Уроки математики / Другое / Кенбай орта мектеп шағын топ тәрбиешісі : Сартаева Жанар Елемесовна "Бір және көп, көп заттарды салыстыру"

Кенбай орта мектеп шағын топ тәрбиешісі : Сартаева Жанар Елемесовна "Бір және көп, көп заттарды салыстыру"

Ортаңғы топқа арналған

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің

Технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным».

Тақырыбы: Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату Үлкен және кіші. Шеңбер (өзге фигуралардың арасынан табу)

Бөлімі: ҚМТҚ.

Мақсаты: заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысықтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу); шеңбердің де әр түрі болатынын түсіндіру

Үлестірмелі материалдар: бос жолағы бар 2 карточка, үлкен шаршысы немесе шеңбері бар 3 тәрелке, 4 кіші тәрелке, жинақ полотносы (материал).

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

«Жұмбақтар және олардың шешуі» ойыны.

Педагог балаларға жұмбақтар жасырады.

Тікен-тікен, тік пісте

Қысы-жазы бір т

Көк жиекті шай табақта

Алтын алма тербелер.

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа, мақта, пернелер.

Қалпағы бар,

Басы жоқ.

Қолы да жоқ,

Шашы жоқ.

Сыңар аяқ «көкеңнің»

Ойлан, тап, не екенін.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Шырша.

Күн.

Саңырауқұлақ.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Дәптермен жұмыс.

Педагог1-тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды.

- Суретте ен көп бейнеленген қандай зат?

- Бір-бірден салынған заттың аты қандай?

- Бір-бірден салынған заттарды бояп шығыңдар.

Педагог балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) салыстыруды ұсынады.

2-тапсырма «Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады. Педагог дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол «салыңдар».

Педагог балалардан «Жолды қалай

Салыңдар?» деп сұрайды.

Сергіту минуты

Оңға қарай иілдік,

Солға иілдік,

Бір отырып, бір тұрып,

Бәріміз бір сергідік.

3-тапсырма 1 және 2 затты

санауға байланысты берілген.

Педагог балаларға сұрақ қояды.

- Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?

- Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?

- Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?

Педагог балаларға заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.

3-тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Бұл орамның пішіні –

Бауырсақтың да мүсіні.

Кішірейтсек біз мұны,

Шығады тоқаш наны боп. Ол не?

- Барлық шеңберлерді бояңдар.

- Неше шенбер боядыңдар?

- Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?

Осы жерде педагог шеңбердің көлемінің әртүрлі болатынын балалардың есіне салады.

Балалар сұрақтарға жауап береді: шырша бүрі, кірпі, Күн, саңырауқұлақ, шырша. Балалар Күнді, саңырауқұлақ пен шыршаны бояйды.

Балалар үлкен шәйнек пен үлкен кесені, ал кішкентай шәйнек пен кішкентай кесені сызық арқылы қосады.

Балалар өлең мәтініне сай жаттығулар жасайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тақия аз, киіз үй көп. Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар жұмбақтарды шешеді (дөңгелек), шеңберлерді бояйды және педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Тапсырманы орындайды.

Шеңбер.

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Өзін-өзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады. Педагог балаларға 1-тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады. Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгімен салыстырады. Егер баланың жұмысы үлгіге сәйкес келетін болса, ол төменгі оң жақ бұрышына кішкентай жасыл шеңбер, бір қате болса - сары шеңбер, ал егер қате көп болса - қызыл шеңбер сызады. Бұл бағдаршамның түстері: жасыл түс - бәрі дұрыс деген сөз, яғни келесі бетке өте беруге болады; сары түс - кішкене мұқияттау болу керек; қызыл түс - кейбір тапсырмаларды қайтадан орындау қажет. Педагог балаларға осыны түсіндіреді.

Содан соң педагог бүлдіршіндерге тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеруді тапсырады. Ал өзі ауызша нұсқау береді:

1. Сендер саңырауқұлақ, күн мен шыршаны бояуларың керек.

2. Үлкен шәйнекті үлкен кесемен, кіші шәйнекті кішкентай кесемен қосуларың керек.

3. Тақиялар мен киіз үйлерді бір-біріне қосу керек.

Күтілетін нәтиже:

біледі: бір зат пен көп затты бір-бірінен ажырата алуды;

игереді: 2 көлеміндегі заттарды санай білуді; солдан оңға санап, сандарды ретімен атауы және сан есімді зат есіммен сәйкестендіруді; өзіне таныс заттарды көлеміне (үлкен, кіші) қарай салыстырып, оларды сол белгілері бойынша біріктіруді;

меңгереді: екі топтағы заттарды салыстыруды.

Автор
Дата добавления 14.01.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Другое
Просмотров631
Номер материала 1708
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.