Уроки математики / Конспект урока / Математика "Массаны қалай өлшейміз?" 1 сынып

Математика "Массаны қалай өлшейміз?" 1 сынып

Қысқа мерзімді жоспар Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Пәні: Математика

Мектеп: «Шолаққорған» жалпы орта мектебі

Күні: 26.10.2016ж

Мұғалім Н.Базарбаева

Сынып: 1 «А»

Қатысқаны:26

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Массаны қалай өлшейміз?

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

Бағдарламаға сілтеме:

Сандар мен амалдарды орындау

1.1.3.1 Ұзындық, масса, сыйымдылық және олардың өлшем бірліктер(см, дм, кг, л) туралы түсінігі болу және салыстыру

1.1.3.5 Өлшем бірліктері және құралдарды таңдау арқылы ұзындық/масса/сыйымдылықты анықтау және іс әрекетін түсіндіру

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Шамалар туралы және олардың өлшем бірліктері ,салмақ өлшем бірлігі \кг\ туралы түсінігі болады және салмақты салыстырады. Салмақ өлшеу үшін бірлік пен құрал таңдайды,өз әрекетін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар:

Табақшалы таразыларды пайдаланып кір тастарымен өлшейді.

Кейбір оқушылар:

Белгілі- бір салмақтағы заттарды кір тастармен, литрмен өлшейді және салыстыра алады. 00000000000000000

.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өлшеу алгоритмін жасай алады,салмақ өлшейтін құрал таңдай алады.

Пәндік лексика және терменология :

Салмақ,таразы,килограмм,өлшеу

Жазба жұмысына қажетт5і пайдалы тіркестердің топтамасы.

Талқылау:

Заттардың салмағын көз мөлшерімен өлшеуге неліктен болмайтынын айта аласың ба?

Заттардың салмағын қалай өлшейтінін түсіндіре аласың ба?

Салмақ өлшеу барысын қайдан көрдіңдер?

Атаулы сандармен есептеулер жаз

Алдыңғы сабақ

Ұзындық шамасы ,1-10-ға дейінгі сандарды, жұп және тақ сандар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы (0-6мин.)

0-1 минут

1-2 минут

3-6 минут

Психологиялық дайындық.

Балалар бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше болмақ.Себебі бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Олар біздің сабаққа деген ынтамызды, ойымызды,тәртібімізді қадағалап отырады.Сондай-ақ бүгінгі сабақты тек мен ғана емес, сонымен қатар сендер де білгендеріңді ортаға салып отырыңдар. Сонымен қатар біз мынадай ережелерді мұқият сақтауымыз керек.

1.Уақытты тиімді пайдалану.

2.Сыныптарыңның ойын жеткізуіне кедергі жасамау.

3.Тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысу.

Қайырлы күн,достар!

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестіктер болсын!!!

Өткенді пысықтау.

Жұптық жұмыс. Тест

Дескриптор

1.Оқушы жұппен жұмыс жасай алады.

2.Геометриялық фигураларды ажырата алады.

Ұзындық туралы білетінімізді қайталайық

  • Ұзындықты қалай өлшейді?

  • Қандай құрал пайдаланамыз?

  • Сызғыш.

Қызығушылықты ояту

Күнделікті өмірде қандай дәрумендерді пайдаланасыңдар?

Дәрумендердің денсаулыққа пайдасы бар ма?

  • Көкөністер қайда өседі?

  • Жемістер ше?

АКТ қолдану

үлестірмелі қағаздар

Ортасы 7-24 мин

7-10 мин

11-16 мин

17-20 мин

21-24

Мақсат қою

Электронды оқулықты пайдалану арқылы жаңа сабаққа түсінік беру.

Екі бірдей қорап немесе екі бірдей ыдысты салыстыруға ұсыну.Олардың біреуіне ауыр зат салынады, екіншісі бос қалады.

Екі ыдыс туралы не айтуға болады?

Бірдей

Екеуін көтеріп көрсетуді ұсынамын.

Біреуі ауыр.

Қандай шама туралы айтпақшымыз?

Масса немесе салмақ

Массаны қалай өлшейтінін білеміз бе?

Қандай өлшем бірліктер қажет?

Масса бірлігі- килограмм

Есте сақта!

1.Масса килограммен өлшенеді.

2. «килограмм» қысқаша «кг» деп белгіленеді.

Таразылар туралы мағлұмат беру

Таразыны пайдаланып конфетті өлшеп көру \тәжірибе\

Тағы қандай заттарды өлшеуге болады?

Топтық жұмыс

1-топ Ұзындық өлшем бірлігі арқылы топтағы оқушылардың бойларын өлшейді, салыстырады.

2-топ Салмақтарын өлшейді, салыстырады.

3-топ Таразыға азық-түліктерді салыстырып көреді.

дескриптор:

  1. Заттарды өлшей алады.

  2. Өлшем бірліктерін ажырата алады.

Дәптермен жұмыс

Қалыптастырушы бағалау

Оқушы ,оқу мақсатына жетті:

Заттардың массаларын өсу ретімен орналастыра отырып, ең үлкен, ең кіші масса өлшем бірлігін ажыратады

2кг 6 кг 8 кг 10кг 15кг 20кг

дескриптор:

1.Заттарды өсу ретімен орналастырады.

2.ең үлкен, ең кіші өлшем бірлігін ажыратады.

Электронды оқулық

«iMektep»

Оқулықпен жұмыс

таразылар, өлшейтін заттар

жұмыс дәптері

Бірін- бірі бағдаршам көздері арқылы бағалау

Соңы

(30-35 мин.)

-Бүгінгі сабағымызда қандай өлшем бірлікпен таныстық?

-Масса өлшем бірліктері қалай аталады?

-Қандай құралдарды пайдаланамыз?

Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында бағдаршам көздерін пайдаланамын.

Толық түсінсе- жасыл

Жартылай түсінсе-сары

Мүлдем түсінбесе-қызыл түстерін көтеру арқылы анықтаймын.

Қосымша мәліметтер

Дифференциация

Масса өлшем бірліктері қалай аталады?

Бағалау.

Оқушылар сабақ соңында:

-заттың массасы ұғымын түсінеді;

-заттарды массасы бойынша салыстыруды меңгереді;

Пәндік байланыстар:

Өнер, сауат ашу пәндерімен т.б.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай

ауытқулар болды ма, неліктен?

Автор
Дата добавления 18.12.2016
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров1780
Номер материала 1619
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.