Уроки математики / Другое / Авторлық бағдарлама математикадан таңдау пәні

Авторлық бағдарлама математикадан таңдау пәні

Бекітемін: Келісемін:

«Тоқсансай» жалпы орта Аудандық білім бөлімінің

мектебінің директоры: бастауыш сынып әдіскері:

-------------------------Ү С Алтыбай ---------------- Г Молжігіт

« 29 » тамыз 2017

Курстың атауы:

Логика әлемі

Авторлық бағдарлама

(Мектеп компоненті)

4 - сынып

ОҚО, Ордабасы ауданы,

«Тоқсансай» жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Торғаутова Майра

2017 - 2018 оқу жыл

Түсінік хат 
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін (назар аудару, есте сақтау, қабылдау, байқағыштық, елестеу, ойлау т.б) дамыту оқу процесінде маңызды орын алады. Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған. 
Бастауыш сыныптарда ұсынылып отырған «Логика әлемі» курсының бағдарламасы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптатыру мақсатында жүргізіледі. Логика курсының басқа пәндерден айырмашылығы сыныптан тыс факультативтік сабақ ретінде 34 сағат аптасына 1 сағат сабақтың ұзақтығы 40 минутқа есептелген. Логика курсының бағдарламасы авторы Жаманғараева Н Ә «Математика 105 сабақ» жұмыс дәптері негізінде жасалған. 
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық танымдылық қабілеттері мен білім-білік дағдылары қалыптасады. 
Курстың шығармашылық ізденіс тапсырмалары мазмұны мен құрлымы жағынан жан жақты ұйымдастыруға мүмкідіктұғызады. Танымдық қасиеттері мен білім білік дағдыларын қалыптастырады. Бұл курстық жүйенің ерекшелігі- негізгі оқу материалдарынан тыс, баланың мүмкіндіктерін ашып, жеке тқлға ретінде дамуына әсері мол. 
Оқу құралындағы тапсырмалар балалардың өз бетінше логикалық іздену әрекеттеріне негізделген жаттығулардан тұрады. Құрылған апсырмалар мазмұны жағынан бір біріне ұқсамайды. Осындай жаттығулар орындау барысында өз пікірін ортаға салып дәлелдеуге, қиын жағдайда жол тауып шығуға, жеке шешім қабылдауға үйренеді. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Сөйтіп олар өздерінің дамуында көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен белсенділіктері арттады. 
Әр сабақтан соң өз беттерінше орындаған жұмыстары бағаланады. Баламен жұмыс жасау кезінде, оның сенімін арттырып, тұрақтылық пен мақсатына жете білуіне үйрету қажет. Мұнда маңызды роль қолдау сөздер.
Логика - қисынды ойлау десек, оның бірнеше түрі бар.
Оқушыларға бүгінгі сабағымыздың тақырыбы логикалық тапсырмалар екендігін хабарлап, «логика» сөзінің мағынасын ашып, түсіндіріп өтемін. Гректің «легос», сөйлеу, түсіндіру; «логос» ойлау, ақыл ой, деген сөзінен шыққан. Логика - дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс тәсілдері қаралатын ғылыми теориялар жиынтығы.
1. Ауызша ойлау. Бұл ойлауда қабілеті дамыған адамдар ақпаратты тез қабылдайды
2. Эмоционалдық ойлау. Сезгіштік яғни өмірде біршама табыстарға қол жеткізеді.
3. Шығармашылық ойлау. Бұл ойлау түрлерінде қиялды пайдаланады. Мысалы: ақындар, өлең шығарушылар.
4. Математикалық ойлау. Жақсы дамыған сандық ойлаулар. Мысалы Вундеркин балалар күрделі есептерді шығарады.
5. Ойлаудың кеңдігі. Түрлі жағдайларды ойша елестету
.
Бағдарламаның мақсаты:

Оқушылардың танымдық қызушылығы мен ақыл ой деңгейін қалыптастыру. Оқушыларды оқу курсының мазмұны арқылы пайымдау, шығармашылық тұрғысынан ойлау, өз беттерінше шешім қабылдап, қорытынлды жасауға бейімдеу. Оқушылардың игерген білімдерін күнделікті өмірде пайдалана отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру 
Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу үйрету және тәрбиелеу 
Бағдарламаның міндеті

Өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру оқушының интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту, негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту, 
өз пікірін айту, талдау және оны дәлелдеу арқылы тілін дамытып, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру 
Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу 
Ұсынып отырған бағдарламаның мазмұны:

  • Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес;

  • Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай;

  • Қоршаған ортаның, математикалық экономиканың әдет-ғұрып элементтерін пайдалануға мүмкіндіктерін береді.

  • Есептер мен оларды шешудің әдістері: жай есептерге сәйкес амалды анықтау және оны негіздеп беру; құрама есептің жоспарын құру; экономикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу; логикалық есепті арифметикалық жіне алгебралық тәсілдермен шығару

Берілген тапсырмалардың міндеті – оқушылардың ой-өрісін, тілі мен сөйлеуін 3 бағытта дамыту: логикалық, жаңалық ашуы, шығармашылық.

Сонымен қатар сабақтағы экономикалық тапсырмалар олардың психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, мектеп бағдарламасында алған білімдерін толықтырады.

