Похожие материалы
Уроки математики / Научная работа / 6-СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТАҚТА ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

6-СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТАҚТА ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

6-СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТАҚТА ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Түйін

Бiлiм саласындағы мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасында: “Бұл саланы реформалаудың стратегиялық нысаны мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениетi биiк адамдардың жаңа легiн, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкершiлiкпен қарай бiлетiн, бiлiктiлiгi жоғары мамандарды қалыптастыру идеясы болуға тиiс” – деп көрсетiлген болатын. Елiмiздегi бiлiм жүйесi дүниежүзiлiк бiлiм кеңiстiгiне кiрiге бастауына байланысты, бiлiм мазмұнының мақсатты компоненттерi өзгертiлуде, оқушының оқу белсендiлiгiн жекелеген ұғымдарды игеруден бастап өз бетiмен жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыруға дейiн дамыта оқыту жолдары қарастырылуда.

Осы арқылы оқушының жаңа тәжiрибенi қабылдауға әзiрлiк; әрбiр жаңа жағдайға байланысты iс-әрекеттердi дұрыс орындай алу; әрбiр орындалған iс-әрекеттiң мақсатын айқындай отырып, орындалған iс-әрекеттер тiзбегiнiң дұрыстығына көз жеткiзу; қоршаған ортаның математикалық сипатын түсiну; көзқарастар мен тұжырымдардың көпбейнелiлiгiне түсiнiстiкпен қарау; өз пiкiрiн тұжырымдап қорғай алу; өз қызметiн өткен кезең тәжiрибелерiн ескере отырып, орындалатын тапсырмаға бағдарлай алу түрiндегi жалпы қасиеттерге ие болуына қол жеткiзiлуi тиiс. Әрине, мұндай математикалық бiлiм беру үшiн оқыту теориясы мен әдiстемесiн жетiлдіру қажет. Жұмыстың келесі бөлімінде негізгі мектептің 6-сынып математика пәнінің «Жазықтықтағы түзулер және олардың орналасуы» тақырыбын оқытуда компьютерлік технология құралдарының бірі ретінде интербелсенді тақта құралдарын қолдану әдістемесін келтіріп, оны пайдалануды ұсынып отырмыз.

Abstract

The Advantage of using such programs is a individualization of the process of the fastening the educational material and controlling the assimilation of the knowledge. After explaining the given tasks to ofter the students to work with the training program. Then, the teacher sends the tasks to network. The first student, who sent task to the main computer a right answer, shows the decision on the board or on the projector. It is possible to show the decision through the epiprojector in his notebook. The rest of students get the possibility to compare their decisions trough the epiprojector in his notebook. The rest of students get possibility to compare their decisions with right variant and decide how to solve the tasks. So for fastening the gained knowledge we will need a local-area network and screen facilities of the education epiprojector and etc. Controlling the assimilation of the knowledge is also possible by means of training program.

Кілттік сөздер: педагогика, мектеп, ақпараттық технология, әдіс, әдістеме, оқыту, үлес

Keywords: pedagogica, school, Information technologies, method, method’s, education, role

Республикамызда орын алып отырған әлеуметтiк-экономикалық бағыттар және жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресс, қазiргi заман талабына сай математиканы оқыту мен тәрбиелеу проблемасы, оқыту мақсатын, мазмұнын, түрiн, әдiстерiн қайта қарап, оқу үдерісiне көптеген өзгерiстер енгiзудi қажет етедi. Біз математиканы оқытуда интербелсенді тақта құралдарын тиімді қолдану арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесін қарастырдық.

Сабақтың тақырыбы: §35. Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүкте салу.

Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі; 2) Сабақтың өтілуі:

Жаңа сабақ (276-278 бет)

1-сурет. Сабақтың тірек-сызбасы.

Сабақтың тірек-сызбасында көрсетілгендей 7 іс-әрекет орындалады:

1. Теориялық материал түсіндіріледі; 2. Практикалық материалдар бөлімінде мысалдар келтіріледі; 3. Тарихи деректерден мәлімет келтіріледі; 4. Үш деңгейлі тапсырмалар орындалады;

5. Ойын түріндегі есептерді шығару; 6. Үйге тапсырма беру; 7. Қорытындылау үшін тест қабылдау.

Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталар бойынша нүктені салу қарастырылады. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіре келе интербелсенді тақта құралдарын қолданып, төмендегі іс-әрекеттерді орындайды.

2-сурет. Сабақтың теориялық материалдары.

Координаталар жүйесіне түсінік беріледі.

3-сурет. Сабақтың практикалық материалдары.

4-сурет. Сабақтың практикалық материалдары.

Тапсырма: Координаталық жазықтықтан Е (x,y), F (x,y), L(x,y), K (x,y) нүктелерін тауып, оны интербелсенді тақтадағы өшіргіш құралымен жасырылған координаталық нүктелерді өшіреді. Сөйтіп табылған координаталық нүктелерді ашып көрсетеді.

5-сурет. Сандар жұбын әріптермен алмастырып, биылғы жыл атауын шығарады.

Мысалы, (-1;4) – бұл «Б» әрпі, (-5;6) – бұл «А» әрпі, (-7;-3) – бұл «Р» әрпі,

(3;3) – бұл «Ы» әрпі, (1;-4) – бұл «С» әрпі, нәтижеде «БАРЫС» қазақша жыл атауы шықты. Дәл осылайша орысша «ТИГР» сөзін де шығару керек, яғни (-4;2) – бұл «Т» әрпі, (-7;3) – бұл «И» әрпі, (7;0) – бұл «Г» әрпі, (-7;-3) – бұл «Р» әрпі. Осылайша ағылшынша жыл атауын табыңдар деп, оқушыларға өзіндік жұмыс беруге болады.

6-сурет. Сабақтың практикалық материалдары.

7-сурет. Нүктелердің координаталарын табу арқылы, аңды бейнелеп көрсетуге болады. Бұл тапсырма оқушыларға қосымша балл (Бонус) жинау үшін керек.

8-сурет. Егер нүктелерді дұрыс құрастырса, онда экрада бейнеленген аң-құстардың бейнелері шығады.

9-сурет. Мұнда «Нысана көздеу ойыны» деп аталатын ойын түріндегі есеп берілген. Берілген аң-құстарды атып, яғни олардың коордианаталық нүктелерін дұрыс тауып, балл жинайды.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды қояды:

1. Координаталар жүйесі қалай құрылады?

2. Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай аталады?

3. Координаталық жазақтықта берілген нүктенің координаталары қалай табылады?

4. Координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны қалай анықталады?

Қорытындылау. Мұғалім оқушылардың білімдерін бағалау үшін сұрақ қоюмен қатар арнайы құрылған тест тапсырмасын компьютер көмегімен қабылдайды. Өтілген тақырыпты бекітуге тест сұрақтары жасалған.

Әдебиеттер

References

1 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Жалпы орта білім. –Алматы: РОНД, 2010.-368 б.

2.Ә.Қ.Бүркіт. Оқу-тәрбие үдерісінде интербелсенді тақта құралдарын қолдану әдістемесі. –Б.225-228. Шымкент, 2016.

3.Ә.Қ.Бүркіт. Оқу-тәрбие үдерісінде заманауи ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану әдістемесі. –Б.705-707. Шымкент, 2015

4.Ә.Қ.Бүркіт, Ж.Қ.Нұрматова. Жай тақтадан – интербелсенді тақтаға дейін... –Б.255-256. Астана, 2016.

5. Т.Алдамұратова. Жалпы орта мектептің 5,6 – сыныптың математика оқулықтары. Астана, 2009. – 55 б.

6 Б.Баймұханов, А.К.Казешев, С.А.Соколова, А.Исабаева, Г.Нұрғалиева, А.Тәжіғұлова, Л.Шарабко, Д.Исабеков, Т.Ермакова. Электрондық оқулық. 6-сынып. Алматы, 2009.

7 Karpova T.N. Demonstrative education mathematician as efficient process of the shaping the mathematics knowledge of pupils. YAroslavil, 1993 pp.13-14.

8 Safronova N.V. The Theory and methods of teaching the information science. Moscow ‘High school’ 2004., pp. 99-100.

9 Burkit A. Using the new technologies in mathematics. Shymkent, Kazakhstan, 2002., pp 158-161.

Автор
Дата добавления 26.11.2016
Раздел Математика
Подраздел Научная работа
Просмотров966
Номер материала 1323
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.