Уроки математики / Рабочая программа / ҚМҰҚ оқу іс-әрекеті тақырыбы:"1,2,3,4 цифрлары туралы өткенді пысықтау"

ҚМҰҚ оқу іс-әрекеті тақырыбы:"1,2,3,4 цифрлары туралы өткенді пысықтау"

Ұйымдастырылғын оқу әрекетінің технологиялық картасы № 14

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі:Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Тақырыбы: 1,2,3,4 цифрлары туралы өткенді пысықтау.Солға,оңға. Мақсаты4 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау,1,2,3,4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру, үшбұрыш,тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау,айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигуралар пішіндес заттарды таба білуге үйрету, өзіне қатысты тұрғыда заттың орналасуын (cолға,оңға)анықтау және сөзбен баяндау.Алдын ала жұргізілетін жұмыс:Cанамақтарды айтқызу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік,түсіндіру.Қостілдік құрам:бір – один, екі – два, үш – три, төрт – четыре.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педогогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

«Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы,

Педогог үстелге 1-ден 10-ға дейінгі сандарды орналастырады.Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып,ол туралы тақпақ айтып беруін өтінеді.

Балалар цифрды табады және тақпақ оқиды.

Бұл-1 цифры...

Бұл-2деген цифр...

Бұл-3 деген цифр...

Ұйымдастырушы-лық ізденіс кезеңі

1-тапсырма.

Педогог балалардан шаршыларда қандай сан жазылғанын сұрайды.Сол жақтағы шаршының ішіндегі цифр нешені білдірсе,сонша тақия мен етік салып шығуға тапсырма береді.

4 цифры туралы өленді айтып берулерін сұрайды.

2-тапсырма.

Пелогог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.

-Шыршаны қандай геометриялық фигуралардан құралған?

-Шыршаны құрап тұрған геометриялық фигураларды бояндар.

«Санамақ».Серігіту сәті.

Бір,екі,үш,төрт

Жиналамыз бәріміз.

Бір,екі,үш,төрт,

Секіреміз бәріміз.

Бір,екі,үш,төрт,

Отырамыз бәріміз.

3-тапсырма.

Сурет бойынша барлық балаларды санауды тапсырады.Жасырынып тұрған балаларға да назарларын аудару керек.Содан соң сонша дөңгелекті бояйды.

4-тапсырма.

4 жолдың ішінде қандай фигуралар бар екенін айтады.Жолақтың ішіндегі фигураларды орналасуына қарай салыстырады.Екі бірдей жолақты бір-бірімен сызық арқылы қосады.

Балалар сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды.

4 цифры.

Балалар өлең оқиды.

Білек күші тасыған,төрт күрескер ағаң.Қолын қойып беліне,Шаршамайды ешқашан.Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді.

Үш үшбұрыш және бір тіктөртбұрыш.Балалар жаттығулар орындайды.Екі аяқтап алға қарай секіреді.Бір орында тұрып секіреді.Отырады.Қолдарын жан-жаққа созады.

Балалар барлығы 4 бала бар екенін айтып,4 дөңгелекті бояйды.

Екі бірдей жолақты қосып,оның бірдей екендігін дәлелдейді.

Рефлексивті- түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Балалар,сендер қандай цифрлар туралы тақпақ айтып едіңдер?

-Шыршаны қандай геометриялық фигуралардан құрастырдындар.

Педагог балаларды ҰОІӘ-не белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын педогогтің қолындағы үлгімен салыстырады.1,2,3,4 цифрлары туралы.Үшбұрыштар мен тіктөртбұрыштан.

Күтілетін нәтиже:

Білу: 4 санымен цифры туралы біледі.

Игереді:1,2,3,4 цифрларын заттың санымен салыстыруды,айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигураларды табуды игереді.Меңгеру:заттың орналасқан орнын анықтауды (солға, оңға үшбұрыш,тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигураларды тани білуді меңгереді.

Автор
Дата добавления 15.02.2017
Раздел Дошкольная
Подраздел Рабочая программа
Просмотров354
Номер материала 2665
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.