Уроки математики / Конспект урока / Число 8 (планирование) 0 класс

Число 8 (планирование) 0 класс

Пәні: математика Күні:

Тақырыбы : 8 саны

Мақсаты :

Білімділік : Сан және цифр туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру . Сандарды тура және кері санауға , сандар көршісін дұрыс  атауға , кеңістікті бағдарлай білуді жетілдіру,санды сала білу  дағдыларын қалыптастыру .

Логикалық есептер арқылы қызығушылықтарын арттыру, жеке жұмыс жасай білуге баулу.Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа , берілген сұраққа нақты  байланыстырып айта білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Суреттер , сандар, үлестірмелі құралдар , бейне таспа арқылы  логикалық  есептер , әліппе дәптер,жәй карандаш,пішіндер,әдемі сандық тапсырмаларымен.

Сабақтың барысы :

Балалар шеңбер құрып тұрады .

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Серсенбінің сәті.

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Кері санамақ:

Бөрік  тіктім, Бес рет санап,

Он ойланып, Төрт түйме қадап,

Тоғыз  толғанып, Үш тал үкі тағып,

Сегіз рет сызып, Екі қолым талып,

Жеті рет бұзып, Бір бөрікті тіктім,

Алты рет қарап Әзер біттім.

Өткен сабақты қайталау. 

Жеті саны киелі,

Жұрттың бәрі біледі.

Жеті жасқа жеткендер,

Жығылмай-ақ жүреді?.

 Балалар , біздер алдыңғы  оқу-іс әрекетімізде  қандай санмен танысқан едік ?

Балалардың жауабы.

Кім маған 1 – ден 7– ге дейін тура , кері санап береді ?

Логикалық есеп.

Бестен төртті алайық,

Қанша қалды қарайық?

Қарайық та санайық?

Санайық та табайық?(1)

Арманда бар бес іні.

Нұрланда бар екі іні,

Қосындысын балақай,

Айта ғойшы мүдірмей?(7)

Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналды  алты есек,

Үшеуі ұйықтап отырды,

Ынталасты неше есек?(3).

Дәптермен жұмыс :

Балалар , алдымыздағы әліппе дәптеріміздегі 8 саны тұрған

бетті ашайық.

1-тапсырма: Суретке қарап,қандай заттар бейнеленгендігін атату. Заттарды екі топқа бөлгізу. Заттар тобын атату, неше алма,машина,мойын орағыш, текше санату.Цифрды  заттар тобымен  сәйкестендіру.Ыдыс 4, машина1, алма 7, теннис шары 1, карындаш 5, орамал 6, текше 8, желім 3, ракетка 2.

Нәтижесін жаздыру.

2-тапсырма: Қандай сандардан 8 және 5 сандарын алуға болады? 8 санының құрамы.8 санын сандардан құрастырып жаздыру.

Сергіту сәті :  

Кәне-кәне тұрайық,

Үлкен  шеңбер құрайық.

Оң жақтағы көршіге,

Сол жақтағы көршіге,

Күлімсіреп қарайық.

Қолды биікке созайық,

Бір-бірімізден озайық

Құшақтасып әркезде.

Тату-тәтті болайық.

Балалар ,  енді назарларыңды тақтаға  аударыңыздар.

7 санының ішінде  бірлік неше рет кездеседі?

Балалардың жауабы.

7 бірлікке 1 бірлікті қосқанда неше бірлік болады ?

Балалардың жауабы:8 бірлік  болады.

8 саны қандай саннан кейін тұрады ?

Балалардың жауабы:-7санынан кейін тұрады.

7ден кейін 8 санының цифрын қояды .

Міне бүгінгі біздің танысатын жаңа санымыз 8 саны .

7 санынан кейін жолақшаға 8 санынан кейін қоямыз .

1 , 2 бала тура , кері санайды .

3-тапсырма.Әр сөреде неше қыш құмыра барын сана.Пішіні бірдей қыш құмыраларды көрсет.Құмыраларды қандай топқа және қандай белгілері бойынша бөлуге болады?

Сөреге қандай қыш құмыра қою керек?Жапсырмадан  тиісті құмыраны алып жапсырту.

4-тапсырма: 8 санын үзік сызықтарды қосу арқылы жаздыру.

Қуыршақтарды бояту.

Қорытынды: 8 саны неше бірліктен тұрады .

Балалардың: жауабы тыңдалады.

4+4 қосқанда неше болады екен?

Балалардың жауабы тыңдалады.

Автор
Дата добавления 24.01.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров726
Номер материала 1924
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.