М.Әуезов атындағы орта мектеп Букеева А.Е. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мерзімі: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 5 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 5.1.2.5 натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | 1.Барлық оқушылар жұп және тақ цифрларды ажыратады, жұп және тақ сандарды біледі және 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды біледі 2. Кейбір оқушылар бөлінгіштікке байланысты мәтінді есептерді шығара алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Оқушы -жұп және тақ цифрларды ажырата алады. - натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін біледі -10,5 және 2 сандарына еселік сандарды анықтай алады; - ауызша есептеу жүргізе алады және есептеудің дұрыстығын тексере алады; - мәтінді есептер шығаруда натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Тілдік мақсат - бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды; Пәнге қатысты лексика мен терминология: - санның бөлгіші; - санның еселігі; - бөлінгіштік белгілері; - натурал санның цифрларының қосындысы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді; - егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралақ байланыс | Жаратылыстану, география. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, слайдтар, презентациялар. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Арифметикалық амалдардың компоненттерін білу: натурал сандарды бөлу және көбейту, жұп және тақ сандардың анықтамаларын үйрену. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Сабақтың басы. | Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару. 1.Сабақты «Көңіл-күй» тренингімен бастау. Оқушыларға үш көңіл-күй бейнеленген смаиликтер көрсетіледі. Мұғалім сабағымызды кайсы көніл-күймен бастаймыз деп сурайды. Оқушылар көңілді өте жақсы көңіл-күймен деп жауап береді де қолдарын үш рет шапалақтайды. | Смаилик карточкалар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысын тексеру 3-минут | 2. Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателерді түзету. Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау беру арқылы шешу.(Мұғалім қатар –қатар бойынша оқушылардың үй тапсырмасын орындарынан тексеру арқылы қателерін түзете отырып нұсқаулық беру.) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсатын қою 5 минут | 3.Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сұрақтары: (6 мин)
Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады.
Бағалау критерийлері оқушылармен талданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 28 минут 7 мин 5 мин 7 мин 2 мин | 4.Жаңа сабақ: Мұғалім оқушыларды топқа бөлу арқылы жаңа тақырыпты ашу үшін әр топқа жеке тапсырмалар беру арқылы тақырыпты ашу: Сандардың жазылулары бойынша , бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп атайды. 0,2,4,6 және 8 сандарымен аяқталған сан жұп сан деп аталады. 1,3,5,7 және 9 сандарымен аяқталған сан тақ сан деп аталады.
2 санына еселік сандар 2, 4, 6, 8, 9, 10, 12, 14, 16, 18, 20, ... 2 санына еселік сандардың жазылуы 0, 2, 4, 6, 8 цифрларының бірімен аяқталады Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді Мысалы: 18 : 2 = 9, 104 : 2 = 52, 1376 : 2 = 688 2-ге бөлінетін сандарды жұп сандар деп атайды 2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды.
5 санының еселік сандар: 5, 10 ,15, 20, 25, 30, 35, ... Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді Мысалы: 125 : 5 = 25. 220 : 5 = 44. 1000 : 5 = 200
Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді Мысалы: 30: 10 = 3. 120 : 10 = 12. 1070 : 10 = 107
Жаңа тақырыпты игеру кезінде өзін – өзі бағалау іске асырылады. Жасыл – дұрыс, қызыл – дұрыс емес. Бір топтан бір оқушы өзіндік жұмыс орындағандағы алған қорытындысын айтады. Егер басқа оқушылар сол тұжырыммен келіссе жасылды көрсетеді, егер келіспесе - қызыл белгішені көтереді. 5.ТОП № 1. «Зерделілер» (Қызыл түс) 2 бөлінгіштік белгісі Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 2-ге бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма? Болады екен. 2 бөлінгіштік белгісі: Егер сан 0, 2, 4, 6, 8 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 2-ге бөлінеді. Мысалы: 106 саны 2-ге бөлінеді, себебі 6 цифрымен аяқталған. Тапсырма: мына сандар қатарынан 2-ге бөлінетін сандарды теріп жазыңыз: 15, 18, 205, 1000, 16, 124, 203, 500, 802, 746.
