Уроки математики / Другое / Рационал сандарды болуге есептер шыгару

Рационал сандарды болуге есептер шыгару

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: №62 мектеп-лицейі

Күні: 22.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова К.

Сынып:6в

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандарды бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.16 рационал сандарды бөлуді орындау;

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу,түсіну,қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу,таңбалары бірдей сандарды бөлу ережелерін біледі, түсінеді

Оқушылардың басым көпшілігі:

  • Рационал сандарды бөлу ережесін қолданып,бөлуге берілген өрнектің мәнін табады, өрнекті ықшамдайды

Кейбір оқушылар:

  • Рационал сандарды бөлу ережесін қолданып, мәтінді және күрделі есепті шешеді, бөлшектерді тиімді тәсілмен есептейді

Бағалау критерийі

  • Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу, таңбалары бірдей сандарды бөлу ережелерін біледі, түсінеді ;

  • Рационал сандарды бөлуге берілген өрнектің мәнін табады;

  • Мәтінді және күрделі есепті шешуде рационал сандарды бөлу ережесін ұтымды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • екі теріс санның бөліндісі туралы сипаттайды;

  • есептер шығаруда рационал сандарды бөлу амалының ережелерін түсініп қолданады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды бөлу

Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту үшін.......................

Санды 0-ге көбейткенде ........

Екі теріс санды көбейткенде ................

Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды .......... сандар деп атайды.

Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін..........

Натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу үшін.........

Теріс санды 0-ге көбейткенде....

Құндылықтарды баулу

ынтымақтастық, ашықтық,өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыс

математика

Алдыңғы оқу

6.1.2.15 рационал сандарды көбейтуді орындау;

6.1.2.17 рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Сыныпты ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу.

  2. «Таңбалар сөйлейді»

  3. 1 топ "Қосу"

  4. 2 топ "Азайту"

  5. 3 топ "Көбейту"

  6. 4 топ "Бөлу" бойынша топтарға жіктеу.

Өткен тақырып бойынша сұрақтар: Өткен сабақты қайталау мақсатында «Микрофон» әдісін қолданамын. «Микрофон » әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында сұрақтар қоямын.

1. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту үшін.......................

2.Санды 0-ге көбейткенде ........

3.Екі теріс санды көбейткенде ................

4.Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды .......... сандар деп атайды.

5.Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін..........

6.Натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу үшін.........

7.Теріс санды 0-ге көбейткенде....

8. Рационал сандарды қосу үшін...

9. Рационал сандарды азайту үшін...

10.Оң санды 0-ге көбейткенде...

(Шоколад монеталармен бағалаймын )

микрофон

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.Деңгейлік тапсырмалар

(Оқушылар тапсырмаларды топтасып орындайды)

Есептеңдер

Жауабы

В-деңгейі

3,8

В-деңгейі

1,2

В-деңгейі

-8

В-деңгейі

3,4

(Смайликпен бағалаймын)

(Жұптық жұмыс -Оқулықпен жұмыс)

«Ойыңды бөліс » әдісін қолданамын. Оқушылар отырған орындарында бір-бірін тексеріп, ақылдаса отырып есепті шығарып, қателерін түзеп отырады.

533(1)

533(2)

533(3)

533(4)

Өрнектің мәнін табыңдар:

1)(4а-7а): 0,6 ; мұндағы а- 8

2)(9,3в-1,5в): (-6),мұндағы в- 4

3) (2,1с-6с):(-1,3), мұндағы с -

4)(6,7д-9,5д) : (-7) ; мұндағы д - 2,5

Жауаптары:

1) -40

2) -5,2

3)1

4)1

ҚБ: «Цуперман таяқшасы» әдісі арқылы сағат тілімен көршісін бағалайды.

(Бәрі дұрыс болса, таяқшаны дәптердің қызыл жиегінің жоғарғы жағына қояды; аздаған қате болса, таяқшаны ортасына қояды; қатесі көп болса, таяқшаны төменге қояды).

"Бір қалам, бір қағаз" әдісі. Жеке жұмыс

Асхат ойлаған санын -7-ге көбейтіп, нәтижесіне 15,7 санын қосқанда қосынды -11,6-ға тең болды.Асхат қандай сан ойлады?

Шешуі: х-Асхаттың ойлаған саны;

х·(-7)+15,7=-11,6

х· (-7)=-11,6-15,7

х· (-7)=-27,3

х=-27,3:(-7)

х=3,9

Жауабы:Асхаттың ойлаған саны 3,9.

Дескриптор:

-есептің шартын оқып, теңдеу құрады;

-рационал сандарға амалдар орындайды;

-теңдеуді шешіп,түбірін табады.

Сергіту сәті: "Сен қаншалықты білесің" әдісі.

Мұғалім "оң сандарды" айтқан кезде қолдарын жоғары көтереді; "теріс сандарды" айтқан кезде қолдарын алдына созады; 0(нөл) дегенде бүйірін таянады.

Қалыптастырушы бағалау:

Мұғалім бағалауы «Меннен саған бір жұлдыз» әдісі.

Егер оқушының жұмысының бәрі дұрыс болса, мұғалім бір жұлдыз сыйлайды.

(-10,8) : (-3,6)= (-16,8) : 2,4=

53,4 : 6=

3

-7

8,9

31

Дескриптор:

-Теріс санды оң санға бөле алады;

-Оң санды теріс санға бөле алады;

-Теріс санды теріс санға бөле алады;

Плакат

Смайлик

6сынып оқулық

Атамұра баспасы.

Сабақтың соңы

Бағалау

Бағалау парағы оқушыларды арқылы бағалаймын

Рефлексия

«Мишень» әдісі.Бөліктерін толтырады.

Бағалау парағы

Кеспе қағаздар

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлық оқушылар топта бірлесе отырып жұмыстанады. Яғни бұндай жұмыс нәтижесінде өзара көмек жүзеге асырылады. Олар тақырып бойынша білімдерін толықтырады, өз ойларын айтады, бір-біріне көмектеседі, әрі бәсекелестік орта қалыптасады.

Сабақ барысында барлық оқушылыр үшін есепті шешу және бірін-бірі бағалауға мүмкіндік берілсе, басым бөлігі үшін оқушыларға жүптық жұмыста берілген есепті бірлесеп орындауға қабілетті оқушылардың көмегімен жүзеге асырылады. Сабақтың өткізу барысында тапсырмалар деңгейлеп жасаймын, кейбір оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беремін.

Сабақ бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Яғни топтар бір бірін бағалайды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындағанда оқушыларды жетелеу мақсатында дискрипторлар арқылы және өзім ауызша бағалау жүргіземін. Мақсатым оқушыларды алға қарай жетелеу. Сабақтың басында және соңында ББҮ кестесін толтырып кері байланыс және соңында Мишень әдісі бойынша рефлексия аламын.

Математика оқу кабинетінде тазалық пен қауіпсіздік ережесін сақтау.

Психологиялық ахуал орнату

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өзжоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққасабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Ол ұяшықтағыСіздің сабағыңыздыі тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да оқудыда ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Автор
Дата добавления 28.01.2019
Раздел Математика
Подраздел Другое
Просмотров2718
Номер материала 6087
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.