Похожие материалы
Уроки математики / Конспект урока / "Формулалар" тақырыбында 5 класс. Қысқа мерзімді жоспар

"Формулалар" тақырыбында 5 класс. Қысқа мерзімді жоспар

Ақтөбе қаласы, №51 гимназия.

Жумабаева Умит Жолымбетовна

Математика-информатика пәнінің мұғалімі

Математика

5 класс

Сабақ тақырыбы:

Формулалар

Жалпы мақсат:

Оқушыларға тік төртбұрыштың және квадраттың периметрі мен ауданының формуласын және жолдың формуласын меңгерту.

Сілтеме:

  • 5 класқа арналған оқулық

  • Дидактикалық материалдар

Оқу нәтижесі:

А) Оқушылар тік төртбұрыштың және квадраттың ауданын таба алады;

В) Оқушылар тік төртбұрыштың және квадраттың периметрін таба алады;

С) Жолдың формуласын пайдаланып есептер шығара алады.

Сабақта қолданыла-

тын материалдар:

«Кубизм» әдісі, оқулықтар, бағалау парағы

Оқыту әдістері:

Түсіндірмелі, иллюстративті, көрнекілік, сұрақ-жауап

Дерек көздері:

  • Оқулық

Тапсырмалар:

Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру бөлімі,

(3 мин)

Оқушылармен амандасамын. Оқушыларды түгелдеп, құрал-жабдықтарын тексеремін.

Оқушыларға смайликтер таратып, 6 топқа бөлемін. Әр топ топ басшыларын сайлайды және бағалау парағын таратамын.

Мұғаліммен амандасып, класта жоқ оқушыларды тексеріп, айтады. Топқа бөлініп орындарына отырады.

Үй тапсырмасын тексеру. ( мин )

Үйге берілген есептерді тақтада орындатып тексеремін. (2 оқушыға )

Тақтаға есептерді шығарады. Қалғандары тексереді

Тұсау кесер бөлімі

Қандай формулаларды білесіңдер? Ассоциация жасатамын

Осылайша жаңа тақырыпты ашып аламын.

Жаңа тақырып

Формулалар

Математикада ережелер әріптері бар теңдіктермен жазылады. Мұндай жағдайда ережені формуламен жазылған дейміз.

І. Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы.

Тік төртбұрыштың периметрі оның ұзындығы мен енінің 2 еселенген қосындысына тең. Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы:

Р=2а+2b немесе Р=2(а+b)

Мұндағы Р – тік төртбұрыштың периметрі, а – ұзындығы, b – ені.

Тік төртбұрыштың ауданы оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең.

S=ab

Мұндағы S – тік төртбұрыштың ауданы.

ІІ. Квадраттың ауданы мен периметрінің формуласы.

Мұндағы S – тік төртбұрыштың ауданы.

ІІІ. Жолдың формуласы.

Жол жылдамдықтың қозғалыс уақытына көбейтіндісіне тең. Жолдың формуласы:

s=vt

мұндағы s – жол (жүрілген жолдың ұзындығы), v - жылдамдық, t - уақыт.

Оқулықпен тәжірибелік жұмыс

(11 мин)

Кубизм әдісі бойынша оқушыларға кубтағы сандарға байланысты 6 топқа есептер беріледі.

Оқушылар есепті жеке , жұппен және топпен шығарады.

Сергіту сәті.

(2 мин)

Жаттығу жасау

Бейнероликке қарап, жаттығуды жасайды

Бекіту (8 мин)

  1. Тік төртбұрыштың периметрі қалай табылады?

  2. Тік төртбұрыштың ауданы қалай табылады?

  3. Квадрат дегеніміз не?

  4. Квадраттың ауданының формуласы неге тең?

  5. Квадраттың ауданын қалай табамыз?

  6. Жүрілген жолдың ұзындығы неге тең?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырмасын беру

(2 мин)

есептер

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

(2 мин)

Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің)

Бір - біріне баға береді

Рефлексия

(3 мин )

«Post-it» әдісі арқылы кері байланыс аламын.

Автор
Дата добавления 02.12.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспект урока
Просмотров221
Номер материала 1390

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.