Уроки математики / Другое / 2, 3, 4, 5 сандарының құрамы.

2, 3, 4, 5 сандарының құрамы.

Мад «б». Тәрбиеші Сисенова Толқын

Білім беру саласы: Таным.

Оқу іс-әрекеті: Математика.

Тақырыбы: 2, 3, 4, 5 сандарының құрамы.

Мақсаты: Балаларды 5 көлеміндегі сандар құрамымен таныстыру. Ойлау, есептеу дағдыларын қалыптастыру.Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Іс – әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы кезең

Балалардың оқу құралдарын тексеріп, сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдарын шығарып, ретке келтіреді.

Ұйымдастырушылық -ізденушілік кезең

Әліппе – дәптермен жұмыс.

І – тапсырма.

- Суретке қараңдар, онда не бейнеленген?

- Топтарға бөліңдер.

- Берілген жағдайға қандай жазбалар сәйкес келеді? Мысалы: ілгіште 2 күрте және 3 пальто ілініп тұр. Күрте мен пальтоны қосқанда барлығы 5 киім. 2+3 = 5

4+1 = 5 2+2 = 4 2+1 = 3

ІІ – тапсырма.

2 және 3 сандар құрамымен үйлер берілген. 2, 3 қандай

сандардан тұрады?

Сергіту сәті: .Бала, бала, балақай,

Қол соғайық, алақай!

Бiр,екi,үш деп айтайық,

Саусақтарды тартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып, ойнайық.

ІІІ – тапсырма.

4 моншақты 2 қорапқа әртүрлі етіп салу. Заттарды цифрлармен сәйкестендіру.

2+2 = 4

1+3 = 4

VІ – тапсырма.

Кеңістік туралы ұғымдарын дамытуға арналған тапсырма. «Төменде, ортасында, жоғарыда» ұғымдарын еске түсіру.

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»

Әліппе – дәптерлерін ашып, берілген тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап беріп, сандар құрамымен танысады.

Сергіту сәтін қимылмен көрсетіп орындайды.

Моншақтарды қорапқа орналастырады.

Тасырманы орындайды.

Ойынға белсенділікпен қатысып отырады.

Рефлексивті - түзетуші кезең

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Сабақты сұрақ-жауап әдісімен қорытындылау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар өзара оқу – іс әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: 2 және 3 сандарының құрамымен танысты.

Түсінігі: қосу, азайту амалдары туралы түсінді.

Жасай білуі: дәптерге таза жаза білді.

Автор
Дата добавления 07.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Другое
Просмотров516
Номер материала 2485
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.