Уроки математики / Конспект урока / Кеңістікті бағдарлау. Үстінде, астында.

Кеңістікті бағдарлау. Үстінде, астында.

Сабақтың тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау. Үстінде, астында.

Сабақтың мақсаты:

  1. Айналадағы заттардың орналасуын үстінде, астында түсіндіру.

  2. Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, кеңістікті қабылдауын дамыту.

  3. Ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге, өз ойларын жеткізе білуге машықтандыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.

Көрнекі-құралдар: үлестірмелі құралдар, суреттер, тақта, бор.

I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару. Кеңістікті бағдарлай алу туралы түсініктерін қалыптастыру. Заттардың кеңістікте үстінде және астында орналасу орнын анықтау, ажырата білуге үйрету. Заттардың қай жерде, қалай орналасқанын сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі.

Суреттер көрсету.

Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Деніміз сау болсын!

III. Жаңа сабақ. Кеңістікті бағдарлай алу туралы түсініктерін қалыптастыру. Заттардың кеңістікте үстінде және астында орналасу орнын анықтау, ажырата білуге үйрету. Суреттер көрсету. Сондай-ақ сыныпта шкафтың ішіндегі заттардың қалай орналасқаны туралы сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі. Мысалы: - Кітап қай жерде орналасқан ? – Кітап шкафтың ішінде үстіндегі сөреде орналасқан.

-Ермексаз қай жерде орналасқан ?-Ермексаз шкафтың астындағы сөреде орналасқан.

IY.Сергіту сәті:    Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.  

Тапсырма: Геометриялық фигураларды орын орнына қойып, қалай орналасқанын көрсетіп, айтып беру.      

II апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару. Суреттер көрсету.

Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!

Көк туымыз биік болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Деніміз сау болсын!

«Доппен ойнау» Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту. Көрнекілік: доп. Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады.

«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.

2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.

Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.

IY.Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.    

III апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбер: Ойыншықпенен денеміз,

Шынығамыз өсеміз.

Жылдан жылға бір жылға,

Үлкен болып өсеміз.

«Тез ойла»

Мақсаты: 1.Балалардың заттарды көрсетіп салыстыру, үстінде, астында деген түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.

Көрнекілік: ойыншықтар, заттар.

Барысы: Мұғалім балаға сөренің үстінде, астында қандай заттар, ойыншықтар тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

IY.Сергіту сәті:  Шапалақта қолыңды,

Жай- жай – жай! Міне, былай!

Шапалақта қолыңды,

Тез - тез – тез! Тез - тез –тез!

Алға қарай адымда,

Жай - жай – жай! Міне, былай!  

       Жолыңнан еш жаңылма,

Тез -тез – тез! Тез - тез – тез!

IY апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Қуан, шаттан,алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қызықты өтсін бүгінгі күн!

Кеңістікті бағдарлай алу туралы түсініктерін қалыптастыру. Заттардың кеңістікте үстінде және астында орналасу орнын анықтау, ажырата білуге үйрету. Заттардың қай жерде, қалай орналасқанын сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі.

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Оң, сол, үстінде, астында,алдында,артында ұғымдарын бекіту.

Көрнекіліктер: ойыншықтар, суреттер.

Ойынның мазмұны: Мұғалім ойыншықтарды шкафтың, үстелдің әр жеріне қояды.

Оң, сол, астында, үстінде, алдында, артында деген ұғымдарды пайдалана отырып балалар жауап береді.

IY.Сергіту сәті:  Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып

Көкке қолды созамыз

V. Бекіту.

Ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.

Суреттегі заттардың орналасқан орнын айту үстінде, астында, алдында, артында сөздерін қолдану.Есте сақтау қабілетін арттыру.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.

Автор
Дата добавления 08.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров1279
Номер материала 2508
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.