Логика әлемі курсының жылдық жоспары

Барлығы 34 сағат

Сабақтың тақырыбтары

Сағат саны

Мерзімі

1

Натурал сандарды қосу, азайту. Кім жүйрік? ойыны

1

2

Натурал сандарды көбейту бөлу.

Логикалық есептер.

1

3

Өрнектер. Санды өрнектер.

1

4

Айнымалысы бар өрнектер. Математикалық фокустар.

1

5

Теңдік пен теңсіздік. Теңдеулер. Тест №1

1

6

Құрылымы күрделі теңдеулер.

1

7

Геометриялық фигуралар.

Математикалық диктант №1

1

8

Тік төртбұрыштың, үшбұрыштың периметрін, ауданын табу. Өзіндік жұмыс.

1

9

Көпбұрыштар.

1

10

Бұрыш және оның түрлері. Формулалар.

1

11

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі.

Логикалық сұрақтар.

1

12

Қалдықпен бөлудің формуласы.

1

13

Уақыт, өлшем бірліктері. Ауызша есеп № 1

1

14

Ұзындық өлшем бірліктері.

1

15

Масса өлшем бірліктері. Марафон ойыны.

1

16

Сыйымдылық. Баспалдақ ойыны

1

17

Қашықтық. Жылдамдық. Уақыт.

1

18

Сандарға және шамаларға қолданылатын амалдар

1

19

Екі таңбалы санға көбейту және бөлу.

1

20

Үш таңбалы саға көбейту және бөлу.

Математикалық диктант

1

21

Көп таңбалы сандар. Блиц-турнир. Өзіндік жұмыс.

1

22

Нөлмен аяқталатын санға көбейту және бөлу. Логикалық тапсырмалар.

1

23

Үлестер және оларды салыстыру.

1

24

Теңдеу және оны шешу.

1

25

Санамақ. Есептер шығару.

1

26

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Ауызша есеп

1

27

Микроколкуляторды пайдаланып, есептеулер жүргізу

1

28

Көбейтудің терімділік қасиеті.

1

29

Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.

1

30

Егіннің түсімділігі,ауданы, өнім массасы арасындағы тәуелділік. Ауызша есеп.

1

31

Математикалық ойындар. Топтық тапсырмалар. Блиц-турнир.

1

32

Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс. Топтық сайыс.

1

33

Бірінен –бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс

1

34

Білімді тиянақтау. Қорытынды сабақ.

1

Оқушының білім деңгейіне қойылатын талаптар

- өрнектердің мәндерін табу кезінде 2-3 амалдан тұратын жақшамен және жақшасыз берілген арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін қолдана білуі тиіс;

- ; үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды, үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша қосу және азайтуды орындай алуы қажет;

- санның бөлігін (үлесін) және бөлігі (үлесі) бойынша санды таба алуы тиіс;

- бір-үш амалға берілген есептерді, оның ішінде шамалар (баға, саны, құны, бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса, бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығаруы тиіс;

- сандарды еселік және айырымдылық салыстыруды, ережелерін қолдана алуы тиіс;

- арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шығаруы тиіс;

- тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеуі тиіс;

- текшенің көлемін және бірнеше текшеден тұратын фигураның көлемін табуы тиіс;

- екі әрпі бар өрнектің мәнін таба алуы; геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілей алуды және ол әріптерді дұрыс оқи алуы қажет

Қорытынды

«Логика әлемі» - бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақ. Баланың шығармашылық шеберлігін бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып, бір жүйеге келтіру қажет.

Берілген құрал бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл – ой деңгейін қалыптастырады. Ұсынылған құралмен жұмыс жасау кезінде баланың бойындағы қорқыныш пен «қате жасап қоямын – ау» деген мазасыз ойлар төмендейді де, сенімділік пен тұрақтылық дамиды.

4 сыныптың бұл курсында әдіс – тәсілдерді ұйымдастыру жоғары деңгейде болуы қажет. Тәжірибелік өзіндік жұмыстар баланың ойлау қабілетіне, бақылау жұмыстарына, соенымен қатар оның танымдық белсенділігінің артуына бағытталады. Бұл тапсырмаларды орындау барысында ең алдымен, жеткілікті көлем, жүйелілік және мақсаттылық болады.

Тапсырмалар баға қоюға емес, оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті логикалық тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Яғни, назар аудару, елестетеу, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасайды.

Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір – біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой – өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдылққа, ойын дәлелдеуге де үйретеді, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы. «Келешек-2030» баспасы ЖШС,2010 Илиясов С Т

2. Тестер жинағы. Алматы. «Өнер» 2005 баспасы. А. Адамбаев

3.Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде. «Шикула» баспасы 2003

4. «Самұрық» Математикалық зияткерлік сайысына байланысты берілген есептер. Бейсеков Ж

5. Математика 105 сабақ. 4-сынып. Жаманғараева Н

6. Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау: Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған факултативтік курс Шымкент 2014 ж Бейсеков Ж

7. Ә.Тұрғынбаев «Логика» Алматы «Білім» 2004 ж 
8. Е.Шаханов «Логикалық жаттығулар жинағы» Астана 1999ж 

Автор
Дата добавления 10.01.2018
Раздел Начальная
Подраздел Другое
Просмотров463
Номер материала 5119
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.