Уроки математики / Конспект урока / Конспект занятия по математике "Занимательная математика"

Конспект занятия по математике "Занимательная математика"

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ауызша есептеудің ерекше жағдайымен-толық жүздікке дейін толықтыруды,жүздіктен азайту тәсілдерін қайталау,өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау, оларды есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.

Сабақтың түрі:пысықтау

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,есептеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру.Үйге берілген 5 есепті тексеру,кемшіліктері болса түзету.

- Бүгінгі сабағымызды өткенді пысықтау мақсатында математика еліне саяхат жасаймыз.

- Бұл сабақ "Бауырсақ "ертегісінің желісінде өтеді.

- Ал, қанеки, көңіл-күйлеріңіз қалай? Саяхатқа дайынбыз ба?

- Қане "Бауырсақ" ертегісін еске түсіріп көрейікші.

(1 оқушы мазмұнын айтады).

Математикалық диктант.

40 пен 27-нің қосындысы;20 мен 19-дың қосындысы;

55 пен 33-тің айырмасы;80 мен 44-тің айырмасы;

41 мен 19-дың қосындысы;73 пен 27-нің қосындысы.

Балаларды үш топқа бөлу

1 топ: Алғырлар

2 топ: Тапқырлар

3 топ: Зеректер

Бауырсақ орманда келе жатса, алдынан қоян шығады. Қоян бауырсақты жемес үшін, оған тапсырма береді.Біз баурсақты құтқару үшін оған көмектесейік.

1.Есептеп, дұрыстығын тексер:

90-39; 100-84; 8дм 1см+19см;

70-52; 56+14; 4дм-26см;

2.Қай санда 5 ондық, ал бірлігі 2-ге кем?

53; 52; 48;

3.Артығын тап:

а) 5,10,11,15,20 ; ә) 40,30,19,20,70; б) 12,16,34,13,18;

Бауырсақ қоянның тапсырмасын орындап, орманда келе жатса,алдынан аю шығады. Аю да оған тапсырма береді. Біз бауырсақты құтқару үшін оған көмектесейік.

1.100-(25+35); (63+17)-17; 8+43+12+17;

96-(50+16); (63+17)-53 ; 16+32+14+8

2.Есеп бойынша өрнек құрастыр:

а)Бірінші бригадада k жұмысшы бар, ал екінші бригадада бірінші бригадаға қарағанда m жұмысшы кем. Екі бригадада неше жұмысшы бар?

ә)Балалар аққала жасады. Бірінші топ а аққала, екінші топ оларға қарағанда аққала артық жасады. Балалар барлығы неше аққала жасады?

б)Сырғанақта b бала шанамен және с бала шаңғымен сырғанады а бала үйлеріне кетіп қалды. Неше бала қалды?

3.Жұмбақ есептер:

Дүкеннен кеп сабын алдым,оның және қабын алдым,15дәптер,3 қарындаш,есептеші сонда бәрі қанша болды сонда бәрі?

Бір-бірімен жарысқан 10 аю,15 арыстан.3 қоян,12 түлкі бәрі нешеу кім білді?

75 асықтың үшеуін досың сұрап алды.Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалды?

Енді бауырсақ қасқырға кезікті. Қасқыр да бауырсаққа тапсырмалар берді.

- Балалар бауырсаққа көмектесеміз ба?

- Иә(хормен)

1. Кім бірінші? 143 бет, №4-жаттығу.

2. Қатені тап!

20+30=50 33+42=65 72+28=90

90-17=73 25+50=75 34+34=68

92-12=89 72-62=8 80-15=75

82-80=7 37+11=52 72-22=52

73-70=3 80-5=75 28+11=53

3. Жануарлар қай үйде тұрады?

72 85 100 35 63

62+38; 100-65 ; 100-37; 52+33; 100-28;

-Міне,бауырсақ түлкіге кезікті. Түлкі бауырсаққа тапсырмалар берді. Бауырсақты құтқару үшін оған көмектесейік.

1. Мақал - мәтел.

2. Логикалық есептер:

а)Пойыз 12 вагоннан тұрады. Марат пойыздың алдыңғы жағынан санағанда алтыншы вагонға отырды. Асқар пойыздың арт жағынан санағанда алтыншы вагонға отырды.Екеуі бір вагонға отырды ма?

б)Айгүл өзен жағалауында жүріп:4 үйрек,2қаз,қоңыз,4 көбелек және көршінің итін көрді.Айгүл қанша құс көрді?

в)Аулада иттер мен тауықтар жүрді. Барлығы 10 аяқ. Аулада қанша ит және қанша тауық жүруі мүмкін?Жауаптың неше нұсқасы бар?

-Балалар,біз бауырсаққа берілген тапсырмаларды орындауға көмектестік ,сендерге рахмет!

Сабақты қортындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Автор
Дата добавления 16.06.2021
Раздел Дошкольная
Подраздел Конспект урока
Просмотров903
Номер материала 6614
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.