Уроки математики / Статья / Мақала "Жаңа технология сабақта"

Мақала "Жаңа технология сабақта"

Жаңа технология сабақта

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л. С Выготский теорияларын басшылыққа алады.

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеаларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарас тармен тепе-теңдікте ұстап зертеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау –сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тәндеп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы керек:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру уақыт керек.

  2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  4. үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану.

  5. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Көрнекті психолог Л.С.Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономорев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. ¤йткені әрбір жаңалық, әсіресә интелектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өзқабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады.

Автор
Дата добавления 25.02.2017
Раздел Алгебра
Подраздел Статья
Просмотров748
Номер материала 3079
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.