Уроки математики / Конспект урока / Ұстаздық қызмет - ұлы құрмет!

Ұстаздық қызмет - ұлы құрмет!

« Ұстаздық қызмет – ұлы құрмет! »

Ұстаз - ұлағатты ұғым.
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі -Ұстаз. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

«Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші ұстаз атамнан алған тәлім тәрбие, әжемнен алған өнеге – бәрі де менің ұстаздық болмысымның нық қалыптасуына үлкен үлесін қосты деп ойлаймын. Ол кісі әр кез менің ұстаздық болмысымның қалыптасуына дем беріп, менің өміріммен педагогикалық өмірімді ұштастырған тірегім еді. Балалық шағымнан менің үлгі тұтатын адамым - атам.

Менің атам Әбілдікұлы Бисенғали 45 жыл математика мұғалімі болған ардагер ұстаз. Атам 1937 жылы Долгиде туылды. Атырау ( Гурьев) ПИ-ның математика факультетін бітірген. Жармыш орта мектебінде 10 жыл оқу ісінің меңгерушісі, 1969 жылдан бастап Жанғабылов ( Тұщықұдық) мектебінде 8 жыл, Онды орта мектебінде 10 жыл директор қызметін атқарған. Облыс және аудан оқу бөлімі мақтау қағаздары, 1973 жылы «Соцолист жеңімпазы», «Ағарту ісі озаты», «Ауданның Құрметті азаматы», «Маңғыстау мұнайына 50 жыл, Ақтау қаласына 40 жыл» төс белгілерімен марапатталған ардагер ұстаз.

Ол кісіге қарап мұғалім болуды армандадым және сол арманыма бүгінде қол жеткіздім. Мен Әбілдікова Индира Қаршығақызы Жармыш орта мектебінде математика пәні бойынша қызмет атқарудамын. Жетістіктерім өте көп. Қай жерде жүрсемде атам аты аталса, ол кісінің еңбегін бағалайтын, елең етпейтін адам жоқ екенін біліп мақтанамын . Ал менің жадымда атам бала жастан жаныма - жалау, өміріме - сүйеніш бола білген, азаматтық қалыптасуыма зор ықпалын тигізген Үлкен Дос болып қала береді.


Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылы, Жармыш орта мектебі.

Математика пәні мұғалімі: Әбілдікова Индира Қаршығақызы

Автор
Дата добавления 24.02.2018
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров151
Номер материала 5389
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.