Уроки математики / Конспект урока / Математикадан қысқа мерзімді жоспар "Екі-екіден сана"

Математикадан қысқа мерзімді жоспар "Екі-екіден сана"

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 Абөлім: «Сандар және заңдылықтар»

Мектеп: Белес ЖОБМ балабақшасы

Күні: 7.12.2016ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Гайсина Дамели Бактыгалиевна

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі-екіден сана

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау;

20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтар мен

100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды.

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды санаудың ерекше түрі — екі-екіден санаумен таныстыру. Өмірдегі заттардың жұппен болуын көрсету, жұппен берілген заттарды екіден санатып жаттықтыру.

Жетістік критерийлері

Заттарды екіден санағанда қолайлы заттарды таңдай алады.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздерді үш тілде айтып үйренеді.

Жұппен санау, тақ сандар, жұп сандар, екіден санау.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерімен байланыс орнады. Заттарды санау арқылы АКТ, дүниетану, ғылымға кіріспе сабағымен байланыс орнады.

АКТ қолдану дағдылары

Санау нәтижесін презентация арқылы танысып біледі.

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылар көңілді шеңберге жиналады.

Оқушылардың зейінін тұрақтандыру. Сабаққа дайындығын бақылау.

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Керемет!

-Сабақ дайындықтарың қалай?

-Тамаша!

-Ынталарыңыз қалай?

-Ғажап!

(Ұ) Ойын: сыныпты екі топқа бөлу. 1 топтағы оқушыларға 1 цифрын беремін, ал екінші топтағы оқушыларға 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды таратып беру. Бүгін барлық оқушылар сандар балына баратындықтарын хабарлаймын. Музыка ойналады, алдымен сандар бір-бірден билейді.

  • Бұл қандай сандар? ( бір таңбалы сандар)

Енді жұппен билеуді ұсынамын . Әрбір 1 цифрын ұстаған оқушы өзіне жұп табады.

  • Енді қандай сандар билеп жүр? (екі таңбалы сандар)

Енді сандарды ретімен тұруды сұраймын.

Тақтада «Ондықтар» және «Бірліктер» деген жазулар болады. Кез- келген жұпты шақырып ,әрқайсысын сандардың астына бөлініп тұруын сұраймын. Осылай жалғастыру арқылы балалар 20-ға дейінгі сандарды разрядтарға жіктейді. Тұрған жерлерінде сандар өз көршілерін анықтайды. Мұғалім кез-келген санды атайды, оқушылар сол санның оң жағы мен сол жағындағы сандарды атайды.

(ҚБ) -Балалар бүгін сандар балында сендер өте жақсы биледіңдер, өз жұптарыңды дұрыс таптыңдар, оны разрядтарға жіктедіңдер. Сендерге көп рахмет.

-Сендер қалай биледіңдер?

-Екі-екіден.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұны немесе жұп деп атайды.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бүгін сендер екі-екіден санап үйренесіңдер.

(Ұ) Сынып бөлмесіндегі заттарды зерттеу. Екі-екіден санауды қолданады.

Қане, есімізге түсірейікші. Қанеки, сыныпта қандай жұп заттар бар?

Басбармақ арқылы көрсетеді.

Музыка.

Сандар жазылған карточкалар, сан қатары.

Сабақтың ортасы

10мин

20мин

Балалар, заттарды қалай санауға болады?

Бір оқушыны шығарып дәптерді санату.

Басқаша қалай санауға болады?

Екіден санау тәсілін көрсету.

Жинаулы дәптерлерді екіден санау.

Қандай тиімділігі бар екен?

Олай болса, сыныптағы парталарды екіден санаңдаршы.

Сыныптағы орындықтарды екіден санау.

Осылайша екі екіден санауға болады.Бұлай санауды жұппен санау деп атайды.

(Ұ) оқулықпен жұмыс

1.Би жарысқа неше жұп биші қатысты. Екі-екіден сана. Барлық қатысушылар саны қанша?

2.Барлығы неше дөңгелек бар?

Суреттегі велосипедтердің дөңгелегін қалай тез санауға болады?

Шығарып көр

Суретте неше қоңыз, неше көбелек бар? Екі-екіден сана. Неше жұп болады?

Ойлан!

Аяқ киіміне қарап, қанша бала суға түсуге келгенін сана.

Орындап көр. Сыныпта қандай заттар көп. Оларды екі-екіден сана.Неше жұп пайда болды?

Жұмыс дәптері.

Әр қоянда екі сәбізден бар? Қояндарда барлығы неше сәбіз бар?

«Баспалдақ» әдісі арқылы бағалау.

(Т) Неше жұп шұлық бар? Қиылған шұлықтарды жұптап желімдеу.

1топ Моншақтар тізбегін екі-екіден әр түрлі түске боя. Неше жұп шықты?

2 топ Жұп заттарды қызыл түспен қорша.

3 топ Жұп заттарды боя

4 топ Жұп сандарды қорша

Оқулық, жұмыс дәптері.

Дидактикалық материалдар

Сабақтың соңы

5мин

(Ж/Ө,Қ)

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Оқу мақсаты: 1.1.1.5.20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура
және кері санау;

Ойлау дағдыларының деңгейі:
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
20 көлемінде 2-ден топтап тура және кері
санайды.
2, 4, 6, 8, 10 затты тең бөліп, жартысын табады.
1 -тапсырма
Бишілерді екі-екіден топтап санаңыз және санын жазыңыз. Екі-екіден топтап кері
санап көріңіз.
Дескриптор: Білім алушы - екі-екіден топтап тура санайды және санды жазады; - екі-екіден топтап кері санайды.

-Бүгін не үйрендік?

-Екі-екіден санауды.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, сыйлыққа білім кілтін ұсыну.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Заттарды жұппен санауда қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету.

Заттарды жұппен санауды бақылау арқылы бағалау. Киналатын оқушыларды жазып алу.

Сергіту сәттерін өткізу.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ барысында оқушылар, оқу мақсатына сай, біліммен қамтамасыз етілді. Жоспарға сай

сабақ кезеңдері сәтті өтті. Оқушылар сынып бөлмесіндегі заттарды қолдана отырып, заттарды екі-екіден санау тәсілін толық меңгерді. Мұның қорытындысы ретінде оқушылардан алынған қалыптастыру бағалау жұмысының нәтижесін айтуға болады.

2: Бірлесе құрастырылған сабақ жоспарының тиімділігін айтуға болады.

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Уақытты үнемді пайдалануды басшылыққа алу.

2: Оқушылардың топпен жұмысын жандандыру

Автор
Дата добавления 23.10.2017
Раздел Начальная
Подраздел Конспект урока
Просмотров46
Номер материала 4706
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.