ТОП № 2. «Ойшылдар» (Көк түс) 5 бөлінгіштік белгісі Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 5-ке бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма? Болады екен. 5 бөлінгіштік белгісі: Егер сан 0 және 5 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 5-ке бөлінеді. Мысалы:155 саны 5-ке бөлінеді, өйткені 5 цифрымен аяқталған. 485 саны 5-ке бөлінеді, өйткені 5 цифрымен аяқталған. Тапсырма: мына сандар қатарынан 5-ке бөлінетін сандарды теріп жазыңыз: 15, 18, 205, 1000, 16, 124, 205, 500, 802, 745.
ТОП № 3. «Тапқырлар» (Сары түс) 10 бөлінгіштік белгісі Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 10-ға бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма? Болады екен. 10 бөлінгіштік белгісі: Егер сан 0 цифрымен аяқталса, онда ол сан 10-ға бөлінеді. Мысалы:300 саны 10-ға бөлінеді, өйткені 0 цифрымен аяқталған. 485 саны 10-ға бөлінбейді, себебі 0 цифрымен аяқталмаған. Тапсырма: мына сандар қатарынан 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңыз: 150, 10, 205, 1000, 161, 22010, 124, 2050, 500, 802, 745.
Оқушылар презентациядағы 4-10 слайдтар бойынша ауызша есептеу тапсырмаларын орындайды, есептеуін тексереді. Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек». Әр топтан бір оқушы тақтаға есептің шығарылуын жазады. Қалған оқушы бағалайды. Өзін-өзі бағалау Сергіту сәті: «Арқаға сурет салу» 6.Жұптық жұмыс-Оқулықпен жұмыс. Оқушылар жұпта төмендегі есептерді шығарады. Одан кейін жауап парақтарын көрші жұппен ауыстырып жауаптарын салыстырады.
Дискриптор:1. Жұп және тақ сандарды ажырата алады. 2.Жұп және тақ сандарды бір жолдан екінші жолға теріп жазуды біледі. № 607
Дискриптор: 1.Жұлдызшаның орнына тиісті сандарды қоя алады. 2. Жұлдызшаның орнына сан қою арқылы 2-ге бөлінетін, 5-ке бөлінетін, 10-ға бөлінетін сандарды таба алады. 6.Есептің сұрағы бойынша дұрыс қорытынды жасайды. 7. Шығармашылық жұмыс 180 и 810 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ = 1620); 270 и 720 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ = 2160); 360 и 630 (ЕҮОБ= 90, ЕКОЕ = 2520); 450 и 540 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ= 2700). Дикрипторы:
Формативті бағалау: Жазбаша түрде кері байланыс. Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру | үлестірме Математика 5 Математика 5 Математика 5 Математика 5 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | 8 . Рефлексия: Сабақты қорытындылау және әрбір оқушының өз іс-әрекетін және өз деңгейін бағалау мақсатында «Бір сөйлем» әдісімен рефлексия өткіздім.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау | ҚТ және денсаулық | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады 2.Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. 3. Жоғары ( шығармашылық) деңгей, шығармашылық элементтерден құралған тапсырмаларды орындаудан тұрады. Мұндай салыстыру, талдау,қорытынды жасау сондай-ақ шығармашылық ойлауды талап ететін қиындығы жоғары тапсырмаларды шешу кезінде берілген мәселенің бірегей шешімдерін табу кезінде оқушыларға тапсырманың тек сипаттамасы ғана берілсе, оларды шешу әдістерін өздері табады. 4. Оқушылардың алға ұмтылуына мұғалімнің де ықпалы бар:оқушылар алдына мәселе қойып,белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабаққа қызықтыруы олардың өздеріне жоғары мақсат белгілеп, жетуіне бағыттайды. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау. Жұптар бір-бірін бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек» Бүгінгі күннің сәтті тұстары Мен үшін жаңалық болды. Берер ұсынысым: | Жарықтың жеткілікті болуы,сынып бөлмесінің талапқа сай болуы керек. Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын. АКТ-ны қолдануда қауіпсіздік ережесін сақтау. |
Автор |
|
---|---|
Дата добавления | 28.02.2018 |
Раздел | Математика |
Подраздел | Конспект урока |
Просмотров | 10181 |
Номер материала | 5417 |
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |