Уроки математики / Конспект урока / Төртбұрыштар тарауын қайталау . 8-сынып

Төртбұрыштар тарауын қайталау . 8-сынып

Сынып 8 Пән геометрия Күн:

Тақырыбы: Төртбұрыштар тарауын қайталау

Мақсаты: 1) Төртбұрыштар тарауын қайталауға есептер шығару, білімдерін жүйелеу;

2)Төртбұрыштар анықтамасын, қасиеттерін есептер шығаруда қолдану машығын дамыту;

3) Өз бетімен ізденіске, бір-біріне көмек көрсете білуге, ойын ашық айта білуге баулу;

Сабақ типі: білімді бекіту.

Сабақ түрі: білім мен дағдыны қорытндылау, жүйелеу сабағы.

Әдісі: тәжірибелік, талдау, жинақтау.

Көрнекіліктер: таратпалы карточкалар.

Қолданылатын стратегиялар: ой толғаныс, топтастыру, семантикалық карта.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Мағынаны ажырату.

  3. Семантикалық картамен жұмыс.

  4. Сабақты қорыту, білім бағалау.

  5. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 4-5 оқушыдан топқа бөліп, сабақтың құрылымы мен мазмұны туралы түсінік беру, кеспелі фигуралардан таңдап топ атауларын анықтау.

  1. Мағынаны ажырату.

  1. Тарау бойынша қайталау.

Плакатқа әр топ аттарына байланысты білетіндерін тірек-сызба түрінде жазып, топ басшысы қорғайды.

Топ аттары: тік төртбұрыш, параллелограмм, ромб, квадрат.

  1. Есептер шығару

Әр топ 2 тапсырмадан алып, бір топ мүшесі тақтаға орындайды.

1. Тік төртбұрыштың периметрі 36 см , ұзындығы 12 см болса, енін табыңыз.

2. Параллелограмның бір қабырғасы 3 см , ал екінші қабырғасы одан 5 см артық , периметрін тап.

3. Ромбының қабырғасы 15 см, периметрін табыңыз.

4 . Квадраттың периметрі 48 см, қабырғасын табыңыз.

5. Тік төртбұрыштың АС лиагоналы 12 см, АО кесіндісі неге тең?

6. Паралелограмның бір бұрышы 720 – қа тең , қалған бұрыштарын табыңдар.

  1. Семантикалық картамен жұмыс.

Барлық топқа семантикалық карта таратылып беріледі , топ болып орындап өткізеді.

:

Параллелограмм

Тіктөрбұрыш

Ромб

Квадрат

Қарама-қарсы қабырғалары тең

+

+

+

+

Барлық қабырғалары тең

+

+

Қарама-қарсы бұрыштары тең

+

+

+

+

Барлық бұрыштары тең

+

+

Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді

+

+

+

+

Диагональдары тең

+

+

Диагональдары перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы болып табылады

+

+

  1. Сабақты қорыту.

Топ басшылары топ мүшелерін сабаққа қатысуына қарап бағалайды.

  1. Үйге тапсырма беру.

Тарау бойынша қайталау, № есептерді шығару.

Автор
Дата добавления 30.05.2017
Раздел Геометрия
Подраздел Конспект урока
Просмотров565
Номер материала 4173
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.