бақылап, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлануға, талдау жасауға үйреніп, танымдылық, шығармашалық қабілеттері шыңдалады.

Бағдарламаның басты мақсаты- балаларға қазіргі таңда маңызды мәселе болып отырған қарапайым математикалық ұғымды мектепке дейінгі ұйымнан бастап қалыптастыра отырып, ойын түрлері арқылы ақыл-ойы мен есте сақтау қабілетін жан-жақты дамыту.Бағдарламада әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны толық көрсетілген, әр тақырып бойынша сағат саны берілген.Бұл бағдарлама талапқа сай ересек топ балаларының жасына сәйкестендіріп құрылған.

Бағдарлама 5-6 жас аралығындағы топтарға арналған. Әр бөлімнің мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен сағат сандары көрсетілген.

Бағдарлама аптасына 1 сағаттан жылына 18 сағатқа құрылған.

Нұржанова М.Н., п.ғ.к., БаишевУниверситеті педагогика кафедрасының

аға оқытушысы

Тақырыптық жоспар

Тақырыбы

Сағат саны

1

«1 ден 5 ке дейін тура және кері санау»

1

2

«6-10-ға дейін тура және кері санауға үйрету

1

3

10-20-ға дейін тура және кері санауға үйрету.

1

4

«Геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау, Бұрыш тікбұрыш тіктөртбұрыш

1

5

«7 санымен таныстыру

1

6

«Ойнайық та ойлайық»

1

7

«Үздік логикалар»

1

8

«Ғажайып тапсырмаларға саяхат»

1

9

«Шаршықұрастыр» дидактикалықойыны»

1

10

«Логика сыры»

1

11

«Зейінді бол»

1

12

«Сиқырлы қорап»

1

13

«Кішкентай тапқырлар.»

1

14

«Біреу» және «көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.»

1

15

«Тапқыр болсаң тауып көр»

1

16

«Логикалық есептер сайысы»

1

17

«Айырмашылығын тап»

1

18

«Жұмбақ есеп санамақ »

1

Автор
Дата добавления 16.06.2021
Раздел Дошкольная
Подраздел Рабочая программа
Просмотров1200
Номер материала 6613
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.